ОҚО Түлкібас ауданы Састөбе поселкасы «Қарлығаш» балабақшасы
Саз жетекшісі: Сапарбекова Айгуль Калдыбековна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 27.02.2018ж
Тобы: Ортаңғы топ «Балбұлақ».
Білім беру саласы: «Шығармашылылық»
Оқу қызметі: «Музыка»
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Музыканы тыңдап, ырғақты сезіне білуге.
Әнді мәнерлеп айтуға, дауыс ырғақтарын жаттығу арқылы дамытуға жетелеу. Әнді көңілді, ашық дауыспен таза орындауға үйрету.
Көрнекілігі: слайд, мамандар киім үлгілері.
Әдіс-тәсіл: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балаларды көңілді ырғақпен безендірілген музыка залындақарсы аламын. - Сәлемтсіндерме балалар? Балалар бүгін ерекше күн. Біздің ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық. Шаттық шеңберге тұрайық. Сәлем бердік сіздерге, Бас иеді ұл мен қыз. Болашағы Отанның, Азаматы біздерміз. (Үш тілде келген қонақтарға музыкамен жылулық сыйлау.) Жарайсыңдар балалар - Балалар, біз өткен оқу қызметінде «Мен косманавт боламын» әнін тыңдадық, ия |
Балалар залға кіреді. Сәлеметсізбе! Тамаша!
Балалар өлең жолдарымен шаттық шеңберін жасайды
«Айға ұшамын» |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Ал енді бүгін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады. Мамандықтың түрлері көп: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрлысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист т.б көптеген мамандықтар бар. Мамандықты дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді. Мысалы: - Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді. - Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді. - Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам. - Аспазшы – дәмді тағам пісіретін (маман иесі. - Тігінші - тігінші киім тігетін маман иесі - Құрлысшы – зәулім ғимараттар, қабат үйлер салатын маман иесі. Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді. Сонымен балалар, жақсы маман болу үшін қандай болуымыз керек екен? Балалар Тақтадағы ненің суреті? Ендеше, экранға назар аударайық Экраннан слайд көрсету сендерге ұнады ма? Балалар Жарайсыңдар балалар! Ал енді мамандық иелеріне арналған тақпақтарынды айтыңдаршы, балалар. Айкөркем: Отанның ұланын Баулаған мұғалім Өзіңсің ағытқан Білімнің бұлағын. Айзере: Тіс ауырса іш ауырса Анам дәрі береді Барлық адам Барлық бала Оны жақсы көреді. Нұрдана емесоның жәй ісі. Қолда тарақ қайшысы Апамның бес саусағы Шашты қырқыптауысады. Темірлан: Тыңдауышы мойнында, Өлшеуіші қолында. Ақ халатты дәрігер, Әр қашан өз орнында. Еркеназ: Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Олға, солғаны үйреткен, Спортшымызға мың алғыс. Ерқанат: Аспазшымыз ақ жүзді, Келбетті де мейірімді. Бізге тамақ әзірлер, Тамақтары тәп-тәтті
Жарайсыңдар балалар мамандық туралы жақсы тақпақтар айттыңдар. Балалар тақтадан тағы ненің суретін көріп отырсыңдар? Құлақ бізге не үшін керек? Ендеше, зейін қойып ән тыңдаймыз. Ән тыңдау: «Тәрбиеші апайым» (Б. Бейсенова). Балалардың мұқият тыңдауын сұрау. Сұрақтар қойып, шығарма туралы әңгімелеу - Ән көңілді ме,әлде көңілсіз бе? Бұл әнге қосылып ән айтуға, би билеуге болады. Ән сендерге ұнады ма? - Әнде не туралы айтылады? Ал мына суретте не бейнеленген? Ауыз бізге не үшін керек? Ендеше жаңа ән үйренейік. Балалар әнді таза, әдемі орындау үшін не істейміз? Музыкада неше нота бар? қалай аталады? Жеті нота бар, дауыстарын қалыпқа келтіру. Ендеше осы ноталарды атау арқылы төменнен жоғары дауыс жаттығуын жасап көрейікші. Олай болса балалар бәріміз бірге айтып көрейік. Жоғары – төмен қайталайық. ДО- РЕ –МИ –ФА –СОЛЬ -ЛЯ -СИ. Енді керісінше төменге қарай қайталаймыз. Жарайсыңдар балалар! Ән айту: «Тәрбиеші апайым» (Б. Бейсенова). Тәрбиеші апайым, Жадырайды жаздайын. Күндей күліп алдымнан, Қарсы алады әрдайым. 2-рет Әнді әуенімен айтып көрейік. Жарайсыңдар, балалар! Қане балалар ән тыңдап, айтып шаршаған боларсыңдар, сәл серігіп алайық. Біз көңілді баламыз, Ойнап асыр саламыз. Ән де айтып, көңілді, Би де билей аламыз. Би: «Аспазшы» би Қыздар ортаға шығып би қимылдарын жасап билейді Жарайсыңдар қыздар! Рахмет орындарыңа отырыңдар. Балалар енді біз ойын ойнайық. Мамандыққа керек заттарын тап!»-деген ойын ойнаймыз . Балаларға ойынның шартын түсіндіру. Мамандық иелерінің қолданатын құралдарын табу керек. (Дәрігер, Аспазшы, Шаштараз, Мұғалім.) Жарайсыңдар, балалар Балалар сендер керемет тапқыр екенсіңдер, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, тауып көріндерші: 1. Іш ауырса, тісі ауырса бізге дәрі береді. (Дәрігер) Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші) 3. Тәп тәтті тамағы Тамақтың маманы. (Аспазшы). 4. Тәртіп заңды сақтайды, Ел сенімін ақтайды. (Полиция) Жарайсыңдар балалар. |
Балалар тақырыппен танысты Сұрақтарға жауап берді
Дені сау, көп білім алып, еңбек етуіміз керек.
Теледидардың суреті
Балалар мамандық туралы жаттаған тақпақтарын айтты
құлақтың есту, тыңдау үшін керек
Ия сұрақтарына жауап береді
Ауыз бейнеленген Сөйлеу үшін керек Ән айту үшін керек
7-нота бар
Дауысымызды жаттығу жасаймыз Балалар нотаны жоғары-төмен айтты
Сергіту сәтін әнмен орындайды
Ортаға қыздар шығып, билейді
Балалар жұмбақтың шешуін тапты |
«Рефлекциялық-түзетуші |
- Балалар бүгінгі оқу қызметімізде қандай мамандықтар мен таныстық? - Біз бүгін қандай ән үйрендік ? - Балалар музыкада қанша нота бар? Жарайсындар сендерге көп рахмет бүгінгі оқу қызметіне өте белсене қатыстыңдар. Мадақтау, көтермелеу Сау болыңдар, балалар! |
Балалар сұраққа толық жауап берді.
Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар мамандық түрлерін атауды.
Игереді: Би элементтерін, әннің ырғағына қосылып айтуды.
Меңгереді: жеті нотаны жоғары төмен әндетіп айтуды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі