Сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Адам |
Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
|
||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. |
|
||||||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: 0 |
|
|
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қаңқа құпиялары |
|
||||||||
Оқу мақсаты |
2.3 Адам. |
|
||||||||
Сабақтың мақсаттары |
2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау |
|
||||||||
Бағалау критерийлері |
Білім алушылар: - қаңқаның құрылымын анықтайды; |
|
||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар «қаңқа», «дене қалпы», «денеңді еңкейткенде», «ентігесің» сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды. |
|
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу. |
|
||||||||
Алдыңғы білімдер |
Оқушылар дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі (бас, кеуде, қол, аяқ, табан, т.б.) және адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады. |
|
||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||||||
Сабақтың басы
|
(Ұ) Сабақты адам денесінің бөліктерін қайталаудан бастау. |
|
|
|||||||
Сабақтың ортасы
|
(Т) Шағын топтарға екі затты салыстыруға тапсырма беру. -Үйдің тірегі не үшін қажет? (Үйдің құрылысының қалпын құрайды, оған тірек болады.) - Адам денесіндегі осындай қызметті не атқарады? (Қаңқа адам денесінің қалпын құрайды және қорғанышы болады. Сүйектер жұмсақ ұлпалардың мықты қорғаны болып табылады). (МК) Оқушыларға суреттегі (2-слайд) қаңқаның бөліктеріне мұқият қарауға ұсыныс жасау. - Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді? Сүйектер бірігіп, кеуде қуысын құрайды, ол кеудені қорғап тұрады.Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектесетінін түсіндіру. Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккеніне назар аударту. Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау. (Т) Қаңқаның суретін бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта құрастыруға, оның бөліктерінің аттарын жазуға тапсырма беру. (Ұ) Адамның дене қалпын түзу ұстауы (дене бітімі). Суреттерді салыстыруға ұсыну. - Қай суреттегі бала сендерге көбірек ұнайды? - Неліктен? - Келесі суреттегі балаларға осындай болуға не кедергі келтіреді? (Иығындағы ауыр сөмкесі.) - Сөмкені немен алмастыруға болады? (Жолдорбамен, арқаға асатын сөмкемен.) - Қайсысы дұрыс отыр: Негеш пе, әлде Эврика ма? - Негеш нені дұрыс істемей отыр? (Оның аяқтары еденде тұруы қажет, арқасын тік, басын сәл еңкейтіп ұстауы керек). Эвриканың суретіне мұқият қарауын өтініп, қалай дұрыс отыру қажеттігі туралы айту. (Ө) Жұмыс дәптеріндегі жұмыс. Қаңқаның бөліктері. Оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады.
Қаңқаның қызметі. Қалып кеткен сөздерді мәтін шығатындай етіп бос орындарға қою.
Дене бітімі. Оқушылар дене бітімінің дұрыс қалпын көрсететін суреттерді ғана бояйды.
|
«Адам қаңқасы» көрнекі кестесі; қаңқаның жеке бөліктерінің суреттері мен олардың аттары жазылған кесте;
|
|
|||||||
Сабақтың соңы
|
Сабақты қорыту: - Адам денесінің қалпын не құрайды? |
|
|
|||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
|||||||
Оқушыларға жеке көмек пен қолдау көрсету. |
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. |
Сергіту сәтін өткізу. Белсенді тақтаны тек 3 минут қолдануды жоспарлаймын. |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі