Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ногаева Жанарай Қонарбайқызы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні |
Әдебиеттік оқу |
Сыныбы |
3 «Ә» |
Тақырыбы |
Абай «Қыс» |
Сілтеме |
Әдебиеттік оқу, 3 сынып. Күнтізбелік жоспар |
||
Жалпы мақсаттар |
Ақын өмірінен түсінік бере отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге, талдай білуге үйрету; |
||
Оқыту нәтижелері |
- Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, өлеңімен танысады; |
||
Көрнекіліктер |
Абай Құнанбаев жайлы бейнеролик, http://bilimland.kz білім порталының «Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы» 6. Абай Құнанбайұлы. «Қыс» бейнесабағы, тест http://imektep.kz бағдаршам, слайдтар, қима қағаздар. |
||
Дереккөздері |
Әбдікәрім Т.М., Рахметова. С.Р., Әдебиеттік оқу, 3 сынып. Атамұра-2014ж - 115 б. ғаламтор |
||
Әдіс-тәсілдер |
Жекелей, жұптық, топтық |
Болжау |
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
І.Ұйымдастыру кезеңі
2-3 минут |
Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал туғызу. «Ақ тілек. Әсем күлкі». -Көңіл-күйлеріңіз қалай? |
Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығы тексерілді. Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады Түрлі–түсті жүрекшелер арқылы топтарға бөлу. Топ ережелерін сақтау, топ басшысын, баяндамашыны сайлайды
|
Шапалақтау.
|
ІІ. Өткенге шолу 5 минут
|
«Миға шабуыл» -Біз аяқтаған бөлім қалай аталады? - Бөлімдегі шығармалардың ортақ идеясы қандай? «Дұрыс» «Бұрыс» ойыны арқылы білімдерін еске түсіремін. 1.«Арман қудың ба , алдыңа қара,артыңа қарама.» . Бұл- Қайрат Рысқұлбековтың сөзі? Дұрыс 2. «Қажымұқан түріктің атақты балуаны Қара Ахметпен белдесті.» Бұрыс (Нұрлы) 3. Оның винтовкасында «Оқу озаты,үздік мерген Мәншүк Мәметова»деп жазылған. Бұрыс (Әлия Молдағұлова) 4. Ағыбай -13 жасында атқа қонып, ел қорғаған батыр. Дұрыс 5. «Қорқақтық жасасақ халық алдында абыройымыз жоқ. Халықтың намысына қара күйе жағушы боламыз» -деген Р.Қошқарбаев. Бұрыс Б.Момышұлы - Жарайсыңдар,балалар! Өтілген шығармалардың барлығы да бізді Отанды сүюге, қорғауға ,халық үшін еңбек етуге шақырады. Жұмбақтар шешейік. Жұмбақ әдебиеттің қай түріне жатады?халық ауыз әдебиетіне басқа қандай шығармалар жатады? 1.Қыста бар да ,жазда жоқ. Қар 2.Құлағы мен көзі жоқ, Жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз, Мәнерлеп ою ояды. Аяз 3.Көлге жапқан қақпақ Сіресіп тұр- Қатты – ақ. Мұз 4.Қанаты жоқ – ұшады. Аяғы жоқ - желеді. Аузы жоқ – ұлиды. Боран Жұмбақтың шешуіндегі сөздер қай мезгілге қатысты айтылған? Қыс мезгілін қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде сипаттап айтып көрейік. -Жарайсыңдар! -Біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар? Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: Абай Құнанбайұлының -«Қыс» өлеңі Мақсат қою. Бүгінгі сабақта нені меңгеруіміз керек? Абай туралы не біліп келдіңіздер? |
|
Бағдаршам арқылы бағалау. |
ІІІ. Жаңа сабақ 20 мин
2 минут |
Автор және оның табиғат лирикасына арнаған шығармалары туралы қызықты дерек видеороликтен көрсетіледі. |
Бейнематериал көреді. |
.
|
«Қыс» өлеңін видеодан көру, тыңдау. http://bilimland.kz/kk Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы 6. Абай Құнанбайұлы. «Қыс» Түртіп алу стратегиясы бойынша белгілеп алған түсініксіз сөздерге түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Сергіту сәті |
Өлең мазмұнына жалпы сипаттама Абай қысты өзіне дейінгі қалыптасқан үлгіден өзгеше адам кейпінде сипаттайды. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» жер мен көкті тұтас қармай, қаусырып, тықсырып келе жатқан, жағдайыңа қарамайтын, естімейтін «соқыр, мылқау» алып күш иесі елестейді. Өлеңнің алғашқы үш шумағында қыстың адам кейпіндегі іс-әрекеті сипатталып, келесі шумақтарда қазақ аулының қыстағы өмір-тіршілігі көрініс береді. Абайдың «Қыс» өлеңі – композициялық құрылымы, тілі мен суреттеу құралдары шеберлікпен үйлестірілген көркем туынды. Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім Оқушылар өлеңді оқып,мазмұнын түсіндіреді. І топ 1- шумақ ІІ топ 2-шумақ ІІІ топ 3-шумақ ІҮ топ Өлеңдегң адам бейнесінде айтылатын қысты сипаттайды. Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды |
Топ басшысының бағалауы |
|
Талдау - табыс кілті |
Сатылай кешенді талдау 5.Шумақ -3 шумақ (6) 6.Тармақ – 12 (24) 7.Буын,бунақ саны-11 буынды , 3 бунақ 8.Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы |
Бас бармақмен бағалау.
|
|
IV. Жаңа сабақты бекіту 10 минут |
Шығармашылық тапсырма Топтық жұмыс түрінде орындату
Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғау барысында тақырыпты ашып, өз ойларын толық жеткізеді.
|
1-топ Өлеңнің бір шумағын қарасөзге айналдыру 2-топ Каллиграмма (Сөзбен сурет салу) Абай Қыс сөздеріне өлеңге арқау болған тірек сөздерді тауып,жазу арқылы сурет салу. 3-топ Қалдырылып кеткен әріптер мен сөздерді қойып , өлең шумағын дұрыс құрастыру. 4-топ Қыс туралы бір шумақ өлең құрастыру |
Екі жұлдыз бір тілек.
|
V. Қорытындылау 3 минут |
Тест орындату http://imektep.kz Жеке жұмыс түрінде беріледі. |
http://imektep.kz Абай туралы видеороликке байланысты тестті орындайды |
Бағдаршам арқылы бағалау |
VI. Үйге тапсырма беру, бағалау 2-3 минут |
Өлеңді жаттау. Қорытынды бағалау |
Күнделікке тапсырма жазып алады. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларын арнайы тақтаға стикерлерге жазып қалдырады. |
Екі жұлдыз бір тілек. |
Сүйеубай Ұлдана
Керемет!
Айша♡
Әдемі