Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.
Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,мектепалды даярлық тобының «Біз мектепкебарамыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Әрбір жанүяға береке,бірлік,бақыт тілей отырып,ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Олай болса кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алайық! (Музыка ырғағымен балалар ортаға шығады )
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салайық. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Алғашқы құттықтау сөзібастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Тұрарова Лаура Жеткізгенқызына беріледі.
Ертеңгілік 6 кезеңнен тұрады
М:-Балалар ,біздің Республикамыз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)
-Қазақстан Республикамыздың Презіденті кім?(Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы)
-Біз қай ауылда тұрамыз?(Қызан ауылы)
-Қай мектепте оқисыңдар? (Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп)
Әнұран орындалады.
М: -Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.Желбіреген көк байрағы,айбынды Елтаңбасы,асқақтаған Әнұраны бар.
-Мемлекеттік рәміздер туралы не білесіңдер?
1.Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілді
Ортада аспан әлемі
2. Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
3.Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Білігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам
2-кезең «Біз мектепке барамыз»
М:- Білім ошағы –мектеп. Білім –теңіз,мектеп-кеме.Бүгін тарыдай болып келгендеріңмен,ертең –ақ осы мектептен таудай болып шығуларыңа тілектеспін.Білім мен өнер жиып үлкен азамат болатындарыңа сенемін.
-Мектеп туралы не білеміз?
Көпбол:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым
Мен мектепке барамын
Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын табамыз
Даярлықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпен
Біріншіге барамыз
Жаман бала бүлдіреді
Жақсы бала күлдіреді
Жұмысқа да,сабаққа да
Дер кезінде үлгереді
3-кезең : «Кітап-білім бұлағы»
М:-Балалар кітапты оқи отырып,адамның ішкі рухани ,жан дүниесі артады.айналадағы өмірмен ,табиғатпен,адамның еңбегімен ,құрбы-құрдастарымен танысып,жақсы болуға,жақсылық іс істеуге жол сілтейтін кітап екен.Олай болса кітап туралы не білеміз?
Қажыкелді:
Мен де кітап аламын
Мен де оқуға барамын
«Жаман бала»дегізбей
Жақсы оқитын боламыз
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып,ән жаттап
Оқып,жазып үйрендік
4-кезең « Ойнаймыз,ойлаймыз»
Қызықты есептер «Шешуін кім табады»
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы8)
2.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10 )
3.Құмырсқалар еңбекшіл
Үйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу, санап шық (9)
4.Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой
Екі қой қайта алғаным
Айтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-2
5.Мама вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды? (10)
6.Ағашта отыр 8 құс Оның ішінде 6 торғай,қалғаны қарға
Сонда неше қарға?
7.10 саны- тура және кері санау
Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)
– Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма Сауат ашу сабағынан
ІІ тапсырма Математика сабағынан.
І тапсырма
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
– Дауыссыз дыбыстарды ше?
– Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
Буындардан сөз құра
КЕ-МЕ АЛ-ҒА
КІР-ПІ ҚО-ЯН
КЕ-СЕ МА-ШИ-НА
II тапсырма
– 1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
– Берілген фигураларды атаңдар?
6-кезең «Өнерлі бала сүйкімді»
Қыздарды кім сүймеген.
Күміс көмей қыздарға,
Кімдер басын имеген – демекші қыздар тобының орындауында «Бипыл» биін тамашалайық.
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз
Шаттық жыр шалқысын.
Аққу қаздар, сұлу қыздар.
Би билесін, балқысын, – дей отырып, «Қолшатыр» биімен бір топ ару қыздар
Әуенмен танды қарсы алдым.
Әлемді әуен тербетіп,
Бұлбұлмен бірге ән салдым – дей келіп, кішкентай бүлдіршін қыздарыңыз Аяжанның орындауында «Ардақты ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
Тамшынұр:
Өзіңнен көп дос таптым
Бауыр баса бастаппын
Тәрбиешілер мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым
Сұлулық пен әсемдік тұр үлбіреп.
Ырғақпенен көп нәрсені аңғартқан,
Оны көріп бұлқынады жас жүрек, – дей отырып, ортада «Вальс» биімен 1 «А» сынып оқушылары
Такпак Нұрдәулет
Такпак Тамшынұр
Арман
Тəрбие сағаты балаларға жақсы ірі жеңіл жазылған. Рахмет дайын сабақтар үлгісіне сізге творчествалық табыс тілеймін
Досибаева Дина. Жаушыкум мектеп лицей
Даярлык пен коштасу ашык тарбие сагатын кордим. Оте тамаша балалардын билимин жариялайтын ерекше болган.