Өлең, жыр, ақындар

Мамандығым - мақтанышым

«МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ»

1.    Назарбаева С - қазақ тілі пəнінің мұғалімі, сынып жетекші – сөзі (ашып беру) 5 мин
2.    Ән 5 мин
3.    Мамандық туралы ақпарат (баяндама оқушы) 3-4 мин
4.    Өлең шумақтары (оқушы) 3-4 мин
5.    Сауалнама (оқушылардың 9-11 сынып оқушыларынан алған сауалнама видеоролигі) 3-4мин
6.    Би (флешмоб) 5 мин
7.    Залмен ойын (ерекше мамандық атаулары беріледі, көрермендер түсіндіреді) 6-7 мин 
8.    Қонақтармен сұқпат (оқушылар келген мамандық иелеріне көкейінде жүрген сауалдарын қойып жауап алады) 8-10 мин
9.    Менің болашақ мамандығым (11сынып оқушысының монологы , 11 сынып оқушыларының диалогы немесе көрініс) 5-6 мин 
10.    Сергіту (демалу) сәті: жастар талабына сай (махаббат тур) өлең шумақтары 4-5 мин 
11.    Қорытынды (сөз беру)
12.    Әнмен жабу

☆☆☆☆☆☆☆☆☆☆☆☆☆☆☆
1- жүргізуші: 
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
2 – жүргізуші: 
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. 
- Армысыздар, аяулы ұстаздар, арманы асқақ оқушылар мен қадірлі кеш қонақтары!
1- жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
2– жүргізуші: Абзал, сен биыл жас түлексің. Жауакершілігі жоғары өмірге қадам басқалы тұрсың. Қандай маман иесі болам дейсің?
1- жүргізуші: Ия, дұрыс айтасыз. Алда атқарылар міндеттер мен жүйелі жоспарлар көп. Арманым _______болу, енді арманды ақиқатқа айналдыру үшін еңбек етудемін. 
2– жүргізуші: Жарайсың, Абзал! Мақсатың айқын екен, дегеніңе жет!
1-жүргізуші: Рахмет, әпки! Дегенмен оңай емес. Мектептен түлеп ұшқалы отырған мына бізді – 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың біз үшін маңызы өте зор.
2 – жүргізуші: Сондай мүмкіндік сіздерге туғалы отыр, Абзал. Бүгінгі күн  көкейіңізде жүрген сауалдарға жауап алып, жолайырықта тұрған сіздерге таңдау жасау үшін ерекше күн. Ендеше, уақыт жоғалтпай, сол мүмкіндіктерге кезек берейік!
1-жүргізуші:  Ал, сол мүмкіндіктеріңізбен таныстырып өту үшін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Назарбаева Сандуғаш апайды шақырайық!
Қайырлы күн, құрметті әріптестер, оқушылар және кеш қонақтары! Мен________________________________Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі. Еңбек өтілім ___жыл, санатым-1. Сіздердің назарларыңызға «Менің мамандығым – менің болашағым» атты сыныптан тыс ақпаратты-сазды бағдарламамызды ұсынамын. Мақсатымыз: осы бағдарламамызды ұсыну арқылы жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандықтар туралы мағұлмат бере отырып, қазақ тілі апталығын қорытындылау. 
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Атақты ғұлама Әл – Фараби: 
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – дегендей бүгінгі шарамызға көп болып көсіліп, бір болып жұмылып атсалысайық демекшімін. __________________________________________________________________
(сөзден соң бірден ән, оқушы)
1-жүргізуші:  Рахмет, Сандуғаш апай, сеніміңізді ақтаймыз!
2-жүргізуші: 
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
«Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.
1-жүргізуші:
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. 
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
2-жүргізуші: 
Ал сол мамандықты біздің оқушыларымыз қалай түсінеді, қалай қолданады – ойларын ортаға салсын. 
(Мамандық туралы ақпарат (баяндама оқушы) 3-4 мин)
2-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың да саласы да аз емес. Әрине таңдау жасау оңай да емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
1-жүргізуші:
Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. 
2-жүргізуші: Ал Абай атамыздың сөзімен айтар болсам: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Ойымды өзінің маржандай сөздерімен _______________ жалғастырсын. Ақынға қара сөзден өлең оңай. «Мақтанышым-мамандығым» жыр шумақтары.
(Өлең шумақтары (оқушы) 3-4 мин)
2-жүргізуші: Абзал, жер бетіндегі мамандықтың бәрін қайдам, бірақ біздің елде 180-нен астам мамандық түрі бар екен. 
1-жүргізуші: 180? Ол да аз емес. Ал, сіз өзіңіз ұстаздықты таңдапсыз... 
2-жүргізуші: Ия. Ұстаз – ол ұлы тұлға. Кез келгеннің қолынан келе бермейтін, кез келгеннің таңдауына ере бермейтін сондай қиындығы мен қызығы қатар жүретін ерекше мамандық. Таңдай салып, келе қалатын, көре салып, істей салатын оңай іс емес. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Ал үйрету – артыңда із қалдыру деген сөз ғой. Сен кетсең де жасағаның жұрттың жадында қалады емес пе? Менің таңдауым – осы.
1-жүргізуші: Ал, неге орыс тілі неге қазақ тілі емес? Қазақпыз ғой...
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Абзал, қазақпыз. Білетініңдей, ҚР-ның Тіл Туралы Заңының 7-ші бабында қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі – ресми тіл делінген. Және оған қоса, «Тұғырлы Үш Тіл» де бар. Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін біз, жастар, жан-жақты болуымыз керек қой. Қазақ балаларына орыс тілін де алып жүру қиын емес. Біздікі – тек жол сілтеу. Қалғанын өздері-ақ ізденіп, білімдерін жетілдіре береді. Мен жастарға сенемін!
2-жүргізуші: Керемет, сеніміңізді ақтайды деп білемін. Ал, енді сол жастардың жарқын болашақ үшін не істей алатынын, қандай маман иесі болып, елді қалай көркейтетінімен бөлісейік. Назарларыңызға мектеп оқушыларынан алынған сауалнаманы ұсынамыз. 
(Сауалнама (оқушылардың 9-11 сынып оқушыларынан алған сауалнама видеоролигі) 3-4мин)
(Би (флешмоб) 5 мин)
(Билеп жатқанда залдағы оқушыларға карточкалар таратылады)
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар. Сіздермен ой бөлісу мақсатында қолдарыңызға мамандық атаулары жазылған парақшалар таратылды. Ол қандай мамандық, қалай түсінесіз? Өз ойларыңызды ашып айтуларыңызға болады.
(Залмен ойын (ерекше мамандық атаулары беріледі, көрермендер түсіндіреді) 6-7 мин 
1-жүргізуші: Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.)
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
* Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
* Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
* Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
2-жүргізуші: Әпки, мен _________маман иесі болсам деймін. Мен көп нәрсені білмеймін, мысалы: ҰБТ жоғары балл алдым, қайда барам, қай университетті таңдаған дұрыс, студент қандай болу керек, тағысын тағы...
1-жүргізуші: Ештеңе етпейді, Абзал. Сен үшін бүгін керемет мүмкіндіктер есігі ашылып жатыр. Сол мүмкіндіктің бірі осы сұрақтарыңа жауап алсын деген мақсатпен біз бірнеше маман иесін қонаққа шақырған болатынбыз. Ал, ағай-апайларыңа сұрақтарың болса, қоя ғой, барлығына жауап табасың. 
(Шақырылған маман иелерімен сұқпат. Алдымен Абзал бастап сұрақ қояды, ары қарай залдағы оқушылар)
1-жүргізуші:  Ал, оқушылар біраз мағұлмат алдыңдар деп ойлаймын. Бір де бір сұрақты жауапсыз қалдырмаған ағай-апайларларға рахмет, еңбектеріңіз жана берсін! Ия, оқушылар, болашаққа бағдар алдық, көкейге қонымды жауаптар естідік, ал енді оқушылардың қандай жоспарлары бар екен, тыңдайық, ортаға салсын.
(Менің болашақ мамандығым (11сынып оқушысының монологы , 11 сынып оқушыларының диалогы немесе көрініс) 5-6 мин )
2-жүргізуші: 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар. 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 
Жастар...жастар...жастар! Өткен бабаларымыз да, Елбасымыз да жастарға сенім артып келеді. Ал, жастар қауымы, үзінді жасап, бір сергіп, махаббат жайында да әңгіме қозғап жіберсек артық етпес. Жас жүрген жерде махаббат та қатар жүреді емес пе? Ендеше, сіздерді сол ғажайып әлемге апарып, (қайта осы жерге әкелетін) ______________________________
(Сергіту (демалу) сәті: жастар талабына сай (махаббат тур) өлең шумақтары 4-5 мин)
1-жүргізуші:  
Ия, махаббат деген жақсы ғой. Ал, біздің бағдарлама аяқталуға таяу. Нүктесін _________________________қойсын. Апай?
(Назарбаева С. Қорытындылау.)
1-жүргізуші:  
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. 
2-жүргізуші: 
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Осымен, біздің «Мамандығым-мақтанышым» атты сыныптан тыс ақпаратты-сазды бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Өз тағдырымызды өзіміз дұрыс таңдай білейік!
1-жүргізуші:  Назарларыңызға рахмет, қуанышты күндерде жолыққанша!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз