Тараз
Абай атындағы №26 орта мектеп шағын орталығы
Тәрбиеші: Шарекенова Алма Жұбаниязқызы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің Қазақстаным
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруге үйрету. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, картасы.
Биллингвальды сыңары: Ту – флаг, елтаңба – герб, Астана – Астана.
Оқу іс-әрекеті |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық ізденістік
Рефлексиялық- түзетушілік |
Шаттық шеңбер Армысың қайырымды Аспан ата! Армысың мейірімді Жер ана! Армысың шұғылалы Алтын күнім! Армысың балабақша дос-жараным! Ән ұран. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан. Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Күн суық, жердің бәрі аппақ қар. Сендер қалай киінесіңдер? Біздің мемлекетіміз Қазақстан. Отан дегеніміз туып – өскен жеріміз. Еліміздің елтаңбасы, туы, ән ұраны бар. Тудың түсі қандай? Балалар тудың түсі көк. Пішіні төртбұрышты, туда қыран құс, күн мен оюдың суреті бейнеленген. Елтаңбада шаңырақ, уық, жылқының суреттері бейнеленген. Қазақстан мемлекетінің елбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Тәуелсіз ел болдық. Осы тәуелсіз ел болуымызға себепші болған батыр жастарымыз бар. Олар Қайрат Рысқұлбеков және Ләззәт атты жастарымыз. Балалар біз егемен ел болып, дербес мемлекет болдық. Олай болса теледидардан көрейік. Сергіту сәті. Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз, Қарлығаштай ұшамыз Көбелектей қонамыз. Енде балалар бір ойын ойнайық. Суретті сұрақ қою арқылы құрастырамыз. 1.Қазақстан мемлекетінің елбасшысы кім? 2.Тудың түсі қандай? 3.Елордамыз қай қала? Балалар табыңдаршы ненің суреті шықты? – Бәйтерек. Бәйтерек қай қалада орналасқан? Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Төбесіндегі шардың салмағы 300 тонна. Бәйтерек еліміздің тәуелсіздігін, бостандығын, егемендігін асқақтатып тұрғаны сөзсіз. Міне, балалар еліміздің ел екендігін дәлелдейтін елтаңба, ән ұран, жалауымыз туралы толық мәлімет алдық |
Шеңберге тұрып, іс – әрекеттерді тәрбиешінің соңынан қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін орындайды. Ойын шартымен танысып, сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін біледі.
Игереді: Суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін
Меңгереді: Ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында, берілген тапсынманы меңгереді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі