Өлең, жыр, ақындар

Лабиринттен шығуды табу

ОҚО Шардара ауданы Ұзын Ата ауылы
Ұзын Ата Жалпы орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі
Утешова Кумискуль Айтжановна

«Әрбір сабақ—өмірге сабақ болсын»!

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.3 Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Күні: 23.01.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Утешова Күміс Айтжанқызы

Сынып: 5 А

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Лабиринттен шығуды табу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.3. Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру.

5.3.2.2. Алгоритмді сөз түрінде ұсыну.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Лабиринт және оны орындаушылар түсінігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіреді

Кейбір оқушылар:

Алгоритмді сөз түрінде және блок сызба түрінде жазады.

Бағалау критерийлері

 

Лабиринт атауын түсінеді

Орындаушы командаларынааргоритм құра алады.

Іс-әрекеттің алгоритмін құрады және блок сызбасын сыза  алады.

           Тілдік мақсаттар

Алгоритм құра білуді және орындаушылардың командалар жүйесін реттілігімен орындалуын ұғынады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Лабиринт, орындаушы, оңға, солға, жоғары, төмен, басы, соңы ұғымдарын меңгереді.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Лабиринт дегеніміз не?

Орындаушылар дегеніміз не?

Алгоритмді сөз түрінде қалай ұсынамыз?

            Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу арқылы практикалық жұмыста қарым-қатынас жасау, жауапкершілікке, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау, өмір бойы оқуға дайын болуға тәрбиелейді.

Пәнаралық  байланыстар

ағылшын тілі, бейнелеу

Алдыңғы меңгерілген білім

Алгоритм анықтамасы, блок схема ұғымы

 

Сабақ барысы

 

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы -8 мин

Білу

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату.

«Ең,ең....» тренингі

1. Ең  әзілкеш оқушы кім?

2. Ең сымбатты оқушы кім?

3. Ең жас тыңдаушы кім?

4. Ең ақылды оқушыны ата

5. Ең әмбебап (әртіс, суретші, белсенді) кім?

Атын атағанда қошеметтеп шапалақтаймыз.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы пысықтау.

Топ ішіндегі оқушылар үй жұмысы бойынша бір-біріне кезекпен сұрақтар қояды. Ойлануға біршама уақыт беріледі. Сосын талқылау басталады: әр оқушы көршісіне сұрағын қояды, ол жауап береді.

 

 

 

 

Сабақтың ортасы- 30 мин

Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық бөлім

Қолдану

 

Жеке жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ. 

Миға шабуыл: Оқушыларға ребусты шешуге беріп, сабақтың тақырыбын ашамын.

Жауабы: Лабиринт.

Оқушылар тақырыпқа байланысты материалды презентациядан көріп,өз ойларын келесі топпен ой бөлісіп, түсінік береді. Негізгі ұғымдарды дәптерге жазып алады. Ойларын ортаға салады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Оқушылар салыстырып талдайды.

1.тапсырма. Суреттегі орындаушы мен олардың командалар жүйесін жаз

Орындаушылардың және олардың командалар жүйесін түсінеді

Алгоритмді сөз түрінде ұсынады.

2 тапсырма. А нүктесінен В нүктесіне дейін жету үшін орындаушы қолданатын командалар жүйесін құру

Дискрипторы:

«Алға жүру» командасын қолданады.

«Солға бұрылу»\ «Оңға бұрылы»командасын қолданады

Нәтижеге жету үшін орындалатын командалар жүйесін құрады.

3. Қоянның сәбізге жету алгоритмін құрыңдар және блок сызбасын компьютерде сызыңдар

    

Дискрипторы:

Орындаушының командаларының алгоритмдерін жазады және блок сызбасын сызады.

 

Интербелсенді тақта тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырмалар

 

Лабиринт түсірілген таратпа қағаздар.

Смайликтер

 

 

 

 

 

 

Окулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы -7 мин

Жинақтау

Кері байланыс- 5мин

 

 

 

Үйге тапсырма – 2мин

Қорытынды

«Бір аяқ жол»  әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«қызыл» түс-түсінген жоқпын

«сары»түс- әлі де сұрақтарым бар

«жасыл» түс-барлығы түсікті

Оқушылар бағдаршамға стикерлерді жапсыру арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін жазады

Ғаламтор желісінен лабиринт түрлерін қарап шығып,өзі жаңа лабиринт құрастырып келу. 

Маркер,стикер,

постер

Стикер

 

 

 

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дарынды оқушыларға деңгейлеп тапсырмалар дайындадым.

Төмен деңгейдегі оқушыларға көмек қажет жағдайда үлгеруші оқушыны көмек көрсетуге жағдай жасаймын.

Әрбір  тапсырмалардан соң оқушыларды ынталандыру мақсатында смайликтер арқылы және ауызша кері байланыс беріп отырамын.

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өзін-озі бағалайды

Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау;

Компьютерде жұмыс  жасау барысында көршілеріне кедергі келтірмеу керектігін ескертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

Осы тарауды сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанда жауап беріңіз.

 

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?


Пікірлер (3)

сәлия

сабақ балаға ыңғайлы, барынша түсінікті құрылған.

сәлия

сабақ құрлымы өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз