Өлең, жыр, ақындар

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Фурманов орта мектебі
Уринбаева Хирмизи Кадирбайқызы

Тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік қасиеті және оны қолдану

Мақсаты:

Оқыту мақсаты (танымдық): Қосындыны санға көбейту әдістері туралы білім қалыптастырылады. Көбейтудің қасиеттерін біле отырып, есептеулерде қолдануды дағдылана бастайды. Математика сабағында диалогты оқытуды қолдану арқылы тіл дамытуға бағыт-бағдар беріледі. Оқушылардың жетістігін формативті бағалауға мүмкіндік беріледі.

Жеке тұлғаны дамыту мақсаты: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін біледі. Шығармашылық қабілеті дами отырып, есепті өздіктерінен сыни тұрғыда ойлана отырып шығаруға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже: Топта жұмыс жасайды, ортақ пікірге келеді, сабақтан қорытынды шығарады, ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алады. Математикалық тілде сөйлеуге дағдыланады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара кұрметпен

Сандарды тура табатын,

Қиын,әрі қызықты

Математика болатын

II Үй тапсырмасын тексеру бет 18 т 7

III тірек білімді дағдырландыру ауызша жұмыс

8*10                  5*100

10*8                  100*5

80:10                 500:100

80:8                   500:5

IV Қосындыны санға көбейту тәсілмен орындалады.

1 тәсіл. Қосындыны есептеп,оны санға көбейту, (4+2)*3=6*3=18

2 тәсіл. Әр қосылғышты санға жеке көбейтіп, алынған көбейтіндіні қосу, 4*3+2*3=12+6=18

Бұл қосудың үлестірімділік қасиеті.

(a+b)*c=a*c+b*c

V «Математи-калық эстафета» ойыны

Білім жүйесіне енгізу өз бетімен жұмыс №3(а) оқушылармен бірлесе отырып, интербелсенді тақтада сызба құрастырамыз.

№4 есепті жеңіл есеп болғандықтан олардың есептеу шапшаңдығы мен логикасын дамыту мақсатында жарыс түрінде өткізу көзделеді.

Есепті шығарып болған топ келесі үшбұрышты қағазға жазылған жұмбақты шешіп келесі қадамды жасауларына болады. 

Жұмбақ: Төбедегі дөңгелек, жылжымайды дөңгелеп.  (Шаңырақ)

Есепті өздері оқи отырып, шарты құрастырылады. Есептеудің түрлі тәсілін қолдана отырып есептейді. 

Жолақты  -20 дәптерден 2 бума

Торкөзді – 20 дәптерден 3 бума

Барлық дәптер-?

 

№6 есеп күрделірек болғандықтан алдымен жұп болып талқылап, сосын топпен бірлесе отырып, сызба арқылы шығару ұсынылады. Егер оқушыларға түсінбейтін жағдай туылғанын байқаса  жеңіл болу үшін шеңбер түрінде көрсетуге болады.

 

Жоғарыдағы есепті қаншалықты түсінгенін бағалап білу үшін, № 6 есепті  дәптерде әр оқушы жеке орындайды.

№7 есеп бұрынғы алған білімін бүгінгі  сабақпен байланыстыруға және келесі сабаққа дайындық ретінде жүріледі.

VI Қорытынды

Бүгін сабақта не үйрендік

Көбейтудің қандай қәсиетін өттік

Мадақтау

Үй тапсырма: Бет 20 т 4.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз