Өлең, жыр, ақындар

Кешірімді бала – кішіпейіл бала

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №195 жалпы білім беретін мектеп

Шалгынбаева Назгуль Байдолдаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың атауы

Кешірімді бала – кішіпейіл бала

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық). Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштықсәті» ұнадыма? Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді,  мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Рефлексия

Өзіммен-өзім

Оқушыларга кішіпейілділік құндылығын сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

Үнтаспадан табиғат дыбыстары баяу естіліп тұрады.

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген андар, сайраған құстар көрінеді. Гүл жайқалған сұлу далаларға да жақындап қалдық, әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Алуан түрлі, көздің жауын алады. Біз осының бәрін бірге көргенімізге, осындай шақта бірге болғанымызға іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бұлт бізді жұпар иісті, әсем де көркем «Гүлдер» сұлулық сарайына түсірді. «Гүлдер» сұлулық сарайында тек кана кешірімді, кішіпейіл адам-дар тұрады екен. Осы жерде тұратын адамдардың барлығы бір-біріне кішіпейілділік танытады. Біздің де бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап бара жаткандай. Осы сезімдерменбіз де, бұрынғықалпымызғакелейік.

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз