Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы
Матжанова Айзада Бауржанқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ҚР-ның Конституциялық құқық ұғымы, адам және азамат құқығы, ҚР-сы президентінің, парламентінің, үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, сот билігі, конституциялық кеңестің құқықтық мәртебесі туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып алған білімдерін жетілдіреді.
Тәрбиелік: студенттерді заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Джигсо» әдісі, «Мәтінмен жұмыс», «Ассоциация» әдісі (СТО технологиясы).
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның Конституциялық заңдары, «Құқықтану» оқулық (10-сынып), бейнеролик, А4 бетшесі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)
II. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин.)
Үй тапсырмасы жазылған сұрақтар бар карточкаларды әрбір студентке үлестіре отырып, студенттерден жауап аламын.
Әлеуметтік нормаларға нелер жатады? Ж: Құқық нормалары, моральдық нормалар, саяси нормалар, эстетикалық нормалар, қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары, әдет-ғұрып нормалары, салт-дәстүр нормалары, діни, имандылық, инабаттылық нормалары.ІІІ.Жаңа сабақ. (5 мин.)
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Конституциялық құқық ұғымы.
2.Конституциялық құқықтың қайнар көздері.
3.Адам құқығы туралы түсінік.
4.ҚР-сы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық жағдайы.
Құқық жүйесінің басты саласы – конституциялық құқық болып табылады. Конституциялық құқық мынадай маңызды мәселелерді:
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер арқылы реттейді. Олар:
Конституциялық құқықтың қайнар көздері:
Конституцияның қабылдану тарихына байланысты бейнеролик көрсетемін.(5 минут.)
«Джигсо» әдісі. Екі топқа ҚР Конституциясынан бөлім бойынша заң баптарын ұсыну 5 минут талдайды, есте сақтайды және әр топ белсендісі араласып, 5 минут баптарды бір-біріне түсіндіреді.
1-топқа
II бөлім Адам және азамат (10, 11, 14, 15, 19, 20, 24, 29, 30, 32, 34, 36, 39 баптар)
2-топқа
III бөлім Президент (41, 43, 46, 47 баптар), IУ бөлім Парламент (49, 50, 51 баптар), Y бөлім Үкімет (64 бап )
«Ассоциация» әдісі (СТО технологиясы). Топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды 3 минутта студенттер оқулықтағы материалды оқып, 3 минутта берілген А4 бетшеге ортақ белгілерін түсіріп, қорғаулары тиіс.
1-топ.
Құқықтану 10-сынып оқулығы 13-15 беттер аралығы «ҚР-ның азаматтығы ұғымы».
|
Азаматтық алу |
Азаматтығын тоқтату |
Азаматтыққа қабылдамау |
|
- тумысынан; - ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде; - халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша; - «ҚР азаматтығы туралы» Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша; - ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, Қр азаматымен кемінде 3 жыл некеде тұрса. |
- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полиция, заң орындарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса; - ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса; - халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша. |
- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса; - ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса; - ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса; - террорлық әрекеті үшін сотталған болса; - сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса; - басқа мемлекеттің азаматы болса. |
2-топ.
Құқықтану 10-сынып оқулығы 17, 18,19,23 беттер аралығы «ҚР-ның Президенті, Парламенті, Үкіметінің құқықтық мәртебесі».
|
Ерекшелігі |
Ортақ белгілері |
Ерекшелігі |
|
Президент |
|
Парламент |
|
|
Ерекшелігі |
|
|
|
Үкімет |
|
Мұғалім сөзі (2 минут)
1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР-ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады (ашып тоқталу). Оның 1 бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтәк мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
IY. Қорытындылау.(3 мин.) Тест сұрақтары беріледі.
Y. Бекіту (1 мин.) Кері байланыс, кубикті бір-біріне беру арқылы кубиктегі сұрақтарға жауап беру.
|
1.Бүгін не қиын болды? 2.Бүгін алған білімің қайда керек болады? 3. Бүгін мен білдім. 4.Сіз бүгін қалай жұмыс істедіңіз? 5.Бүгін не қызық болды? 6. Бүгінгі сабақты қалай бағалар едің? |
Үй тапсырмасы.
ҚР-сы Конституциясының қалған сот төрелігі, Конституциялық Кеңес, жергілікті өзін-өзі басқару бөлімдерін оқып келу.
YI. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырған студенттерді бағалау және топты бағалау.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі