Күні: 19.04.2017ж. Сынып: 1 «А» Сауат ашу сабағы |
Бастауыш сынып мұғалімі: Уширбекова Марфуға Токтасыновна Қатысқандар саны: 31 Қатыспағандар саны: 29 |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ұлттық тағамдар. Мәтін. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Ұлттық тағамдар. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Шеңбер болып тұрып амандасамыз Амансың ба алтын күн. Амансың ба көк аспан. Амансың ба достарым Амансыз ба ұстазым. Қонақтарға бұрылып Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз Салеметсіздер ме деп айтады. Өсеміз біз күліп ойнап Он саусақтың саласындай Өсеміз біз күліп ойнап Бір адамның баласындай – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Іштей бір-бірімізге жақсы тілектер тілейміз. Топқа бөлінеміз 4-топ 1-топ бауырсақ 2-топ қымыз 3-топ шұбат 4-топ құрт Әр топ өзінің атауымен таныстырып ол қалай жасалатынын айтып өтеді.Осыдан барып не себептен осылай бөліндік?деген сұрақ туындайды.Бұлар қандай тағамдар? Ұлттық тағамдар.Олай болса бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Содан барып сабақтың тақырыбы шығады. Ұлттық тағамдар туралы не білеміз? Оның қандай түрлері бар? Олар қалай жасалады? Ұлттық тағамдар туралы тақпақтар білесіңдер ма? |
Шаттық шеңбері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
Сергіту сәті: ноутбук бойынша жаттығулар жасау. |
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу Мәтінді оқытып шығу. Онда не туралы айтылған екен?Сұрақтарға жауаптар алынады.Шұбат ол да ұлттық тағам екен. Әр топқа жұмбақ таратып соны шешіп шешуіне байланысты тапсырмалар беру А-3 қағазға орындап соны қорғайды. Дәптермен жұмыс: 2-жаттығу Жаңылтпашты жатқа жазу. СЕРГІТУ 3-жаттығу Ребус шешіп шешуіндегі бота сөзіне сөйлемдер құрату.Әр топ бір-бір сөйлемнен айтып шығады. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут |
Сөзжұмбақ шешу. Кім жылдам?ойынын ойнатамын. Ұлттық тағам түрлері бойынша топтап тез табу. |
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Жинақтау: Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Не білдік? Не ұнады? Не қиындық тудырды? Нені істей алмадым? Неге қол жеткіздік? Әрі қарай не істеуге болады? Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»кері байланыс бойынша сабақты қорыту. Әр оқушы сабақтан алған әсерін стикерге жазып пікірлер ағашына жапсырады. Біраз оқушы оқып береді. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі