Өлең, жыр, ақындар

Темекі – денсаулық дұшпаны

"№ 5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ
Тәрбиеші/воспитатель: Абельдинова  Г.З.

Мақсаты: Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, темекі туралы бейнетаспа, «Денсаулық»  сөзжұмбағы

Түрі: Ашық тәрбие сағаты

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, сахналық көрініс.

Сабақ барысы:

I. "Ой қорыту"кезеңі.
II.“Сөзжұмбақ ” шешу
ІІІ.  «Мені жалғастыр» ойыны
ІV. «Бәйге» ойыны
V. “Уланбасын өмірің” көрініс
VI. Тренинг: «Қолшатыр»
VII. Қорытынды.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық  шеңберін құрып, жүрек жылуын сыйлайық.

Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!

Денсаулық- бірдің  емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар.

Адам ағзасын улайтын қандай заттарды білесіндер?

Темекі,  шылым, анаша, насывай.

“Темекі- денсаулық дұшпаны”- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты  Қазақстан” атты жүрдек  жолаушылар поезымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр.

1-аялдама: «Кел танысайық» Темекінің зияны туралы видеоролик.
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:

Сұрақтар:

1. Темекіден  қандай аурулар туындайды? (өкпе, жүрек, бауыр аурулары).
2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).
3. Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар? (4000 астам)
4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).
5. Темекіде қандай зат улы болып саналады?

Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!

Сендер білесіңдер ме?
• Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.

2 - аялдама:  Ой жұмбақты шешу.  «Денсаулық» сөзжұмбағы 

1) Тыныс алу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан? (кеуде) 
2) Тыныс алу мүшесі? (көмей) 
3) Темекінің құрамындағы улы зат? (никотин) 
4)  Никотиннің түсі қандай? (сарғыш) 
5) Тыныс алу мүшесі? (ауатамыр) 
6) Никтоин қандай зат? (улы) 
7) Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады? (смола) 
8) Тыныс алудың бастапқы мүшесі? (мұрын) 
9) Ырыс алды .... (ынтымақ)

Тәрбиеші:  Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім — кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын  табатын «Мені жалғастыр» ойынына кезек берейік.

3-аялдама: «Мені жалғастыр»

Денсаулық – (зор байлық)

Жарлының байлығы –  (денінің саулығы)

Жан ауырса тән азады,  (Қайғы басса- жан азады)

Дені саудың – (жаны сау)

Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)

Тәрбиеші: «Арақ — арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

Тыныштық сәті:

4-аялдама: «Бәйге» ойыны

1. Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?
2. Темекіні тастауға болама?
3. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)
4. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. Ол не? (темекі)
5. Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,
Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? (насыбай)

5– аялдама: Келесі кезекте «Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз. Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін көріністі ұсынамыз.

- Азамат, екеуміз дос емеспіз бе?

- Ия, доспыз. Неге  сұрадың?

- Сен ешкімге  айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.

Мінекей, қарашы...(қалтасынан темекіні  көрсетеді).

- Оны қайдан алғансың?..

- Әкемнен  алдым  (риза болып)

- Әкеңнен  қалай   алдың? Темекі  деген  жаман  нәрсе, дереу  таста.

-Қалайша? Соншалықты   жаман  болса  әкем неге  тартады?

- Ой,  достым , сенің  әкең   жас күнінде темекіге  әуестенген, 

 сол   қателігін  қазір жөндей  алмай  жүр.

-Достым, дегенмен  осыны тартып    көрсек   қайтеді?

-Жоқ,  достым! Мұндай жаман  әдеттерден  бойымызды  аулақ  салғанымыз    абзал.

Одан да ойынымызды   жалғастырайық.

(Осы  кезде  бөлмеге  темекі, насыбай  кіреді)

Балалар:  Ассалаумалейкум!  Сіздер кімсіздер?

Темекі:

Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.

Насыбай:

Шығу тегін тышқан деген қарадан,
Мекен жайым Ластық деген қаладан.
Міндетім - тек денсаулықты кірлерту,
Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам...

Камила:

О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды екеуін.
Қандай пәле таратқан?!
О,адамдар,санаң бар,
Екі пәлеге қараңдар.
Екеуі де үлкен жау
Бүкіл әлем алаңдар!
Екеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!

Тәрбиеші: -Балалар, сонда темекі тарту пайдалы ма, әлде зиянды ма?

-Дұрыс,темекі тартатындардың  өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда 7-15ж. қысқа келеді.

Тәрбиеші:  «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен  өрнектейік.

Д -  демалу
Е – еңбектену
Н  - нашақорлыққа жоламау
С – салауатты өмір
А – алғырлық
У -  уайымсыз өмір
Л – лайықты өмір
Ы – ынта
Қ  - қозғалыс

Барлық әріптер бірге:
Темекі жойылсын!
Насыбай құрысын!
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!

6. Бекіту: Тренинг: «Қолшатыр»

- Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

7. Қорытынды.

Тәрбиеші: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің  күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық  керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз