Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састобе поселкасы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші Жумабаева Катира Тилеухановна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім бөлімі: «Әлуметтік орта»
Білім бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: «Асханаға саяхат»
Мақсаты: балаларды бақша орталықтарымен таныстыру, ондағы заттардың атауларын білу.
Дамытушылық: қоршаған ортамен салыстыра отырып, геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны аялай білуге және үлкендердің сөзіне құлақ түруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ыдыс аяқтар, шөлмек, дақылдар, қамыр, оқтайлар, алжапқыштар, бас киімдер, шелпек нан.
Тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, саяхатқа шығу.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Баланың қызметі |
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, келген қонақтармен амандастыру. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Иә, қыс мезгілі, күн суытып құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Бірақ біқ күннің суығанынан қорықпаймыз. Себебі біздің топ жылы, солай ма балалар? Балалар бүгін сендермен асханаға қонаққа барып, онда қандай адамдар жұмыс істейтіндерімен танысамыз.Қанекей балалар келіңдер, бәріміз шаттық шеңбер жасап, өлең жолдарын айтайық. Біздің балабақша Балабақша есігін Үшке толы ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз. Бұл екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің гүліміз, Біз осы үйдің сәніміз. -Балалар келіңдер орындарымызға отырайық. |
Балалар амандасады -Қыс
-иә
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады.
Балалар орындарына отырады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Рефлекциялық -түзетушілік |
- Балалар біздің балабақшамыз қанша қабатты? - Біздің балабақшамыз үлкен бе, кіші ме? - Балалар сендердің естеріңде ме, біз Венера апай бәрімі балабақшадағы барлық бөлмелермен және қызметкерлермен танысқан едік қой. Естеріңде ме? Біздің балабақшада асхана, кір жуатын бөлме, медбике бөлмелері бар. - Балалар кір жуатын бөлмеде не жуады? - Ал медбике бөлмесінде кім бар екен? - Медбике апай бізге не береді? - Асханада кімдер бар екен? - Асханада асханашылар бізге не пісіреді? -Дұрыс айтасыңдар, тамақтар пісіреді. Асханада асханашылар бізге тәтті тағамдар дайындайды. Асхананың іші таза болу керек. Асханада ыдыс аяқтар көп. Қазан, ожау, леген, қасық, пышақтар өте көп. Біздің балабақшамыздың асханасы төменгі қабатта орналасқан. Асханада шырындар, сусындар, салаттар, сиыр еттері, балықтан тағамдар пісіреді. Балалар біз осы асханаға саяхатқа бармай тұрып, біз асхана ыдыстарымен танысып алайқшы. Жарайды ма балалар? -Қанекей балалар біз асхана ыдыстарымен таныспай тұрып, асханашыларға ұқсап киініп алайықшы. (алдын ала топтың бір шетіне асхана жабдықтарын дайындап қоямын) Ал балалар мұнда келіңдер. Мына тұрған ыдыс-аяқтар, бұлармен тамақ пісіріп, шәй қайнатады. /балаларды асханадағы барлық заттармен жеке-жеке таныстырамын/ Жарайсыңдар балалар, қанекей енді ер балалар сендер мына үстел басына, ал қыздар мына үстел басына келе қойыңдар. /ер балалардың үстел үстіне шөлмек, дақылдар (тары, жасымық, маш, ноқат) дайындап қоямын/ Қыздардың үстелдерінде ашыған, зуланған қамыр, ұн, оқтайлар дайындап қоямын/ - Қыздар, ұлдар бәрің маған қараңдаршы, мен сендердің қазір не істейтіндеріңді түсіндіріп, көрсетіп берейін. - Ұлдар сендер мына шөлмекке, мына ыдыстағы тары, жасмық, машты қасықпен алып, шөлмеккесаласыңдар, жарайды ма? - Ал мына ноқатты қолдарыңмен алып шөлмекке саласыңдар. - Міне, мынау ыдыстағылар тары, ал мынау маш, ал мына ыдыстағы жасымық. - Ал мына үлкен сары түсі сары, өзі дөңгелек, бұл ноқат екен. -Қыздар енді сендерге келсек, мына алдарыңдағы қамырды жаю үшін сендерге не дайындап қойдым, мынау не? -Дұрыс айтасыңдар, сендер осы оқтаймен қамырды жайыңдар. Қамырларың жабысып қалмас үшін, ұнды сеуіп пайдаланыңдар. -Ал, ұлдар қалайсыңдар? Дақылдарды салып болдыңдар ма? - Ой жарайсыңдар! Енді шөлмектеріңді қолдарыңа алып, бір қолдарыңмен шөлмектің аузын жауып, шайқап көріңдерші, қандай дыбыстар шығады? -Қанекей қыздар, сендер қамырларыңды жайып болдыңдар ма? Болмаңдар маған бір-бірден әкеліңдер, қазанға салып пісіріпалайық. /қазанның ішіне піскен шелпек салып дайындап қоямын, қыздар пісірген шелпекті салып, піскен шелпек алып шығады/ - Қанекей, ұлдар, қыздар шеңбер құрып, жаттығу жасап демалып алайықшы. «Қоймаған» саусақ жаттығуы. /Балалар беторамалдың ұшынан ұстайды да, біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек/ Қарным менің қомағай Бәрін–бәрін жұтады. Қомағайдың қарны енді, Сусиырдай болып кетті. Балалар келіңдер енді қатарға тұрып, асханаға саяхатқа барайық. Сендер білесіңдер ме, асханаға сыртқы киіммен кіруге болмайды. Асханада пештің үстінде үлкен, үлкен кәстрөлдер қайнап тұр. Асханаға барғанда өзімізге абай болайық. -Жүріңдер жолға шығайық, жолға шықпас бұрын тобымыздағы қонақтармен қоштасып алайық. /балаларды алып асханаға барамын/ - Ұлдар, сендер шөлмекке нелер салдыңдар? - Ал қыздар сендер қамырдан не пісірдіңдер? - Балалар біз қайда бардық? - Асханада нелер пісіп жатыр екен? Балаларға ашық оқу қызметінің аяқталғанын, олардың оқу қызметіне жақсы қатысқандары үшін мақтап, мадақтаймын. |
-Екі қабатты
-Үлкен
-кір жуады
-медбике апай -дәрумен береді. -асханашылар
-тамақтар пісіреді.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдай алды.
Жарайды.
Балалардың бастарына бас киім, алдарына алжапқыш тағамын.
Балалар біраз ыдыс-аяқтарды танитындарын және білмейтіндерін айтты.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Жарайды Балалар қасықтарымен дақылдарды сала алды. Дөңгелек
Оқтай
Қыздар қызыға қамырды жайып, ұнды қолдана алады.
Ұлдар шөлмекті қолдарына алып, бір қолдарымен шөлмектің аузын жауып, шайқайды. Сықырлайды Балалар саусақ жаттығуларын орындай алады. Сау болыңыздар!
Дақылдар.
Шелпек.
Асханаға. Тамақтар. |
Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: балабақшада тамақты асханашылар пісіретінін;
Игереді: асхана сырт киіммен кіруді.
Орындайды: балалар саусақ жаттығуларын.
Бекзат
ПАйдама жарады