Батыс Қазақстан облысы
Бөкейордасы ауданы Жиекқұм ауылы
Т.Масин атындағы ЖОББМ
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Бисембаев Нурлыбек Утарбаевич
Сыныбы: 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру.
Сабақ мақсаты:
а) білімділік: бір орыннан ұзындыққа секірудің әдіс тәсілдерін үйрету;
ә) дамытушылығы: шапшаңдықты, қарқынмен ұшуды және жерге түсуді үйретіп дамыту;
б) тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, дене шынықтыру пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: жекелей, топтық, түсіндіру, көрсету.
Құрал жабдықтар: ысқырық, секундомер, ұзындықты өлшейтін құрал, жалауша,
Өткізілетін орны: спорт алаңы Өткізілетін уақыт: 40 минут
№ |
Сабақ мазмұны |
Мөлшері |
Әдістемелік нұсқау |
І |
Кіріспе бөлімі: 10 минут 1. Сыныпты сапқа тұрғызу 2. Сәлемдесу 3. Сыныпты түгендеу 4. Жаңа сабақ барысымен таныстыру |
2 мин
|
Оқушыларды бой-бойымен сапқа тұрғызу. Бұйрықтар беру. Жаңа сабақ жоспарымен таныстыру. |
|
5. Саптағы жаттығулар: Орында бұрылу жаттығулары: оңға, солға, кері. |
2 мин |
Бұйрықтар беру, Нақты дұрыс бұрылуына назар аудару. |
|
6. Жүгіру тізені көтере жүгір |
6 мин |
Жүгіріп орындалатын жаттығулардың орындалуын көрсету, оқушылардың әрекетін қадағалау.
|
|
7. Жүру: Аяқтын ұшымен қол жоғарыда. 8.Ж.Д.Ж. жүруде 8.Тынықтыру жаттығулары |
|
Жалпы дамыту жаттығуларын орындалуын көрсету.
түсіндіру, дұрыс жүзеге асуын қадағалау
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. |
ІІ |
Негізгі бөлім: 25 минут Жаңа сабақтақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру. 1. Ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі-«аяқты бүгіп секіру әдісі». 2. Тізені бүгіп секіру екпіндей жүгіру,жерден серпілу,қалықтаудан және жерге секіруден тұрады. 2. Ұзындыққа секірудің 3 кезеңін түсіндіру: Серпілу (жерден көтерілу) Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек. Самғау (ұшу немес қалықтау) Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады. Жерге түсу Секіртпемен секіру Екі-екіден секіртпемен секіре жарысу Кім жылдам? Ойыны |
5 мин
20 мин |
Оқушыларға жерден көтерілу кезінде қалай көтерілу керектігін түсіндіру және өз орындауында көрсету. Оқушыларға қайталату.
Оқушыларға самғау кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету. Оқушыларға қайталату.
Оқушыларға жерге түсу кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету. Оқушыларға қайталату.
|
ІІІ. |
Қорытынды бөлім: 5 минут 1. Сыныпты сапқа тұрғызу;2. Жаңа сабақты пысықтау; 3. Бағалау. |
5 мин |
Оқушылар жетістігі мен кемшіліктерін түсіндіру. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі