Өлең, жыр, ақындар

Кел, танысайық! Сөйлеу

Пәні. Сауат ашу негіздері

 

1-тарау. Мен кіммін жəне қандаймын? ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық! Сөйлеу

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу

мақсаттары

0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл),  сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану.

Күтілетіннəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде сұрақтарға жауап береді. Суреттің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйлеудің не үшін қажет екенінұғынады.

Ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерін ажыратады.

Адамдардың сөйлеу тəсілінің əртүрлі болатынын біледі (ауызша, жазбаша, қимылмен).

Көпшілік тəрбиеленушілер: Сөйлеудің не үшін қажет екенін айтады. Сөйлемнің мағынасын түсінеді.

Өзі туралы толық айтып берді.

Досымен қалай танысқанын əңгімелейді.

Жазбаша сөйлеу түрін қолмен жазу, компьютермен жазу арқылы жүзеге асыруға болатынын біледі.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Мазмұндау барысында өзіне таныс жағдайды əңгімелейді. Бір-бірімен ым-ишарамен сөйлеседі.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Өзі туралы айтып береді.

Өзара диалог құрады.

Ым-ишара арқылы бір-бірімен сөйлеседі.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Құлаққап (наушник), пернетақта (клавиш).

 

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай жақсы сөздерді естідің?

Сенде өзіңді таныстыр. Неше жастасың? Əнуар сөзді қалай тыңдады?

Айгүл мен Əлия бір-бірімен қалай сөйлесті? Балалар өз ойын достарына қалай жеткізді?

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын түсіндің бе?

 

Өткен ҰОҚ бойынша алған білімі

Мектеп ауласы, күз мезгілі туралы пікірлесіп, балалармен қалай танысқаны туралы айтады.

Сөйлеу туралы мағлұмат алып, ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерімен танысады. Балалар сөйлеудің əр түрін қолданып, сөйлесіп оқу қызметін қорытындылайды.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

 

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай жақсы сөздерді естідің?

Сенде өзіңді таныстыр. Неше жастасың? Əнуар сөзді қалай тыңдады?

Айгүл мен Əлия бір-бірімен қалай сөйлесті? Балалар өз ойын достарына қалай жеткізді?

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын түсіндің бе?

 

Өткен ҰОҚ бойынша алған білімі

Мектеп ауласы, күз мезгілі туралы пікірлесіп, балалармен қалай танысқаны туралы айтады.

Сөйлеу туралы мағлұмат алып, ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерімен танысады. Балалар сөйлеудің əр түрін қолданып, сөйлесіп оқу қызметін қорытындылайды.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы сөздер айтқызады.

Балалар өздеріне ұнайтын жақсы тілектерін айтады.

Шаттық шеңбері

– Кəне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Күлімде күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

(Ұ) Ойын: «Жануарларды қимылына қарап анықта!»

Шарты: Ортаға бір бала шығады. Ортадағы баланың құлағына кез келген жануардың (қоян, ит, мысық, аю, қасқыр) атын атайды. Бала естіген жануарын балаларға түсінікті болатындай қимылмен көрсетеді.

Қалған балалар ортадағы баланың қимылына қарап, қандай жануар екенін табады. Бірінші тапқан бала ойынды ары қарай жалғастырады. Балалардың ым-ишара арқылы сөйлеуге, бір- бірін түсінуге болатыны туралы түсініктері кеңейеді.

 

 

 

0–2мин.

 

 

 

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

 

 

 

Əліппе-дəптер.

3–5 мин.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ, Ж). Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

 - Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрсыңдар?

 - Балалар қандай киімкиген?

 - Олар бір бірімен қалайамандасты?

 - Балалар бір-бірімен қалайтанысты?

 - Олардың жастарынешеде?

 - Қыздар жапырақтан не жасады? Сұраққа жауап толық жауап береді. Танысу туралы өз ойларын айтады.

2-тапсырма. Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай сөйлесіп тұрғанын айтады.

 - Əнуар сөзді қалай тыңдап отыр?

 - Айгүл мен Əлия қалай сөйлесіп отыр?

Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын түсінеді.

Əліппе-дəптер.

 

 

Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын балалар сұрақтарға жауап бере отырып анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-бірімен түсінісетінін біледі. Сөйлеу дегеніміз оқу, жазу, сұраққа жауап беру екенін біледі. Сонымен қатар қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне айғайлап жеткізетінімізді біледі.

Бой сергіту жаттығуы: «Би билейміз» əнін қимыл-қозғалыспен орындайды.

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Бас аяқты – топ, топ, топ,

Шапалақта – хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Басымызды иеміз, би билейміз, күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс

3-тапсырма

Бірінші суреттегі баланың іс-əрекетін айтады.

– Бала қағазға не жазып отыр? Ол нені қолданды? Екінші суреттегі қыздың іс-əрекетін айтады.

- Қыз компьютерге не жазы потыр?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе-дəптер.

 

Музыкалық сүйемелдеу.

 

– Жазу үшін не қолданды?

Екі суретті салыстырып, өз ойымызды жазбаша білдіруге болатыны туралы қағазға жазу арқылы жəне компьютерге жазып пошта арқылы хат жіберіп сөйлесуге болатынын біледі.

4-тапсырма

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын табады.

Балалар бір-бірімен суреттегідей ымдап сөйлеседі.

5-тапсырма

Мектепте қандай оқу құралдарды қолданамыз? Олар бізге не үшін қажет?

Балалар тек жазу құралдарын белгілейді.

Балаларға қарындашты дұрыс ұстау тəсілін көрсетіп , орындықта кеудесін көтеріп дұрыс отыру керек екенін түсіндіреді.

Орындықта дұрыс отырмаудың салдарынан

омыртқа жотасының қисаятынын айтып, көрнекі суреттерді көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Партада дұрыс отырған баланың суреті.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

 

28-30 мин.

0орытынды жасаймын, балаларды марапаттайды.

Кімге оқу қызметі ұнады?

Балаларға сөйлесудің қандай түрі ұнады?

Сенің ойыңша, достарыңмен қалай танысу керек?

(Ө)Рефлексивті бағалау:

Балалар өз жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.

 

Əліппе-дəптер


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз