Атырау қаласы Индер ауданы Елтай ауылы
«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Джамбаулова Арай Акенбековна
Білім беру саласы: Таным
Ұ.О.Қ: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 7 саны және апта күндері
Мақсаты: 7 саны және цифрын енгізу, цифр мен заттың санын сәйкестіндіруді үйрету, сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру. Аптадағы күндердің атауын жаттау, балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру. Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Күнтізбе, үлестірмелі материалдар, слайд арқылы суреттер
Жүру барысы:
Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті. Қане бәріміз амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем делік үлкенге
Сәлеметсіздерме апайлар!
Қане балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар? Қыс мезгілінде қанша ай бар? Оларды атап қөрейікші
Балалар өткен математика оқу іс-әректінде біз қандай санмен танысқан болатынбыз? Иә, 6 санымен танысқан болатынбыз. Ендеше балалар 6-ға дейін тура және кері санап көрейік. Алдымыздағы жолақшаларға сандарды ретімен қойып шығайық,қане кім тақтаға шығып қойып береді? Қалғалғандарымыз алдымыздағы жолақшаға ретімен алтыға дейін қойып шығайық.
Балаларға өткен сабақты қайталау ретінде логикалык есептер шығартамын. Балалар тақтаға назар аударайық,тақтадан нені көріп тұрмыз? Иә, сиыр неше сиыр бар?екі сиырда қанша мүйіз бар?
Бір мысықта неше аяқ бар? Аспанда неше күн бар? Бағдаршамда неше көз бар? Бір қолда неше саусақ бар?
Жарайсыңдар балалар.
Енді балалар бүгін біз 7саны және апта күндерімен танысамыз. 7 саны қазақта киелі сан,мынадай халық аузында нақыл сөздер бар, жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн, жеті мүше, жеті қарақшы. Жеті саны алты санынан кейін тұрады. Жеті саны неге ұқсас? Балалар қане 7 санын ауада жазып көрейік,ендеше 7 ге дейін санаймыз тура және кері санайық. Жеті орысша семь деп аталады. Алдымыздағы жолақшаға жеті санын орналастырайық. Балалар мен сендерге бір таппақ оқып берейін, сендер мұқият тыңдандар не туралы екенің.
Сәл демалып тынығып ал,
Тақпақ тыңдап ұғып ал.
Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар
Сол жеті ұлдың
Жастары бір,
Әр ұлдың өзіне тән аты бар.
Бірі кетсе екіншісі келеді
Жеті бауыр адаспас
Зымырайды желеді
Ешқашанда шатаспас.
Балалар тақпақ не туралы айтылған? Иа апта күндері туралы айтылған екен. Балалар бір айда төрт апта болады.Балалар бір аптада жеті күн болады. Біз балабақшаға неше күн келеміз? Неше күн демаламыз? Сонда бір аптада жеті күн болады. Апта деген парсының «жеті» деген сөзінен шыққан. Қане жеті күнді атап шығайық.
Біріншісі - Дүйсенбі
Екіншісі - Сейсенбі
Үшіншісі - Сәрсенбі
Төртіншісі - Бейсенбі
Бесіншісі - Жұма
Алтыншысы - Сенбі
Жетіншісі - Жексенбі
Балалар тақтаға назар аударайық, мынау қүнтізбе деп аталады. Ай атауы жазылады. Бір айда төрт апта болады. Сол айдағы апта күндері рет-ретімен жазылады. Біздер әр күнді үлкен үмітпен қарсы алып, бала дүйсенбіде дуниеге келсе Дүйсенбек, Дүйсенбай, сейсенбіде туса Сейсенбай, жұмада туса Жұмабек, Жұмагул деп ат қойған.
Балалар енді тапсырмаларымызды орындайық. Ендеше тапсырмаларды орындауға әзірміз бе?
Тақтаға қарайық
1-тапсырма: Бір талда алты алма жерде бір алма,барлығын қосқанда,болады неше алма?
2-тапсырма:
Жарқылдан соң жанағы,
Суға толды бар алқап
Көкте турлі жолақты
Өрнек тұрды ғаламат. (Кемпірқосақ)
Қане балалар кім айтады кемпірқосақта неше түс бар? Қане олай болса бәріміз бірге кемпірқосақтың түстерін атап құрастырайық
Сергіту сәті:
Дүйсенбіде кір жудым,
Сейсенбід үй жудым
Сәрсенбіде нан жауып,
Бейсенбіде шаң қудым.
Жұма күні демалып,
Сенбі күні торт алып,
Жексенбіде қонақ шақырдым.
3-тапсырма: Балалар бұл үйлерде ағайынды жеті бала тұрады. Үйлерді нөмерлеп шығайық.
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма? Қане тағыда апта күндерін қайталап көрейікші. Кім апта күндерін атап береді. Және қандай санмен таныстық? Ендеше тағыда жетіге дейін тура және кері санайық. Балалар бүгінгі оқу қызметіне өте тамаша қатыстыңдар. Сендерге рахмет. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарын үшін сендерге жұлдызша беремін, әр қашанда осылай жұлдыздай жарқырап жүре беріндер. Қане орнымыздан тұрып апайларға саубол айтайық.
Балаларды, бағалау мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 7 саны көлемінде тура және кері санауды біледі.
Нені игерді: Апта күндерінің атауын және олардын ретін игерді.
Нені меңгерді: Апта күндерін ретімен атап шығуды меңгерді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі