Өлең, жыр, ақындар

Алгоритм түрлері

Мектеп: №23

Күні:

Сыныбы: 5-сынып

Мұғалімі: Айтанова Назгул

Сабақтың тақырыбы:

§15. Алгоритм түрлері

 

Оқу мақсаттары

Алгоритмнің сызықтық, тармақталған және циклдік түрлерімен танысу,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

 

 

 

Жетістіктер критерийлері

Барлық оқушылар

  1. Алгоритм түрлеріне мысалдар келтіру.

  2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың басым бөлігі

-түсінеді, талдайды, білімін қолданады: сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді.

Кейбір оқушылар

Білімін жинақтайды, рефлексия  жасайды:алгоритм түрлеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Тілдік мақсаттар

Алгоритмнің түрлерін бір-бірінен ажыратып, түсіндіре алады.

Түйін сөздер және сөйлем

Алгоритмнің түрлері

Типы алгоритмов

Types of algorithms

Пәндік лексика және терминология

Алгоритм түрлері...

Сызықтық алгоритм  Линейный алгоритм Linear algorithm

Тармақталған алгоритм.Разветвляющийся алгоритм  Branched algorithm

Циклдік алгоритм. Алгоритм с повторением  Algorithm for repetition

Алдын ала алынған білім

Алгоритм ұғымы, қасиеттері, жазу жолдары

Қолданылатын әдіс -тәсілдер

Сыни тұрғысынан ойлау, «Инсерт», «Ой қозғау»

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, математика, жаратылыстану

  Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

уақыты

                         Жоспарланған іс-әрекет

 

Ұйымдастыру кезеңі

2

Сәлеметсіздерме! Здраствуйте! Good morning!

Оқушылар 1,2,3 деп санап, топқа бөлінеді.

 

І. Өзектілігі

 

Үй тапсырмасын тексеру

«Инсерт» әдісі.

5

«Инсерт» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Дайынсыздар ма? Готовы ли вы? Are you ready?

  - Алгоритм деген не?
  - Алгоритмнің атауы кімнің атымен аталған?
  - Алгоритмнің орындаушыларын ата
  - Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?
  - Алгоритмнің жазылу жолдарын атаңдар.
  - Блок-сызба деген не?

Қызығушы-лығын ояту, мәселе қою

2 мин

Оқушы мақсат қояды:

  - Алгоритм деген не?
  - Кімдер орындаушы бола алады?

 

ІІ. Ұғыну

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ұғыну

 

 

 

 

Сабақтың негізгі бөлімі

Мағынаны тану

 

10 мин

Алгоритмнің 3 түрі бар: сызықтық, тармақталған және циклдік.

  1. Сызықтық алгоритм – әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы.

Мысалы, бутерброд дайындау алгоритмі.

  2. Тармақталған алгоритм–белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.

Мұнда егер (If), онда (then), әйтпесе (болмаса) (Else) тірек сөздер қолданылады.

Мысалы, Ауа райына қарай киіну алгоритмі, егер сыртта жаңбыр болса, онда етік киемін, болмаса туфли киемін.

  3. Циклдік алгоритм – белгілі бір әрекеттер бірнеше рет қайталана орындалады.

1.    Сызықтық         2. Тармақталған             3. Циклдік

Бекіту

Ой толғаныс

10 мин

Тапсырмалар

   1. Гүлге су құю           2. Жолдан өту         3. Алтын балық

Сергіту сәті.

4 мин

«Балапанды құтқар» жаттығуын жасау, бейнероликтегі қимылды қайталау.

 

ІІІ. Қорытынды.

Бағалау, кері байланыс

2 мин

Әр топ оқушылары бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.    Стикерге сабақ туралы өз ойларын жазады

Үй тапсырмасы

2 мин

§15-ті оқу. Алгоритмдерге мысалдар келтіру, қадам тапсырмасын аяқтау.

Рефлексия

3 мин

             Барлығына түсіндім      қанағат емеспін     менде сұрақтар қалды

       Все поняли         Я не удовлетворен          У меня много вопросов

EveryoneunderstoodI am not satisfied                  I have a lot of questions


Пікірлер (3)

Гульбаршин

Ашық сабақ, оқушыларға пайдалы ақпарат!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз