Қарағанды пблысы.
Теміртау қаласы.
География пәні мұғалімі Хидирбекова П.Т.
0ра5анды облысыКүні:
Сынып: 6 в
Тақырыбы: Жел. Желдің негізгі түрлері жəне пайда болу себептері
Мақсаты:
Білімділік: Желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру,желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Білу: желдің түрлерін атайды.
Түсіну: желдің пайда болу себебін түсіндіреді
Қолдану: бар білімдерін кластер құрастыруда пайдаланады
Талдау: желдерді салыстыру
Бағалау: желдің пайда болу себебін анықтайды.Желдің маңызы мен зияны туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: топпен, жұппен, жеке жұмыс, кластер құру. 7 модульдің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, диалог арқылы оқыту,репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, слайдтар,электрон оқулық.
Сабақтың кезеңдері:
« Кім жылдам?» сұрақтар қою
1. Атмосфералық қысым дегеніміз ?
2.Ауа қабатынан жер бетіне қанша салмақ түседі?
3.Қалыпты атмосфералық қысым қанша?
4.Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейміз?
5.Жер бетінен әрбір 10 м-ге көтерілген сайын қанша мм –ге төмендейді?
6.Атмосфералық қысым адам денсаулығына қалай әсер етеді?
Ой қозғау- жел туралы жұмбақ;
Қанаты жоқ - ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. ( жел)
Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге қою.
Электрон оқулық бойынша жел туралы тыңдайды.
Мұғалім: Жел ,оның түрлері. Картадан желдерді анықтап олар жайлы қосымша мәлімет айтады.
Қазақстандағы жел түрлеріне қысқаша сипаттама береді. Бофорт шкаласын түсіндіреді.Жел бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құралдар мен таныстырады. Жел өрнегін түзіп талдайды.
Тапсырма : Мәтінді оқып тапсырманы орындайды.
1 топ: Кластер құрастыру Жел дегеніміз не? Жел қалай пайда болады?
2 топ: Венн диаграмасын сызу: Бриз мен муссонның қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?
3 топ Желді зертеудің маңызы ( суреттер сөйлейді)
Топтық жұмыс
Иә, жоқ:
1. Желбағар – желдің бағытын анықтайтын құрал иә жоқ
2. Судың горизонталь бағытында қозғалуын жел дейміз иә жоқ
3. Бриз бағытын жыл ішінде екі рет ауыстырады иә жоқ
4. Муссон құрлық пен теңіздің арасында соғады иә жоқ
Географиялық диктант: ( жеке жұмыс) :
1. Бриз сөзі....................... деген мағынаны білдіреді.
2. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуын ......................деп атайды .
3. ..................... бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер.
4. Желдің жылдамдығы мен бағытын ......................... құралмен өлшейді.
5. Желдің пайда болу себебі ....................................
6. Желбағар жер бетінен неше метр биікте болу керек ..............
7. Желдің жылдамдығын немен есептейді..................
8. Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел .........................
Бағалау: 1-2 дұрыс жауапқа -1
2-3 дұрыс жауапқа – 2
4- 5 дұрыс жауап 3
6-7 дұрыс жауапқа -4
8 дұрыс жауапқа -5
Топтық жұмыс: Жел өрнегін сызу
Кері байланыс: Бүгінгі сабақта нені білдіңіздер?
Бүгінгі сабақта не қызықтырды?
Қандай ұсыныстарыңыз бар?
Үйге тапсырма:. Желдің күшін пайдалану жобасын жасаңдар.
Бағалау : Оқушылардың білімін бағалау.
Абдыкерым Диас
Жел туралы диалог бар ма
Абдыкерым Диас
Жел туралы диалог
Анаргул
керемет сабақ