Пәні: Еңбек |
|||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: №76 мектеп-лицей |
||||
Күні: 08.12.17ж |
Студент: Жаксылык Сара Абибуллақызы |
||||
Сынып: 2 «Ә» |
Қатысқандар саны: 29 Қатыспағандар саны: 0 |
|
|||
Сабақтың тақырыбы |
Туған өлкенің мекендеушілері |
||||
Оқу мақсаттары |
2.2.2.1. Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып материалдарды (көркемдік табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу |
||||
Жетістік критерийлері |
Жылы және суық түстерді ажырата алады, реңк атауларын біледі |
||||
Құндылықтарды дарыту |
- Сыйластық |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Өзін-өзі тану, география пәндерімен сәйкестендіріледі |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Видео және суреттерді көру пайдалану |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Сәлемдесу. Психологиялық дайындық. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияыңыз бен тілек-қалауыңызды шайып жүрегіңіздің көзін ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, игі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді Нұрды жүрегіңізге орналастырыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзді ашуға болады. |
Әуен
Табиғат суреттері
М. Бекеевтің 2 туындысы
Интерактивті тақта.
Жасыл түсті реңктері әртүрлі суреттер
Еңбек қағазы, палитра, гуашь
Қызанақ пен қарақат суреттері
Қызғалдақ пен сарғалдақ суреттері
Стикер, смайликтер. |
|||
Сабақтың ортасы
|
Әр адамға туып-өсіп, балалық шағы өткен жері ыстық. Біреулер есейіп, басқа жерге қоныс аударады. Ал енді біреулер туған жерінде қалады. Алайда адам қай жерде жүрсе де, туған өлкесіне қуана оралады. Тақтада табиғаттың суреттері ілінеді. Сұрақтар қою 1. Туып-өскен жерің туралы айтып бер.2. Ол жерде саған несімен қымбат? 3. Пейзаж дегеніміз не? 4. Жылдың әртүрлі мезгілдерінде сенің туған өлкеңнің табиғатында қандай түстер басым болады? Оқушылар сұраққа жауап береді. Кітаппен жұмыс. Суретші М. Бекеев туралы мәлімет. Суретші М. Бекеевті туған жер және балалық шақ туралы естеліктің жыршысы деуге болады. Тақтаға оның «Кеш» және де «Қараағаш» туындысы ілінеді. Сурет бойынша сұрақтар қою. Реңк атаулары 1. Оқушылар сендер қандай негізгі түстерді білесіңдер? Сергіту сәті. Бейнероликтен көрген би қимылдарын қайталайды. Оқушыларға жасыл түсті реңктері әртүрлі суреттер беріледі. Мына суреттерге назар аударыңдар. Олардың түсі қандай? Әрине, жасыл. Алайда олардың түсі әртүрлі. Түсі емес, реңктері алуан түрлі. Анықтама. Реңк – бұл бір түстің түрленуі. Жаңа бояу реңктерін шығару үшін бір түске басқа түсті қосу керек. Сонда бір түстің алуан түрлі реңктерін алуға болады. Еңбек қағазымен жұмыс. Палитрада жасыл түсті гуашь бояуына басқа түсті бояуларды қосыңдар. Оларды араластыра отырып, жасыл түстің әртүрлі реңктерін шығарыңдар. Бояуға саусақтарыңды малып, қағаз парағына таңбалар түсіпесіңдер. Жасыл түстің қандай түрлерін шығарғаныңды сана. Мәлімет. Түс реңктерінің өз атауы бар. Кейбір реңктер көгөніс, жеміс-жидектердің атауымен байланысты болады. Мысалы: қарақат, қызылша, қызанақ, жасылкөк, т.б. Тақтаға қызанақ, қарақаттың суреттері ілінеді. Кейбір реңктер гүлдердің атауымен байланысты болады. Мысалы: қызғалдақ, сарғалдақ. Суреттері тақатаға ілінеді. Енді бірі табиғи материалдардың, минералдар мен металдардың атымен аталады. Мысалы: құм түсті (қызғылтым),көк теңіз, күміс, алтын, малахит түстес, т.б. Мәлімет бойынша сұрақ. 1. Мына фотосуреттердегі реңктерді атаңдар. Реңк атаулары қандай сөздерден шыққан?2. Гүлдер мен жеміске байланысты тағы қандай реңктерді атай аласың? |
||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: Сабақта нені үйрендік? Нені білдім нені түсіндім? Нені толық түсінбедім? Қандай жұмысты жалғастыру қажет? Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе? Оқушыларға стикерлер таратады, стикерге сұрақтарға жауап беріп тақтадағы смайликтерге жапыстырады. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі