Өлең, жыр, ақындар

Абай. "Жазғытұры"

Бастауыш сынып мұғалімі: Туреканова Алмагүл Асылбекқызы

Пәні: әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Абай. «Жазғытұры»

Сабақтың білімділік мақсаты: Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу, өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, және оны жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық:  Оқушының сөздік қорын арттыра отырып, көркем ойлауын, көз алдына елестету қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Топтық жұмысқа үлес қосу үстіне өз бетінше ізденуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: А.Құнанбаев туралы білімдерін ортаға салу. Жеке ойларын айту.

Әдісі: Ой қозғау.

Типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Түрі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

    Күн жарығын алақанға саламын,

    Жүрегіме басып ұстай аламын.

    Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді,

    Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

     

  • Міне балалар жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
  • Ал балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сабаққа жақсы араласып отырайық.
  • Олай болса, сыныпты үш топқа бөлейік.

    I-ші топ басшысы –

    II- топ басшысы –

    III- топ басшысы –

     

  • Енді осы топ басшыларын сайлап алайық.  (Әр топқа «бағалау» парағын беремін.)
  • Сабақтың өтілу барысымен таныстырамын.
  • Біздің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп «Асыл мұра» бағдарламасымен жұмыс атқарып келеміз. Онда барлық салт-дәстүрлерді қамтып отырамыз. Сондықтан мынау менің қолымдағы қамшыны үш топқа таратамын. Сабаққа дайын, әрі сұраққа жауап беретін кезде осы қамшыны көтеріп отыру керек.Ал топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалап, сабақ соңында өздеріңізге сөз кезегі беріледі.

     

  1. Үй тапсырмасы.

    «Өткен сабаққа шолу»

  • Мен мақал –мәтелді оқимын, сендер түйін – сөзін айтасыңдар.

    Мақал – мәтелдер.

     

Мақал – мәтел

түйін сөзіндер

1

Жаман асқа өкпелейді,

Жақсы басқа өкпелейді.

Өкпешіл болма.

2

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Берекелі болу.

3

Туған жердің қадірін,

Шетте жүргенде білерсің.

Туған жерді құрметтеу.

4

Ата көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ата – ананы қадірлеу.

5

Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Білімді болу.

6

Әдепті бала – арлы бала.

Әдепті болу.

 

 

 

  • Ендеше өздерің түйіндеген барлық сөздер адамның жақсы қасиеттері болып саналады. Осы айтылған барлық жақсы қасиеттер сендердің де бойларыңнан табылады деп сенемін.
  • Ал енді «жұмбақ» шешейік.

    Табиғатты құлпыртып,

    Әдемі көйлек кигізіп,

    Құстарды да, сайратып,

    Аңдарды да, ойнатып ,

    Түрлендіріп әлемді

    Жан бітірген бәріне.

    Бұл қай кез?

     

    Бұл «көктем» мезгілі.

  • Дұрыс айтасыңдар, біз бастағалы отырған тарау «Масатыдай  құлпырар жердің жүзі» деп аталады.

     

  1. Жаңа сабақ.
  1. Қызығушылығын арттыру.
  • Енді бәріміз тақтадағы шашыраған сөздерге назар аударайық. Тақтаға екі  таңбалы  сандар берілген. 9 санының көбейту кестесін есімізге түсіре отырып, ретімен орнына қойсақ.

18

27

36

45

54

63

72

81

90

Ж

а

з

Ғ

ы

Т

ұ

р

ы

 

  • Қане кім тапқыр?
  • Қандай сөз шықты?

«Жазғытұры» А.Құнанбаев

  • Олай болса «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Қазақ халқын танытымыз. Абай арқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

     

  1. Негізгі бөлім.

    Ой шақыру.

    Абай Құнанбаев туралы мағұлмат.

     

    I- топ            А) Абайды кім деп білесің?

                           Ә) Ол қай жылы, қай жерде туған?

                           Б) Қай жылы, қай жерде дүниеден өткен?

     

    II- топ         А ) Абайдың әжесі кім, қай жерде туған?

    Ә) Абайдың шын есімі кім?

                         Б) Абай ертегі жырларды кімнен тыңдап өсті?

     

    III- топ           А) Абайдың білім,ғылым жайында жазылған қандай өлеңдерін білесің?

                             Ә) Абайдың өлеңдері көбінесе қандай тақырыпқа арналған?

     

     

     

    Өте жақсы балалар.

    • Енді Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін үнтаспадан тыңдайық.
    • Осы өлеңде түсінбейтін сөздер бар ма?
    • Масатыдай құлпырар – кілемдей түрленер.
    • Анталаса –топтала, үйіріле.
    • Мазатсып – рахаттану, масайрау.

Ал балалар оқу түрлері барлығымызға таныс. Сондықтан топ болып өз таңдауымызды жасайық.

  1. Бөлім.

     

     

     

    Оқу түрлері

     

     


     

Хормен                                                                                                                                                               Секіртіп оқу

Мәнерлеп оқу                                                                                                                                           Күліп оқу

                                                                                                                                                             Тізбектеп оқу

Автор оқу                                                                                                           Іштен оқу

                                  Көзбен                          Жатқа оқу


I-топ                                                        II-топ                                                      III-топ
(күліп оқу)                                          (жылап оқу)                                         (секіртіп оқу)

Әрі қарай, әр топ өз жұмыстарын жалғастырады.

 

«Жазғытұры» өлеңіне                    «Жазғытұры» өлеңіндегі                      «Көктем» тақырыбында

«Сөзтуым» жаса                                  бір, екі буынды сөздерді                      ертегі құрастыр.

                                                                     алып, «Сатылай» сөз құра.

                                                               (Соның ішіндегі сөздерді

                                                               Таңдай отырып, мақал-

                                                                 мәтел құрастыру)

 

 

  1. «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы»- дей отырып «Сазды әуен» бөлімі.
  • Балалр барлығымыз да Абай өлеңдері мен қара сөздерін білеміз. Енді жақсылап көңіл қойып тыңдаймыз. Қазір музыка пәнінің мұғалімі Салтанат Мырзалыққызы Абай атамыздың әндерін сыр сандықта ойнап береді. Ал сендер әуенді тыңдап аласыңдар. (тақырыбын)
  1. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі.

    (оқушылар шығармашылығы)

  • Қазір Абай атамыздың «Өзгеге көңілің тоярсың» әнін Сәулеттің орындауында тыңдаймыз.
  • Қалғандарымыз 3 топ болып жұмыс жасаймыз.

    Тапсырма «Тірек сөздерді пайдаланып төрт шумақ өлең құрастырамыз.

    Құрастырған өлеңдерді топ басшылары оқып береді.

     

    Сабақты бекіту: «Сөз жұмбақ»

 

Ж

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

З

 

 

 

 

Ғ

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

Ұ

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

  1. Бүгінгі тақырып?
  2. Авторы кім?
  3. Көктемгі кейінгі кезең?
  4. Абай кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге өсиет тағы не қалдыруы мүмкін?
  5. Қазіргі мезгіл?
  6. Боздайтын жануар?
  7. Құстарға не дайындаймыз?
  8. Жыршы?
  9. Ырыс алды-.....

     

    Бағалау: Топ басшылары

     

     

Үйге тапсырма:

  1. «Жазғытұрым» өленің  жаттау
  2. «Көктем» тақырыбында сурет салу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз