Өлең, жыр, ақындар

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

ОҚО Мақтарал ауданы Жетісай қаласы
№9 М. Жұмабаев атындағы ЖОМ
География пәні мұғалімі
Кожахметова Нурбала Исмаиловна 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:          Мектеп: «№9 М. Жұмабаев  атындағы» ЖОМ

Күні:                                                           Мұғалімнің аты-жөні: Кожахметова Н. И.

Сынып - 7 А                                               Қатысқандар:20            Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.3.2.5-температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал- жабдықтарды қолданумен тіркейді.

7.3.2.6-жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық  графикалық материалдарды жасайды. 

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Сабақтың мақсаты

 

Барлық оқушылар: меторологиялық элементтер мен құбылыстарды түсініп сипаттай алу, оларды өлшейтін құрал-жабдықтармен танысу, өлшем бірліктерін анықтау.

Басым бөлігі: метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттау, зерттеу маңыздылығын анықтау.

Кейбір оқушылар: метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық карта жасау.

Бағалау критерийі

 - оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.  

 - температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді  өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды.

 - метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;

 - метеорологиялық элементтері мен құбылыстары туралы деректер негізінде шартты белгілерді қолданып синоптикалық карта жасайды.

Тілдік мақсаттар

Мәтінмен танысады, оны оқи отырып метеорологиялық элементтерді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық) сипаттайды және маңыздылығын түсіндіреді, қолдану аясын атайды.

 Суреттерді қолдана отырып, метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды, ажырата алады. Синоптикалық картаны сипаттай алады

Термометр, барометр, гигрометр, желбағар, жауын-шашын өлшегіш шелек, т.б метеорологиялық-терминдерді сипаттайды, үш тілде айтады.

Құндылықтарға баулу

4) Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Пәнаралық байланыс

Физика – табиғат құбылыстарын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде

Математика – кейбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін салыстырғанда және есептегенде

Бейнелеу - графикалық бейнелерді түсіргенде

Алдыңғы білім

Оқушылар осыған дейін ауа райы туралы білетін ойларын айта алады. Ауа райының элементтерін,ондағы  құбылыстары жайлы біледі. Атмосфераның құрылысы, қабаттарының ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

І. «Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Нөсер» жаттығуы арқылы тақырыпқа шығу.

- Бұл жаттығу сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

- Бүгін біздің ауылда қандай ауа райы?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

«Жұбыңды тап!» әдісі арқылы топқа 4 топқа бөлемін. Әр оқушының арқасына А-4 форматтағы қағаз бекітіледі, онда температура, қысым, жел, жауын-шашынды сипаттайтын сөздер немесе метеорологиялық құралдар жазылады.

 

Сабақтың ортасы

 

  7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

9 минут

 

 

 

 

 «Суреттер сөйлейді» әдісі:

Тапсырма №1  Метерологиялық аспаптардың суретін оқушыларға таратамын.

 

1. Кестеде берілген «Ауа- райы элементтері, изосызықтар, өлшем бірліктерін» сәйкестендіріңіз. Ауа- райы элементтерінің шартты белгілерін орналастырыңыз. Суретте көрсетілген метеорологиялық аспаптарды сәйкестендіріңіз.

Ауа райы элементтері

Өлшем бірліктері

Изосызықтар

Шартты белгілері

Метеорология-лық құрал

қысым

 

 

 

 

температура

 

 

 

 

ылғалдылық

 

 

 

 

жел

 

 

 

 

Критерий:

- оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.  

Дескриптор:  Білім алушы

-ауа райының негізгі элементтерін барлық сипаттамаларымен сәйкестендіреді;

-негізгі ауа райы құбылыстарын мазмұндайды, климаттық картада белгіленулерін анықтайды;

- кескін картада ауа-райы элементтерін шартты белгілермен көрсетеді;

-суретте берілген ауа райының негізгі элементтері мен құбылыстарын сипаттайтын метеорологиялық құралдарды сәйкестендіреді.

Бағалау. Жарайсыңдар, өте жақсы! Смайликтер арқылы.

«Әткеншек» әдісі.

Тапсырма №2

Атмосфералық қысым, температураға  байланысты өзгерісі және жел өрнегін салуға арналған есептарді шығарады.

1-мысал. Ең жоғарғы тәуліктік температура +30ºС, ең төмен температура +20ºС болса, тәуліктік ауа амплитудасын анықтаңдар.

2-мысал. Сағ.1-де +5ºС; 7-де -2ºС; 13-те +10ºС; 19-да +9ºС болғанда тәулік ішіндегі орташа температура мен ТА анықтаңдар, ауа температурасының өзгеру графигін сызыңдар.

3-мысал. Теңіз деңгейіндегі  атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?

4-мысал. +30ºС 17г су болған жағдайда салыстырмалы ылғалдықты анықтаңдар?

5-мысал. Тау басында атмосфералық қысым 530мм, ал тау етегінде атмосфералық қысым 760мм болса таудың биіктігі қанша?

6-мысал. Жел өрнегін салу. Оңтүстік- батыс желі бір айда 4 күн;

батыс желі 7 күн; шығыс желі 1 күн; оңтүстік-шығыс желі 5 күн;

солтүстіктен 3 күн соқса, тымық күндер саны қанша?

Критерий:

- температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді  өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды, есептейді.

Дескриптор:  Білім алушы

 - температураның тәуліктік өзгерісін есептейді;

 - температураның биіктікке байланысты өзгерісін есептейді;         

 - тәуліктік амплитуданы есептейді;

 - атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін есептейді;

 - жел өрнегін сызады;

 «Смайликтер» арқылы бағалау, өзара бағалау.

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Тапсырма №3 .Көрсеткіштерді қолданып климатограмманы талдаңыз.

Критерий: - метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;

Дескриптор:  Білім алушы

- Орташа айлық температурасын анықтайды;

- Орташа айлық жауын-шашын мөлшерін атайды;

- Температурасының амплитудасын есептейді;

- Қорытынды жазады (суық және ыстық айлары туралы, жауын-шашын көп түсетін мерзімі және т.с.с)

 Мадақтау арқылы, стикер арқылы бағалау.

Тапсырма №4  Қосымша мәліметтерді(температура, ауа қысымы, жел бағыты, ылғалдылық, жауын-шашын мөлшері) қолданып Қазақстанның синоптикалық картасын құрыңыз. Қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен, шілде айының көрсеткішін -қызыл түспен бейнелеңіз.

 

Критерий: - метеорологиялық элементтері мен құбылыстары туралы деректер негізінде шартты белгілерді қолданып синоптикалық картаны жасайды
Дескриптор:  Білім алушы    
- Қазақстанның синоптикалық картасын құрастырады;
- қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен көрсетеді;
- шілде айының көрсеткіштерін қызыл түспен көрсетеді;
- картаға талдау жасайды.
Мадақтау, «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

 

 

Интербелсенді тақта, слайд, оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сыныпқа арналған география оқулығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Слайд,            қима қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Слайд

Карта, атлас

 

Атлас, кескін карта.

Сабақтың соңы

 

7 минут

 

 «Алақан»  әдісі рефлексия жасату.

 Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылыр  сабақты түсінген немесе  түсінбеген және сұрақтары бар болса бес саусақ парақшасына өздерінің ойларын жеткізіп жазады.

Басбармақ - бүгін мен жаңадан нені үйрендім?

Балан үйрек- Бүгін мен не жасадым, неге қолжеткіздім?

Ортантерек– сабаққа байланысты көңіл күйім.

Шылдыршүмек- Бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек- Қандай қиындық болды, оны қалай жеңдім?

Оқушы жетістіктерін атап кері байланыс жасаймын.

 

 

 

Үйге  тапсырма

2 минут

Шартты белгілерді сақтай отырып, «Ауа райы күнделігін» толтырып келу.

 

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпа-раттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақ барысында оқушыларды қолдау әрдайым орын алып отырады

Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсыр-малар беріледі. А-синоптикалық карта жасайды. В-жел өрнегін сызады, климатограммамен жұмыс жасайды. С-анықтамаларды есте сақтап, температура өзгерістерін есептейді.

Кері байланыс және критерий арқылы олардың жетістіктерін бақылап отырамын

 

Физика, математика, бейне-леу, жаратылыстану  пәндері-мен байланыс орнатылады.

Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады.Сабақ барысында құндылықтар дамытып отырады.

Рефлекция

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай  болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болдыма

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?

Және неліктен?

.

 

 

 

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды.

       1. Кітаппен жұмыс жасауда, тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды

       2. Термин сөздерді атап оны жаттайды

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

      1. АКТ мен жұмыс жасауда

2. Сыни тұрғыдағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сыни тұрғыдағы  ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды беру мен әдістерді пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер