Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Фурмановка орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Уринбаева Хирмизи Кадирбаевна
Сөз таптары 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарымен таныстыру, сөз таптары туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1) Сөз таптары туралы түсінік беру
2) Сауатты жазуға дағдыландыру.
3) Көркем жазуға баулу
4) Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасеттерін дамыту.
5) Сөздік қорларын молайту
6) Ұлы адамдардың өмірінен ғибрат алуға, ісін өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:сөзжұмбақ жазылған плакат, кесте, таратпа материалдар, тест жұмыстары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Біз қандай баламыз?
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар алдымен біз айналадағы қоршаған ортамен және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп, құрметпен қарсы алайық.
Армысыз қайырымды аспан — ата!
Армысыз мейірімді жер – ана!
Армысыз шұғылалы алтын – күнім!
Армысыздар құрметті қонақтар!
Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сонымен балалар мен сендерге үйге өткен тақырыптағы ережелерді қайталап, жаттап келуге бергенмін. Қазір біз өткен тақырыптар бойынша сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақтағы жасырын сөзді табу арқылы біз «Достық» үйінің есігін ашамыз.
— Ал, балалар, осындай «Достық» үйіне кіргілерің келе ме?
— Иә
Сөз таптары
1) КІМ? НЕ? КІМДЕР?НЕЛЕР? қай сөз табының сұрақтары?
2) Түбір сөз дегеніміз не?
3) Жұрнақ деген не?
4) Жалғау деген не?
5) Туынды сөз дегеніміз не?
6) Ақыл-дос ашу-(дүшпан)
7) Қандай сөз таптарын білесіңдер?
8) Бастауыш бен баяндауышдан құрылған сөйлем?
9) Түбірлес сөз деген не?
10) Бастауышта баяндауышта зат есімнен жасалса қандай тыныс белге қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
— Өте жақсы балалар. Енді барлығымыз жасырын сөзді оқиықшы. Сөз таптары. Балалар міне біз «Достық» үйінің есігін де аштық. Сонымен балалар бүгін біз «Сөз таптары» туралы өтеміз.
— Балалар енді біз «Достық» үйінің сиқырлы терезелерін ашайық. Ол үшін сендер маған сұрақтарға жауап беріңдер.
— Балалар, сендар қандай сөз таптарың білесіңдер?
— Зат есім, сын есім, етістік, сан есім.
— Зат есім дегеніміз не? Олқандай сұрақтарға жауап береді?
— Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?
— Сан есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?
— Етістік дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?
— Өте жақсы балалар. Енді барлығымыз оқулықты ашайық 144-бетіндегі 3- жаттығуға қарайықшы. Бұл жаттығуды қазір біз ауызша орындаймыз (Кестені толтыру.)
Зат есім |
Етістік |
Сан есім |
Сын есім |
ата ақын адам құс |
Оқыды жуынды жүзді шақырды пісірді |
Екі жеті отыз үшінші елу |
көкүлкен биік жасыл тар ұзын
|
Таратпа материал. Мәтінді оқу.
Мәтінде не туралы айтылған?
Мәтінге ат қой.
Мәтінді зат есімдерсіз оқып көр.
Зат есімдерді тап.
Сергіту сәті.
«Қара жорға» биін билеу.
Дәптермен жұмыс.
— Балалар енді барлықтарың дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алындар.
Көркем жазу. (Қалам, дәптерлер )
4-жаттығуды жазбаша орындаймыз. Тапсырма: Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті теркестіріп жас.
Қайық жүзеді. Бала жүреді. Бақа секіреді. Доп ұшады. Құс ұшады. Ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.
Есте сақтау (Мақал) 5-жаттығу
ІV.Бекіту.
Тест жұмысын орындау
1) Зат есім қандай сұрақтарға жауап береды?
А) неше? нешенші?
Б) кім? не? кімдер? нелер?
2) Сан есімнің сұрақтары қандай?
А) неше? нешінші?
Б) кім? не? кімдер? нелер?
3) Сын есімнің сұрақтары қандай?
А) не істеді? не қылды ?
Б) қандай? қай?
4) Етістіктін сұрақтары қандай?
А) не істеді? не қылды? қайтты?
Б) кім не?
— Бүгін сабақта не өттік?
— Сабақ сендерге ұнадыма?
— Қандай тапсырмаларда қиындық туғызды?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. (4 жаттығу)
Зағипа
Не сайт бұл Таныстырып өтсеңіздер
Жанерке
ақпараттық - танымдық портал