Өлең, жыр, ақындар

Абзацтар, шегіністер және интервалдар

№167 Жалпы білім беретін мектеп
Информатика пәні мұғалімі Доспанбетова Сандугаш Саулебаевна

Пәні: Информатика

Мерзімі: 17.01.2018

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы

 Абзацтар, шегіністер және интервалдар.

Жалпы сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  Microsoft Word бағдарламасынның элементтерімен таныстыру. Оларға абзацтар, шегіністер және интервалдармен жұмыс істеуді, басқа мүмкіншіліктерді қолдануын  меңгерту.

Дамытушылық: Офистік бағдарламалардың таныстырылымдар құру программасын меңгерте отырып, шығармашылық және эстетикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелей жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың шеберліктері мен тапқырлықтарын шыңдау.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты оқушыларды сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  •  Бағдарламаны іске қосуды біледі;
  •  Абзацтың не екенін біледі.
  •  Шегіністің не екенін біледі.
  •  Интервалдың  не екенін біледі.
  •  Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;
  •  Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыланады.

Түйінді идеялар:

  Абзацтар, шегіністер және интервалдаржұмыс істеуді үйренеді.

  Microsoft Word-та жұмыс істеу принциптерімен танысады.

Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
5. Бағалау парағын таныстыру.
6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
7. Жаңа тақырыпты түсіндіру
8. Тәжірибелік жұмыс орындату
9. Сабақты бекіту
10. Кері байланыс орнату
11. Бағалау
12. Үй тапсырмасын беру

1. Сәлемдесу
2. Өздерін ретке келтіру
3. Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту
4. Топқа бөліну
5. Бағалау парақшасына есімдерін жазу
6. Сабаққа зейін қою
7. Тақырыпты тыңдайды
8. ЕТ алдында таныстырылым құрады
9. Сабақтан алған  білімдерін бекіту
10. Алған білімдерін шыңдайды
11. Бағаларын естиді
12. Үй тапсырмасын түртіп алады.

Жұмыс түрлері

Жеке жұмыс

Топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Белсенді оқытуда қолданылатын

әдіс-тәсілдер:

СТО, АКТ, диалогтық оқыту

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер:

Компьютер, ИТ, презентация, үлестірмелі карточкалар, бағалау парақшасы, киіз үй жабдықтары.

Сабақ жоспары:

 

 

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут
  2. Топқа  бөлу – 2 минут
  3. Үй тапсырмасын тексеру – 6 минут
  4. Жаңа сабақты түсіндіру – 9 минут
  5. Тәжірибелік жұмыс – 10 минут
  6. Сабақты бекіту – 4 минут
  7. Кері байланыс – 3 минут
  8. Оқушыларды бағалау – 3 минут
  9. Үй тапсырмасы - 1 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Сабақтың мақсаты мен шарттарын жариялау.

Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару.

  Оқушылар сәлемдеседі

  Сабақтың мақсаты мен шарттарынымен танысады.

  Тынышталып, назарын сабаққа аударады.

2. Топқа бөлу

“Қазақ үй” ішінен оқушылар үй жабдықтарын алып, артында “paragraph”, “indent”, “interval” топқа бөлімін.

“Қазақ үй” ішінен үй жабдықтарын алып, артында “ paragraph”, “ indent”, “ interval” топқа бөлінеді.

 

3. Үй жұмысы

 Оқушыларға үй тапсырмасын қайталау үшін, бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарқажауап береді.Көшбасшы дұрыс жауап берген оқушыға бағалау парағына тиісті бағасын қояды.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыларды көшбасшы бағалап отырады.

1. Кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға арналған қолданбалы компьютерлік программа .............. деп аталады. (мәтіндік редактор)
2. Microsoft Word – ты қалай іске қосамыз?................
3. Қалып-күй жолы не үшін керек?
4. Мәтіндік редакторды іске қосқан кезде экранда не пайда болады(терезе)
5. Құжатты сақтау үшін қандай қоманда орындаймыз?
 (Файл – сохранить как..... ат беру........)

6.   батырмалардың қызметі қандай?

7.   батырманың қызметі қандай?

8.   батырманың қызметі қандай?
9.  батырманың қызметі қандай?
10.   батырманың қызметі қандай?

11.     батырманың қызметі қандай?

12.    батырманың қызметі қандай?

4. Жаңа сабақты меңгеру:

Мен неліктен сендерді осы аттар арқылы топқа бөлдім деп ойлайсыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерің айта аласыңдар ма?

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абзацтар, шегіністер және интервалдар»

Осы тақырыпты меңгеру үшін оқулықты ашамыз.

Жолақтың Басты→Абзац тіркеме парағындағы бұйрықтардың көмегімен кез келген мәтіндегі түзеу мен шегіністерді өзгертеміз.

Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауғу және қайта қоюға болады. Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр→Көрсету немесе →жасыру Сызғыш бұйрығы жауапты

 

Әр топ оқушылары тақтаға мұқият қарап түсінеді.

 

5.Тәжірибелік  жұмыс

 Реферат үлгісін жасау

Компьютерге отырып жұмыс жасау.

Сабақты бекіту

«Сиқырлы шарлар» арқылы сұраққа жауап бер

1. Форматтау панелінің батырмаларын тап? (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

2. Мәтінді туралайтын батырмалардан тұратын асқабақтарды жина!

Бағалау бағалау парағы бойынша өздеріңді бағалайсыздар

 

Үй тапсырмасы §18, 103 бет

106 беттегі сұрақтарға жауап беру

Үй жұмысын күнделікке жазып алады

Кері байланыс

Әр топ бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлері бойынша бастапқы топқа бөлінген жазып іледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз