Өлең, жыр, ақындар

Мәтінді пішімдеу. Әріптер

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атакент кенті
Мақтарал мектеп-гимназиясы информатика пəні мұғалімі
Сактаганов Ержан Маратович

Информатика 5 сынып

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер.
Мақсаты: берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.
1) Білімділік: мәтінді пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері, символдар дыпішімдеудің пернелер комбинациясы, мәтінді туралау, оны
тасымалдау туралы білім беру.
2) Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабіл еттерін, білік-дағдыларын дамыту, машықтандыру. Өз беттеріншежұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3) Тәрбиелік: алғырлық пен білімділікке, өзара жолдастыққа, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, слайд пен жұмыс, электрондыоқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
- Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтін теру ережелерін атаңдар.
- Мәтіннің басына бос абзацты қалай қоямыз?
- Мәтінді жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.
- Бас әріпті қалай енгіземіз?
- Дефис пен тиренің айырмашылығы қандай? Мысал келтір.
- Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.
- Мәтін бөліктерін қалай ерекшелеуге болады?
ІІІ. Білімді өзектендіру!

     

ІV. Жаңа тақырып: Мәтінді пішімдеу. Әріптер.
Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады:
- контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту
- пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін немесе енгізілгеннен кейін орындалуы керек

Әріптің кескінін мына батырмамен             
Әріптердің көлемін, оны үлкейтіп кішірейтуге өзгертуге болады. Келесі үш батырманың қызметі:
Ж- әріптерді жуандатады, Ctrl+В (В-Bold сөзінен)
К- әріптерді қисайтады (курсив деп аталады), Ctrl+І   (I-Italic сөзінен)
Ч-мәтіннің астын сызады
Мәтінді пішімдеу құралдары негізінен таспадағы Басты қойындысының Қаріп тармағында орналасады.

Таспаның Басты қойындысы

Таспада көрсетілген түймешіктердің атаулары мен рөлдері туралы ақпаратты төмендегі кестеден көріңіз.

V. Демалыс сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
•    Алақанды уқалау.
•    Қолды қысу
•    Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
•    Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
•    Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса.
Тапсырмалар:
   

   

Бекіту: WordPad терезесін плакатқа құру.
Қорытынды. Үй тапсырмасы және сабақ қатынасына белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: «Мәтінді пішімдеу. Әріптер» тақырыбын оқып келу.


Пікірлер (3)

Алтынай

Керемет болды

Ақнұр

Осы пішімдеуге бір мысал керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз