Өлең, жыр, ақындар

Қар кесегі. Аққала

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы
"Қызғалдақ" мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Аяпбергенова Райхан Балтабаевна


Білім беру саласы: «Таным»
Кіріктірілген білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану, Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қар кесегі», «Аққала»
Мақсаты: Балаларды қармен және оның қасиеттерімен таныстыру. Қардың қасиеттері туралы білімдерін нақтылау, бақылау жасату. Балаларға шар пішіндес заттарды мүсіндеуді, домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыруға үйрету. Алақандарын айналдыра қозғалту арқылы шар илей білуді дамыту. Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдіс–тәсілі:    

1. Шаттық шеңбері
2. «Миға шабуыл» әдісі
3. Түсіндіру
4. Жұмбақ жасыру
5. Слайдпен жұмыс
6. Серуен кезіндегі видионы көрсету.
7. Сергіту сәті
8. Ермексазбен жұмыс
9. Қорытындылау. Мадақтау.

Көрнекілігі: бейне таспа, слайд арқылы суреттер.
Қажетті құралдар: Ойыншық аққала бейнесі, жеңге арналаған қолғаптар, тақтайша, дымқыл мата, ақ, қызыл, қара, жасыл түсті ермексаз.

Ұйымдастырлуы

Шаттық шеңбері:   
Кел балалар ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Әрқашан дос болайық.

«Миға шабуыл»

-  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-  Қыста күн қандай болады?  
-  Қыста не жауады?
-  Қардың түсі қандай?
-  Қыста қандай киім киеміз?
Жарайсыңдар балалар.
Иә балалар қазір қыс мезгілі. Күн салқын. Далада қар жауады. Адамдар жылы киінеді.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешіп көріңдер!
Жұмбақ жасыру:
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.      (қар)
Слайдпен жұмыс:
Ал енді балалар назарымызды тақтаға аударайық.
Мінекей мына суретте қыс мезгілі бейнеленген. Аппақ қар жапалақтап жауып жатыр екен. Ағаштарды аппақ қар басқан. Ал мына суретте айнала аппақ қар. Балалар балабақша ауласында шулап қуанып, күннің салқындығына қарамай ойнап жатыр. Бір бала шанамен ойнаса екіншісі қар кесегін жасап қарды лақтырып ойнап жатыр. Ал енді біреуі аққала тұрғызып жатыр. 
Балалар біз кеше серуенге шыққанда нені бақыладық? Қане кім айтады маған. Ендеше кешегі серуіенімізді көрейікші.

Серуен кезіндегі видио (айналамен таныстыру)

Балалар біз серуен кезінде қарды бақыладық. Қар кесегін қолымызға ұстадық. Ол салқын екен. Түсі ақ  жылтыр екен. Тағы біз қардың қолымызға ұстағанда еритінін яғни суға айналатынын байқады. Жарайсыңдар балалар. Балалар қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Шанамен ойнаймыз.
Қар лақтырып ойнаймыз.
Аққала жасаймыз. Иә балалар дұрыс айтасыңдар. Балалар міне мынау аққаланың бейнесі.
Ал енді балалар осы аққаланы ермексаздан мүсіндеп көрейікші.
Алдымен бойымызды жақсылап сергітіп алайық!

Сергіту сәті. «Аққала»  

Ал енді балалар мүсіндеу бөліміне көшейік.
Балалардың назарын ойыншық аққала бейнесіне аудару .Оның құрлысын түсіндіру. Ол екі бөліктен тұрады. Бөліктері дөңгелек пішіні тәрізді. Оның қолы, мұрны, көзі, басында қалпағы бар.
Аққаланы ақ түсті ермексаздан жасайтынымызды айту.
Балаларға дайындаған үлгіні көрсету.               

Жұмысты орындау тәсілін көрсету    

Алдымен тақтадан сурет арқылы жұмысты орындау тәсілін көрсету.
 Мен аққаланы мынандай жұмыр түйірден жасадым.
- Аққаланы мүсіндеу үшін бізге ақ, қара, қызыл, жасыл түсті ермексаз керек болады.
1. Алдымен ермексазды жақсылап жұмсарттым. Міне былай. Содан соң оны алақаныма салдым, екінші алақаныммен жаптым да, уқалап шар  жасап шықтым. Міне мынандай айналмалы қимылдармен.
2.  Міне аққаланың бірінші үлкен бөлігін жасадым. Содан кейін екінші бөлігін жасап оларды біріктірдім. Оның қолдарын орналастырдым. Басына көз бен мұрнын біріктірдім. Қалпағын салып орналастырдым. Біріктірілген жерлерін сұқ саусақпен тегістейміз. Осылайша мен аққаланы мүсіндедім.
Балаларға аққала жасауды ұсыну.
Балалармен бірлесіп жасау. Қажет болған жағдайда көмек беру. Балаларды қадағалау. Жасаған мүсіндерін мадақтап оын көрмеге қоюды өтіну. Қолдарын дымқыл матамен сүртіп отырған жерлерін ретке келтіру.

Қортынды:

-  Балалар бүгінгі оқу қызметі де бе келді. Енді қане айтыңдаршықыста не жауады екен?

-  Қар кесегі салқын ба?

-  Қардың түсі қандай болады екен?

-  Қардан не жасаймыз?

-  Бүгін біз аққаланы неден жасадық?

Күтілетін нәтиже:

Балалар қар кесегімен танысып оның қасиетін біледі.
Балалар қыс мезгілінің еркшелігін түсінеді.
Мүсіндеуде екі қолмен домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыруды, алақандарын айналдыра қозғалту арқылы шар илей білуді меңгерді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз