1 жүрг.
Армысыздар, құрметті оқытушылар, өндіріс шеберлері және білім алушылар! Бүгінгі «Әнұран-мемлекеттің салтанатты әні» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
2 жүрг.
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраным.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран дей келе кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1 жүрг.
«Барлық уақытта да және барлық халықтың да мемлекеттілігі мен Тәуелсіздігінің біртұтас белгісі болып мемлекеттік рәміздер табылады. Бізде ұлылыққа негізделген идеяға бай Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз бар» — деген болатын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
2 жүрг.
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
1 жүрг.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
2 жүрг.
Ендігі кезекте ҚР 1992 және 2006 жылдары бекітілген Әнұранға кезек береміз. ( Хор).
1.Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!
2. Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі -
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!
3. Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!
1 жүрг.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Жаңа әнұранның негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған,халыққа танымал патриоттық ән- "Менің Қазақстаным". Бұл ән-жалынды жастықтың әнұраны, халық жанының нағыз поэмасы болып танылған.
2 жүрг.
2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында "Мемлекеттік нышандар туралы" Жарылыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа әнұраны болып атақты ән- "Менің Қазақстаным" (Мой Казахстан) болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан әнұранының сөзін уақыт өлшемімен үндестірілген бірлескен автор -еліміздің Президенті.
1 жүрг.
Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа әнұран 2006 жылғы 7 қаңтардағы "Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Елбасы қол қойған № 112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары - ресми жариялау күні - тарихқа еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде жазылып отыр.
2 жүрг.
Музыкалық-поэзиялық нышанның алғашқы ресми орындалуы «Ақ Орда» Президент сарайында Астанада еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми инаугурациясы кезінде болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторлары болып Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев табылады.
1 жүрг.
Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов - композитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Оның шығармашылық қызметі 1950 жылдан басталады.
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов - белгілі ақын, Жастар сыйлығының лауреаты.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. 1991 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті.
2 жүрг.
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернеп жүректі, -енді әнұранның шығу тарихы туралы толық мағұлмат білу үшін экранға назар аударайық.
Видео ролик: «әнұранның тарихы».
Ән. Бекзат «Қазақстан»
1 жүрг.
Қазақ елінің әрбір рух тайпасының таңба-белгілері, жалауымен қатар әнұраныда болған. Қытайлар гимнді "го-ге", мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар Отан өлеңі, Отан әні деп біледі. Ал гректің гимн сөзін қазақшаласақ "ұран", "ұран салу", "жар салу" деген ұғымды береді.
2 жүрг.
Жауға қарсы шапқанда сарбаздарды жігерлендіріп, күш қайрат беруде алты алаштың ұраны "Алаш" болған. Ал жеке ру-тайпаларының аруақты көсем не ер жүрек батыр,беделді хан билерінің атына байланысты өз ұрандары болған.Ол ұрандар сарбаздарға жоғарғы рух беріп, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырылған.
1 жүрг.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып
Жаңғыртады аймақты.күй: Рауан
Шапағат: Әнұраным, қыран қанат асқағым,
Сәнге бөле Тәуелсіздік аспанын.
Жеңістерде шырқалғанда сан мәрте,
Рухымызды биіктерге бастадың.
Әр сөзіңнен тарихымды таныдым,
Батырлардың қалқанындай қалыбың.
Елдік әнім, намысымды қайрадың,
Ерге-ұраным, жігерімді жаныдың.
Әнұраным, сенде ерек сыр бардай,
Жан-жүргегім сезіміңе тұнғандай.
Сен шырқалсаң, береке мен бақ тілеп,
Желтоқсанның жастары кеп тұрғандай.
Бектас: Көк байрағым көтеріліп төбемде,
Сен шырқалдың асқақ үнмен көп елде.
Тәуелсіз ел айналды да әуенге,
Бар тағдырым сыйып кетті өлеңге.
Қазағым бар жеңістерін той қылар,
Сен дегенде әсем, көркем ой тұнар.
Барлық сәтте көңілімде жүретін,
Әнұраным, жүрегіме бойтұмар!
Елжан: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен
Арманым -Ата Заңым қабылданып.
Орындалсын жеңістерде Әнұраным,
Көкіректе сәуле болып жағылады.
Атажұрттан алыста жүргендері
Атамекен -Отаным сағынады.
1 жүрг.
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шетелден,
Көкке әнұран қалқыды.
2 жүрг.
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнерде жарасады. Би: күй.
Жармахан: Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігімді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұлан болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің .
Әсем әнді әуенімен тербеткен.
Әлішер: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным.
2 жүрг.
Қазақстан Ата заңының 34-бап, 2-тармағында "Әркім республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті" делінген. Олай болса рәміздерді құрметтеу -әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.
1 жүрг
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Бүгінгідей күн қайда,
Бейбіт болсын болашақ!
Хор «Атамекен» Орындайтын: 63 топ білім алушылары.
2 жүрг.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген әнұранды әрқашан,
Маңғаз елім мақтанумен айтады. Ән: Бағлан «Атамекен».
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі