Өлең, жыр, ақындар

Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе

Атырау қаласы Индер ауданы Елтай ауылы
«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Жамиева Алтынай Уразовна

Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері.Аппликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту  әдебімен таныстыру, таным-түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін  жетілдіре отырып, дайын түрлі-түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.  
Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Балалард  мейірімділік, қонақжайлылық, кішіпейілділік, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, сұрақ-жауап, ой-қозғау,сергіту сәті, көрмені шарлау.
Пайдаланатын көрнекіліктер: Суретті слайд, тақырыпқа сай суреттер.
Қажетті–құралдар: Түрлі-түсті қағаздан қиылған кесе, қызғалдақ гүлі, желім, ақ қағаз, дымқыл шүберек.

Жүру барысы:

Шаттық шеңбер.

Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінігі күнімізді бастайық!

- Балалар бір аптада неше күн бар?

- Бір аптада 7 күн бар.

- Балабақшаға неше күн келеміз?

- Балабақшаға 5 күн келеміз.

- Балалар аптаның бейсенбі күні бізге қандай оқу–қызметі болады?

- Экология негіздері. Аппликация

- Балалар осы экология негіздерінен өткен тақырыптарымызды есімізге түсірейікші?

- Жарайсыңдар балалар!

- Біздің табиғат бұрышымыз. Мамандықтың бәрі жақсы. Өзім туралы. Менің көмекшілерім. Туған өлкенің өсімдіктері  т.б.

- Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қонақ әдебі туралы әңгімелейміз. Қазақ халқы - қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастархан жаямыз.

- Қазақ халқы қашаннан қонақжай халықпыз, дастарханннан дәм  кетпеген «Қонақ келсе - құт» әкеледі деп әң тәтті тамақтарын қонақтарына қойған. Үйіне келген қонағын қадірлей білген, сый-құрмет қошемет көрсетіп кішілік  танытқан .

Дидактикалық ойын: «Не жасырылғанын тап»

Шарты: Тақтада ыдыстардың түрлі суреттері ілулі тұрады.

Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет жоқ екенін айтады.

Тәрбиеші: Келген қонақтарға көрсетілетін құрметіміз мамаларымыздың толтырып жайған дастарханы екен.

- Балалар мамаларың үйлеріңе қонақтар келгенде дәмді тамақтар пісіреді ме?

- Қандай тамақтар пісіреді?

- Ата-аналарың келген қонақтарды күтіп, құрмет көрсетеді ме?

- Ия

- Келген қонақты қайда отырғызады?

- Үстел басына шақырады.

Үстелге не төсейміз?

- Дастархан.

- Дастарханға не қоямыз?

- Әр түрлі тағамдар қоямыз.

- Тағамдарды неге саламыз?

- Ыдыстарға

-Ыдыс-аяқтың қандай түрлерін білесіңдер.

-Бұларды балалар бір сөзбен ыдыстар деп атайды екенбіз.

Сергіту сәті.

Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

- Балалар сендер өте дұрыс айтып отырсыңдар, енді бүгінгі оқу қызметімізде қонақтарға шәй ішуге ұсынатын, қызғалдақ гүлімен  әшекейленген кесемізді  жапсырайық.

- Балаларға жасалу жолын көрсетіп түсіндіремін.

Балалардың жұмыстарын қарап, жеке көмекті қажет ететін балаларға көмектесемін.

Қорытынды: Қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін, бекіту, жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, оқу қызметін  қортыпдылап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:  

Нені біледі: Қазақ халқының қонақжайлылығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі қонақ әдебімен танысып білді.
Нені меңгерді:  Қағаздан қиылған кесені желімді пайдалана отырып, қызғалдақ гүлімен безендіруді меңгерді:


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз