Өлең, жыр, ақындар

Қызықты математика

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы,
С.Бреусов атындағы жалпы орта мектеп КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Джуматаева Гульжан Болатбековна

Білім аумағы: Таным
Білім бөлімі: Математика
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: 1-ден 20-ға дейін тура және кері санау. Жұмбақ, мақал, логикалық есептер бере отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ой өрісін дамыту. Ұйымшылдарды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сандар, үлгі есептер, слайд, ҚР-ның әнұраны
Ұйымдастыру кезеңі
-    Сәлеметсіздер  ме, балалар!
Шаттық  шебері:

Біз жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем туралы кім тақпақ біледі?
Жасыл көктем келді,
Самал бетке өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,  
Мөлдір тамшы төгеді.

Күн шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.

Көктем келді, көктем келді,
Жадыратып жайнаған.
Шашыраған сәулесімен,
Жасыл көктем сайрайды.

- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Айлардың атауын атайық.
- Бір мезгілде үш ай бар болса, онда бір жылда неше ай бар?
- Ал бір аптада неше күн бар?
- Апта туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Онда барлығымыз бірге айтайық!
Апта деген атайдың  жеті бірдей ұлы бар,
Біріншісі  - Дүйсенбі,
Екіншісі - Сейсенбі,
Үшіншісі - Сәрсенбі ,
Төртіншісі - Бейсенбі
Жұма деген бесінші ұл,
Алтыншы - Сенбі,
Жетіншісі - Жексенбі.

- Иә, сонымен балалар, бүгін  нешінші  және қай күн?
- Онда балалар, бүгін өтетін оқу іс-әрекетіміз математика
Математика  оқу  іс-әрекетінде  біз нені үйренеміз?
1. Есеп шығаруды үйренеміз
2. Сандарды жазып үйренеміз.
3. Санауды үйренеміз
4. Сандарды жазып үйренеміз.

- Сандар туралы тақпақ кім айтады?
Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін,
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.

Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағын
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.

Екіден соң әрқашан,
Үш саны боп қаламын
Қос мүйізі майысқан,
Ұлттық ою құрамын.

Достар мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.

Әр қолда саусақ бес-бестен
Шықпас тегін ол естен,
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.

- Ал оқу  іс-әрекетіміз сәтті өту үшін не істеуіміз керек?
1. Жақсылап зейін қойып, тыңдауымыз керек.
2. Дұрыс жауап беруіміз керек.
3. Ойлануымыз керек.
4. Мұқият болуымыз керек.
- Олай болса, оқу іс-әрекетімізде біз екі топқа бөліндік.
«Алғырлар» тобы
«Тапқырлар» тобы
Енді сөз кезегін топ басшыларына берейік,өз топтарын таныстырып өтеді.
Ұран: 1-топ. Жарыс десе жанамыз,
«Алғырлар» озып шығамыз
«Алғыр» бала атанып,
Бізде ғалым боламыз.
Ұран: 2-топ. Қандай сынақ болса да бірікпейміз,
«Тапқыр» бала атанып.
Келешекте өскенде,
Үлкен ғалым боламыз.
1-тапсырма: 1-ден 20-ға дейін тура және кері санайық. Сандар туралы кім тақпақ айтады?
2-тапсырма: Логикалық есептер
Табақта - 5 алма,
Алды біреуін Алима.
Алды біреуін Салима,
Табақта қалды неше алма?   (3)

Екі қояннық неше құлағы бар?  (4)
Неше құйрығы бар?  (2)

Көлден ұшты 5 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (3)

3-тапсырма: Сандарға байланысты мақал-мәтел айту
1-топ: Кессең он тал ек
Еркезегі - 3 ке дейін
7 рет өлшеп 1 рет кес.

4-тапсырма: Сандарға байланысты жұмбақ:
Кезекті бір жануар үстінде екі тауы бар (түйе)

Оң жағында 5 сарбаз, сол жағында 5 сарбаз
Болады барлығы неше сарбаз? (10)

Дидактикалық ойын. «Жоғалған андар»

Сергіту сәті:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терен - ағам
Шылдыр  шүмен - әпкем
Кішкентай бөбек - мен.
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

5-тапсырма: Тақтада салыстыру есебін шығару.
6-тапсырма. Жұмбақ есептер:
Екі қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады,
Аяқ нешеу, бас нешеу?  ( аяқ - 4 , бал -2)
Жауабын кім табады?

Алма бағы жиналған
Қызыл алма  айналым
Алдым үзіп екеуін
Алдым сонда нешуін?

Алма  ағашты  бес алма,
Қандай тәтті жас алма
Келуін де жеп қойсам
Қалады сонда неше алма?

Тал бойында тізіліп,
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі,
Жапырақтың нешеуі?

Сергіту сәті:
Оң қолымды білдім,
Сол қолымда білезік.
Құлағымда сырғалар,
Сыңғыр, сыңғыр, ырғалар.
Ал, қанеки, санайық,
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Қортындылау
Балаларды мақтау, бағалау, марапаттау.


Пікірлер (2)

Алина

Балаларға мықты оқушы болуын қамтамасыз ету.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз