Тақырыбы: «Ұстаз - мектептің жүрегі»
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арнап безендіріледі. Мақал - мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.
Кіріспе: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім (ұстаз). Ұстаз әр қашанда қадірлі, қасиетті ұғымды білдірген.
Ұстаз деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Ол әр баланы жатсынбай жастайынан баурап, сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, білім кемесіне отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам. Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін - Мұғалімдер күні.
Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
1 - оқушы: Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат
Шаршамайтын шалдықпайтын тәйірі.
2 - оқушы Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар
Ұрпағының ертеңіне жол ашып
Өмірінің әр шақтарын құрғандар.
3 - оқушы: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның
Ұстаз деген – анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайтын еңбегін
Сен де одан білім нәрімен сусындадың.
Ән: «Ұстазыма»
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі