Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді
Мақсаты: Амал мерекесі, көрісу туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 1 «ә» сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Вальс» биін билеумен тамсандырған.
Би: 1 «Ә» сыныбының қыздарының орындауында би «Сағым дала»
Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
Жүргізуші:
Қарашаш (Жансая):
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата-салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!
Қыдыр баба:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле –жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)
Қарашаш (Жансая):
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн- көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
Күрең тайың ат болып,
Бәйгеге қоссаң, келерсің
Жұрттан жеке тақ болып.
«Кел, таза бақ, кел! »- десіп.
«Ием, тілек бер!» - десіп,
Шалдар бата беріскен.
Қыдыр баба:
Қарашаш (Жансая):
Нұртаң жыршы:
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт-береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де, таппасын!
Қоянбайқызы Диананың орындауында «Наурыз көктем» әні. Қошеметтеп ортаға шақырайық!
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Шашбаулары төгіліп.
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Қыдыр баба:
1 «Ә» сынып оқушыларының орындауында топтықби «Туған жер»
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Осымен 1 «Ә » сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Нұлан
Өте керемет екен, рахмет