БҚО, Зеленов ауданы
"Мичурин жалпы орта жалпы білім беретін "мектеп-балабақша" кешені
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дуйсенгалиева Гулмаржан Габлгазизовна
11 қазақ сыныбында қорытынды аттестаттауға дайындық барысында өткізілген сабақ әзірлемесі
Пәні |
Қазақ әдебиеті |
Сынып |
11 а |
Тақырыбы: |
Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы |
||
Мұғалімі: |
Дуйсенгалиева Гулмаржан Габлгазизовна |
Мақсаты |
«Мен-қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну, поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау |
Міндеттері |
.- Поэманың негізгі идеясын ашу. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. |
Негізгі идеялар |
а) Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі; |
Бағалау |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Поэманы өмірмен байланыстыру Бағалау кестесі беріледі алдын ала сонымен топ басшылары балдарын айтады, «Екі жұлдыз,бір тілек», «Басбармақ» |
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер |
Әдіс -тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ой-пікірі, шығармашылық. Рефлексия,жоғары деңгейлік дарынды балалармен жұмыс, «Түймедақ» блум әдісі, тыңдалым, айтылым, жазылым әдістері, топтық, жұптық жұмыстар өрмекші әдісі. |
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ әдебиеті, тарих,география. |
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті, әдіс -тәсілдер |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру /3 мин/ |
Оқушыларды түгендейді, сабаққа дайындығын қадағалайды, бүгінгі күндеріне сәттілік тілеймін. Балалар (Күннің шуағы суреті ілулі тұрады) тақтаға қарайық, тақтада «Мен кіммін?» сұрағына жауап беру арқылы патриоттық сөздермен топқа бөлінеді І топ – (Топ мүшелері) 1. Мәнгілік ел, көкбайрақты туым бар2. Рухы биік, дархан көңіл елім бар 3. Көк майсалы, жазиралы далам бар, 4. Асқар-асқар, биік белес тауым бар, 5. Сарқылмайтын өзен-көлім ол да бар (Біз - қазақпыз- мәңгі өлмейтін –Қазақстан деген елім бар) хормен ІІ топ (Топ мүшелері) 1. Шешен сөйлер, сұлу тілді үнім бар.2. Мәңгі сақтар мұсылмандық дінім бар. 3. Достығы берік, көпұлтты менің ұлтым бар. 4. Кеудемде намыс отым бар, әлемге әйгілі елім бар. 5. Рухани біз жаңғырып, болашаққа сенетін. (Биік шыңнан көрінер - Біз - қазақпыз) хормен ІІІ топ (Топ мүшелері) 1. Қаhарлы менің қыраным бар, Мұғалім сөзі: Міне, күн шуағындағы мен кіммін сұрағына жауап алдық. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен? Оқушылар: «Мен - қазақпын» Мұғалім сөзі: Ал ендеше сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? Қалай ойлайсыздар? (Оқушылар өз ойларын айтады, сосын мұғалім сабақтың мақсатын айқындайды.) |
Күннің тармақтарына жазған сөздер слайд |
|
Білу және түсіну /3 мин/
7 мин
2 мин |
Үй тапсырмасын тексереді. Топтық жұмыс «Түймедақ » блум әдісі
Бейнероликтен Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді тыңдалады
«Бір айналым сөйлесу» әдісі
«Ойлан, жұптас, бөліс» Оқулықпен жұмыс (Балдар топта жұмыстанып жатқанда Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасына ән тыңдау әні үнтаспадан жіберіліп тұрады. )
Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтарға өзара бағалату
|
«Түймедақ » блум әдісі бойынша әр топ поэманың авторы жерлес ақын Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар дайындап, оған әр топ жауап береді 1-топ, 2-топ, 3- топ. Олай болса балалар жерлес ақын ағамыздың өмірі мен шығармаларымен танысып,талдаған болатынбыз соның ішінде өзіндік орыны ерекше, қазақ халқының рух берген,патиоттық сезімін оятқан поэмасы тоқталып кетейік, сабағымыздың басында (мен кіммін?) сұрағына жауап беріп сабағымыздың тақырыбын ашқан болтынбыз Бейнероликтен Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді тыңдайды (Әр топтан бір–бір үш оқушы тұрып үш тілде «Мен қазақпын )» өлеңін оқиды Мұғалім: Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не? – Ұлт, халық Негізгі идеясы қандай? - Халықтың өлмес тарихы, бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі. Поэманың жанры қандай? - Лирика-публицистикалық стилде жазылған поэма. Мұғалім: Олай болса, біздер ақынның өмірі мен бірге шығармаларын оқыдық өз беттеріңмен берілген шығармаларын талдағандарың бар ма? - Абзал айта ғой (өлеңін жаттаған) - Алтынбек маған қалай әсер етті, мен, өлеңді орыс тілінде жаттадым. Тағы бар ма, балалар? Ақтоты сен не айтар едің? - Ақтоты, мен шет тілде жағзылған нұсқасын тауып жаттадым. Міне балалар көрдіңіздер ме бұл жерлес ақынымыздың «Мен қазақпын» поэмасы әлемдік деңгейде аударма жасалып, кеңінен таралған екен. «Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз бе? поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды деген сауалдар бойынша постер қорғайсыздар және поэманы оқу барысында өздеріңізге түсініксіз 1-топ 1-4 бөлім 2-топ 5-7 бөлім 3-топ 8-9 бөлім |
4 – слайд
Бейнеролик
үш тілде өлеңі оқылады 2 мин
Ауызша жауап А-3 форматы,үлестірмелі сурет қағаздар 5 - слайд
Әр топтың жауабы тыңдалады |
Қолдану, талдау /10+5 мин/
|
Топтық жұмыс «Ақпаратты сүзу» әдісі - Ендеше, осылайша поэманың басты идеясы ұлттық болмысымызды насихаттау болғандықтан поэмадағы ақын жырлаған бұрынғы қазақ елінің ұлттық болмысы мен қазіргі қазақ елінің ұлттық болмысын салыстырып, ұқсастығын табады Кері байланыс беру «Поэзия сәті» әдісі арқылы «Мәңгілік елмен» байланыстырып, берілген ұйқастармен өлең шығару «Басбармақ» бағалау |
1-топ. “Ақпаратты сүзу” әдісі бойынша берілген сөздер тізбегінен «Ұлттық болмыс - рухани болмыс кілті» тақырыбында ойтолғау жазу Болашаққа, мектеп, елі үшін, жаңғырудың, тәжірибе, ақын, сабақ, фильм, үлгі, сана. 2 мин 2 – топ Венн диаграммасы арқылы поэмада ақын жырлаған бұрынғы қазақ елінің ұлттық болмысы мен қазіргі қазақ елінің ұлттық болмысын салыстырып, ұқсастығын табу 1.5 мин 3 – топ тапсырмасы: Өздеріңіз куә болғандай, ақын жырлағандай поэмадағы арман – мақсаттардың бірі егеменді, тәуелсіз ел болу болатын болса, біз бүгінгі күні «Мәңгілік елдің» болашақ қырандары екеніміз айқын. Олай болса, осы тақырыпта «Поэзия сәті» барысында берілген ұйқастармен өлең шығарып көріңіздер. 1,5 мин |
Сөздер жазылған үлестірме қағаз 6 - слайд
Үлестірме қағаз А3 қағаз 6-слайд
Бейнеролик «Отан» 6 - слайд |
Қорытынды Жинақтау, Бағалау /6 мин/ |
Топтық жұмыс «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» «Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты қортындылау |
Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда мақсатына жеттік пе, бір–бірімізге сұрақ қою арқылы сабақты қортынды жасайық. (бүгінгі тақырып бойынша) |
|
Бағалау /2 мин/ |
Мұғалім оқушылардың белсенділігі, жауаптары бойынша бағалайды. Бағалау парағын жинап аламын. |
Кесте бойынша топ басшысы бағалайды |
|
Үй тапсырмасы
|
Эссе «Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтар қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз» |
8 – слайд
|
|
Рефлексия 5 мин
5 мин |
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Елбасы сіздерге сенеді. Өйткені, болашақ сіздердің қолдарыңызда. Бүгінгі таңда жан – жақты даму барысында білім саласы да басқа елдермен теңдес дәрежеге жетті. Міне, сондықтан да бүгінгі рухани жаңғыруымызды жаңғыртатын сіздерсіздер. Олай болса, мына алдарыңыздағы қырандай қалықтаған құсымызға елімізге деген тілектерімізді білдірейік. «Мен – қазақпын» күннің ортасына жазылады және әр тармағына:хормен: елін жаудан қорғайтын, өз отанын сүйетін, адалдықты сүйетін, елге қызмет ететін, тілін, дінін сатпайтын, намысты қолдан бермейтін, ел сенімін ақтайтын, Мәңгілік елдің ұланы – мен – қазақпын! Ән: «Мен – қазақпын» Сабақ аяқталады |
Мұғалім: елін жаудан қорғайтын, өз отанын сүйетін, адалдықты сүйетін,елге қызмет ететін, тілін, дінін сатпайтын, намысты қолдан бермейтін, ел сенімін ақтайтын, Оқушы :Мәңгілік елдің ұланы – мен – қазақпын! Ән: Қуандық Рахымның репертуарындағы «Мен – қазақпын»
САУ БОЛЫҢЫЗДАР |
Стикерлерге тілектерін жазады
Ән орындау
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі