Өлең, жыр, ақындар

Алтын тәж

Жамбыл облысы, Талас ауданы
Қаратау қаласы, «Үміт» мектеп-интернаты
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдисаттарова Гүлжанат

Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Алтын тәж

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын дамыту, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан-жақты болуға өзін-өзі дамытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: ертегілер еліне саяхат жасау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: шарлар, суретті көрнекіліктер мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Сайыс шарты: Оқушыларға сайыстың шарты түсіндіріледі.

III.Сайыс кезеңіндегі тапсырмалар.

                  Сауат ашу елі (Алма жинау ойыны)

                  Математика елі (Балық аулау ойыны)

                  Дүниетану мен Жаратылыстану елі (Аңдар сұрағы. Кім жылдам?)

                  Музыка және Көркем еңбек елі (Құстарға кезігу. Өз өнерін көрсету.)

IV.Қорытынды.

Мұғалім: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі міне, Ертегілер еліне саяхат жасау яғни «Алтын тәж» атты сыныптан тыс сабағымызға хош келдіңіздер! Ертегілер елінде патшалық сарайы бар. Патшаның жарлығы бойынша ақылдылығымен, білімділігімен, өнерлігімен жолда кездескен сұрақтарға жауап берген адамды ханзада немесе ханшайым етпекші. Сол жарлықты есітіп алыс сапардан ханымдар мен бір мырзамыз келіп отыр. Қанеқонақтарымызды ортаға шақырайық. Бәріңе сәттілік тілеймін!

1. Мінезі оның салмақты
Тындырымды жан-жақты
Байсейтова Аруна
Жақсы оқиды сабақты.

2. Жазуымен ол ешқашан
Алдына жан салмайды
Қожамқұл Жания
Сабақтан еш қалмайды.

3. Фариза қыз әдепті
Сабағы да әдемі
Математика болғанда
Есеп шешу оның әлегі.

4. Сұрай қалсаң сабақты
Бірден жауап береді
Жаңабек Шоқанжан
Ақылды да келбетті.

5. Талапты ерге нұр жауар
Деген сөз бар қанатты
Шақырамыз ортаға
Әбжаппар Шапағатты.

«Білегіңе сенбе,біліміңе сен!» деген халық даналығының бір сөзі бар. Әрқашан білуге талпынсаңдар,сонда ғана көзің ашық,білімді адам боласыңдар. «Білегіңе сенбе,біліміңе сен!» деген халық даналығының бір сөзі бар. Әрқашан білуге талпынсаңдар, сонда ғана көзің ашық,білімді адам боласыңдар.

«Алтын тәж»ойынының шартымен таныстырып, әнін хормен айту.

Біз бүлдіршін баламыз,
Оқып, біліп аламыз.
Ұстаздардан үйреніп,
Ғылымға жол саламыз.

Алтын тәж, алтын тәж,
Білімпазға есік аш!

Оқу-білім бұлағы,
Деген сөз бар халықта.
Оқы, үйрен, әрқашан,
Үйренуден жалықпа!            

САУАТ АШУ

1-оқушыға сұрақ.
1. Дыбысты не істейміз? Әріпті ше?
2. Алма, балалар сөзін буынға бөл. Алма және балалар сөзіне сөйлем құра.
3. Ертегі кейіпкерін құрастыру.Атын айту

2-оқушыға сұрақ.
1. Дыбыс неше түрге бөлінеді?
2. Қал, қарлығаш сөзін буынға бөл. Қала және қарлығаш сөзіне өйлем құра.
3. Ертегі кейіпкерін құрастыру. Атын айту.

3-оқушыға сұрақ.
1. Әріптің жазылуы неше түрге бөлінеді?
2. Шана, сылдырмақ сөзін буынға бөл. Шана, сылдырмақ сөзіне сөйлем құра.
3. Ертегі кейіпкерін құрастыру. Атын айту.

4-оқушыға сұрақ.
1. Әріптен не құрайды? (сөз, сөйлем, мәтін)
2. Дала, алақан сөзін буынға бөл. Дала, алақан сөзіне өйлем құра.
3. Ертегі кейіпкерін құрастыру. Атын айту.

5-оқушыға сұрақ.
1. Әріптер өтетін кітаптың аты не?
2. Ана, дәрігер сөзін буынға бөл. Ана, дәрігер сөзіне сөйлем құра.
3. Ертегі кейіпкерін құрастыру. Атын айту.

МАТЕМАТИКА

1-оқушыға сұрақ.
1. Қосудың мүшелерін айт. 2+1=3
2. Логикалық есеп. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды? Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин тұр. Барлығы қанша?
3. Санағыштан үшбүрыш,төртбұрыш құрастыру.                           

2-оқушыға сұрақ.
1. Азайтудың мүшелерін айт. 10-5=5
2. Логикалық есеп. Тәрелкедегі кәмпит саны 8 болу үшін қанша кәмпитті алып тастау керек? 10 балапан болды. 3-і қашып кетті. Нешеу қалды?
3. Санағыштан үшбүрыш, төртбұрыш құрастыру.                     

3-оқушыға сұрақ.
1. Сандарды тура және кері сана
2. Логикалық есеп. Оң қолымда 5 алма
Сол қолымда 5 алма
5-ке 5-ті қосқанда
Болады неше алма?
Сыныпта 4 терезе 2 шкаф бар. Барлығы қанша?
3. Санағыштан үшбұрыш, төртбұрыш құрастыру.                    

4-оқушыға сұрақ.
1. Геометриялық фигураларды ата.
2. Логикалық есеп. Тәрелкедегі кәмпит саны 7 болу үшін қанша кәмпит салу керек? Сыныпта 4 қыз балажәне 1 ұл бала бар.Барлығы қанша?
3. Санағыштан үшбүрыш, төртбұрыш құрастыру.                         

5-оқушыға сұрақ.
1. 1 ден 10 ға дейін сана.
2. Логикалық есеп. Қоянға 5-сәбіз беріп еді, сәбіздің 3-ін жеп қойды, нешеуі қалды?
3. Санағыштан үшбұрыш, төртбұрыш құрастыру.

СЕРГІТУ СӘТІ                             

ДҮНИЕТАНУ. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ.

1. Адамның дене мүшелерін ата?
2. Ұлттық дәстүрге нелер жатады?
3. Өсімдік бөліктерін айтыңдар?

МУЗЫКА. КӨРКЕМ ЕҢБЕК.

Өз өнерлерің көрсету. Қолдың ұсақ маторикасынан мүсіндер жасау.

Қорытынды. «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» - деген. Білімділігімен, біліктілігімен озып шыққан оқушымыз «Алтын тәж» иесі болды. Құттықтаймыз! Әрқашан барлықтарыңа жақсы оқушы болып, алда болуларыңа тілектеспіз! Барлығыңызға рахмет!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз