Атырау қаласы Индер ауданы Елтай ауылы
"Қызғалдақ" мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Минжасова Асел Алибековна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Су - өмір нәрі»
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның тірі табиғат тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Методикалық әдіс тәсілдері: Жұмбақ шешу, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ- жауап, дидактикалық ойын, ғажайып сәт, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Слайд, су, айран, мұз, айна, қант, құм, субояқ, ойын суреттері.
Қос тілді компонент: Табиғат-природа, су-вода, қар-снег.
Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, қараңдаршы, бүгін сондай ерекше күн. Көптеген апайлар қонаққа келген екен, қанекей қонақтармен амандасып, бүгінгі күніміз көңілді де, қызықты өту үшін шаттық шеңберіне дөңгеленіп тұрайық.
Шаттық шеңбер
Арайлап атқан таңға сәлем!
Шуағын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп, тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
Жарайсыңдар, балалар, орнымызға жайғасайық.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, күн, су, ауа керек пе біздерге?
Ия күн, су, ауа керек біздерге.
Осының барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Табиғат деп атаймыз.
Табиғат екіге бөлінеді: өлі және тірі табиғат болып.
Қане бәріміз қайталайықшы.
Өлі табиғатқа: су, ауа, күн, топырақ, бұлт, жаңбыр жатады.
Тірі табиғатқа: адамдар, гүлдер, құстар, жан-жануарлар, балықтар жатады.
Мен бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып. (Су)
Балалар, судың адамға пайдасы қандай?
Пайдасы көп, онсыз өмір сүре алмайды.
Суды үйде қандай жағдайда біз көп қолданамыз?
Сумен тамақ пісіреміз, үй жинаймыз, беті-қолымызды жуамыз.
Өте дұрыс. Сондықтан да балалар су табиғаттағы өмір сүретін барлық тіршілік атаулыға қажет.Мысалы, адам шөлдегенде не ішеді?
Ия су адамның шөлін қандырады екен. Ендеше бүгін біз осы судың ерекше қасиеттерін тәжірибеден бақылаймыз.
I тәжірибе. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа-райы қандай болады?
Қыста жер бетінде не болады?
Қардың түсі қандай?
Қарды алақанымызға ұстасақ не болады?
Мысалы қар қай мезгілде ериді?
Неге? Көктемде ауа-райы қандай болады?
Осы қар ерісе неге айналады?
Дұрыс балалар.
Ал қыста су қатып мұзға айналады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп су болады. Біраздан кейін су салқындайды. Өйткені мұз суық, ол еріді. Ал суық суға мұз ерімейді. Ол тек су бетінде қалқып тұрады. Оны мынадан байқауға болады. Мұзды суы бар стаканға салсақ ол көпке дейін батпай қалқып тұрады. Өйткені мұз судан жеңіл.
II тәжірибе. Ал балалар судың түсі қандай?
Ал су сұйық па, әлде қою ма?
Ал айран қандай болады?
Балалар суды екінші ыдысқа құйсақ су бірден тез құйылады. Су сұйық сондықтан ағады, егер су сұйық болмаса, онда өзендерден, крандардан аға алмас еді. Ал айран қою болғандықтан баяу құйылады. Екеуін салыстырсақ түстері қандай? Әдетте ақ деп айтамыз, бірақ су сұйық болғандықтан мөлдір, ал айран аппақ қоймалжың болады. Ал судың мөлдір екенін былай байқауға болады. Қасықтың бірін су құйылған стаканға салып, екіншісін айранға салсақ, қасықты қайсысынан көруге болады? Яғни судың түсі мөлдір екен.
Сергіту сәті.
III тәжірибе. Ал балалар шай ішу үшін алдымен суды не істейміз?
Су қайнағанда судан не шығады? Бу ауаға шығып ол тарайды. Будың өзі балалар, су. Ол үшін ыстық су құйылған ыдыстың бетіне айнаны қойсақ ол буланып, бу бірте-бірте су тамшыларына айналады. Осыдан кейін тағы су пайда болады.
IV тәжірибе. Біздің шайымыз дәмді болу үшін не қосамыз?
Сендер қантты ұнатасыңдар ма? Оның дәмі қандай?Түсі қандай?
Ендеше қантты ыстық суға салайын. Ол еріді. Ал құмды салайын, ол қант сияқты ери ме? Қант тез ерігіш болғандықтан, бірден суда ериді және шайымыз тәтті болады. Ал құм суда ерімей, түбінде тұнып тұра береді де ол балшыққа айналады сумен араласып.
Қосымша тәжірибе. Балалар судың түсін өзгертуге болады. Мысалы сендер дүкеннен тәтті шырындар аласыңдар. Ол шырындардың дәмі де, түсі де әртүрлі болады. Ол неліктен әртүрлі болады деп ойлайсыңдар? Себебі шырындар түрлі жеміс-жидектерден жасалады.Мысалы шие шырыны қызыл болады. Апельсин шырыны сары болады. Қазір біз апельсин шырыны сияқты сары түспен бояп көрейік. Суымыздың түсі қандай болды? Бояуымыз суда еріп, оның түсі бірден өзгерді. Балалар, сендер ойламаңдар біздің ішетін шырынымыздың бәріне осылай бояумен бояйды деп, қателесесіңдер. Олар таза әртүрлі жемістің шырынынан жасалады. Әр жемістің дәмі әртүрлі, соған орай шырыны да ерекше дәмді болады.
Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғатты ажырату»
Балалар бүгінгі оқу қызметін меңгергенімізді білу үшін «Ия–ия, Жоқ-жоқ» ойынын ойнап жіберейік.
«Ғажайып сәт»
Осы кезде есік қағылып балабақша медбикесі кіреді. Мен осы жерден өтіп бара жатырып сендердің су туралы көп нәрсе біліп жатқандарыңды естіп қалдым. Менің де сендерге айтар кеңестерім бар.
1. Өзендерден, балдан аққан суды ішуге болмайды.
2. Жеміс-жидектерді, көкөністерді жумай жеуге болмайды.
3. Суды бекерден-бекер ластап төгуге болмайды.
Медбике балаларға риза болып дәрумендер сыйлайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Өлі және тірі табиғат туралы,судың өлі табиғатқа жататынын.
Нені меңгерді: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерін, сусыз тіршілік болмайтынын.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі