Алматы қаласы
№19 ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Минахунова Ляззат Изетаевна
Пәні:әдебиет 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру
Сабақтың мақсаты: Өлеңді оқи мазмұнын түсіндіру, негізгі ойды ұғындыру. Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту. Оқуға, білімге, ізденуге, еңбексүйгіштікке баулу.
Күтілетін нәтиже: өлеңнің мазмұнын түсінеді, сөздік қоры молаяды, топпен жұмыс істейді, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, өз ойын айтады, өзгенің пікірін тыңдайды.
Әдіс-тәсілдер: ыстық орындық, ойлан-бөліс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой қорыту.
Қолданатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқу және оқыту, диалог.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, смайлик, фломастер, интерактивті тақта, слайд, ақ қағаз, жапсырма үлгілер.
Ұйымдастыру кезеңі
«Менің орным қайда»
«Ыстық орындық» |
Психологиялық дайындық Үлкенге де сіз! Топқа бөлу. Топ жетекшісін сайлау. «Алтын ереже құру»
Әр топ бір-біріне сұрақ қояды. Әр топ «Пікірлер ағашы» арқылы А.Байтұрсынұлы туралы толық мәлімет айту. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қиылған бөліктерден өзідерінің сыңарын табу арқылы үш топқа бөлінеді Сұрақтарға жауап беру арқылы, А.Байтұрсынұлы туралы мәлімет айтып, үй тапсырмасын қорытады. |
Қызығушылықты ояту |
Жұмбақ шешу Теңіздей түбі терең, Сүңгіген жетер әрең. (Білім) |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану
Қолдану Қолдану |
Бүгін А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін оқимыз. 1. Сөздік жұмыс интерактивті тақтадан көрсетіп түсіндіру. Іздеп тауып алалық - үйрену,оқу,іздену. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді. Топпен жұмыс.Өлеңді бөлімдерге бөліп оқу 1-топ. Оқуға шақыру 2-топ. Еңбек іс-әрекеті. 3-топ. Даналық Өлеңдегі түсті бояумен жазылған сөздерді теріп оқы Даналық сөзін тағы қалай атауға болады? |
Оқушылар дәптеріне жазып алады.
Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды, топта мәнерлеп оқиды ойларын ортаға салады, дәлелдейді, бөлімді тауып, оқиды теріп оқиды, мағынасын ашады, дәлелдейді топпен жұмыс істейді |
Сергіту сәті |
Оңға қараймын, аяқты топ-топ басамын. Солға қараймын, біраз сергіп аламын. |
Ой сергітеді, шаршағандары басылады. |
Қолдану Ойлан-бөліс |
Оқу-білім туралы мақал- мәтелдер жаз. |
Дәптерлеріне жазады, оқиды, мағынасын ашады. |
Шығармашылық тапсырма |
«Бес жолды өлең» Оқу, білім туралы |
Әр топ өзінің құрастырған өлеңін оқиды ойланады, ізденеді |
Ойлан-бөліс |
Сұрақтарға жауап алу. 1. Ақын ойын түсіндің бе? 2. А.Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Оқу-білім азығы, Білім-ырыс-қазығы. Балаларды оқуға,білімге, еңбексүйгіштікке шақырады. |
Топпен жұмыс істейді сұраққа жауап береді, түсіндіреді. |
Қолдану
|
Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп өз сөзіңмен түсіндір. Даналық, оқу, білім сөздері неге құмырсқа түрінде көрсетілген? Құмырсқа - еңбексүйгіш, ұйымшыл, өзінен екі есе ауыр жүкті көтереді. Білімді болу үшін құмырсқа сияқты тынбай еңбектену, іздену, ұйымшыл болу керек. Мәтінге ой қос. |
Әр топ өз ойларын айтып, тақтада сызбамен түсіндіреді.
|
Үйге тапсырма |
Өлеңді мәнерлеп оқу. «Ел болашағы-білімді ұрпақ» эссе жазу |
Күнделіктеріне жазады |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс |
Смайликтер арқылы |
Қалаған тобына іледі |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі