Өлең, жыр, ақындар

Мәнерлеп оқу сайысы: "Абай, Шәкәрім,Мұқағали өлеңдеріндегі адамгершілік қасиеттер"

    Сайыстың тақырыбы: Абай, Шәкәрім,Мұқағали  өлеңдеріндегі адамгершілік қасиеттер
     Сайыстың мақсаты: Ақындардың өмірі мен 
шығармашылығын таныту, ақындық талантын 
шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген  қызығушылығын арттыру, өлеңдерін  мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің  тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың  өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін 
арттыру,  ізденімпаздық қасиеттерін  қалыптастыру,  Отанды сүюге, адамгершілікке,  өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. 
     Көрнекілігі: Ақындардың суреттері,  пезентация, фильм,кітаптары,  шығармалар  жинағы, плакатқа жазылған өлең  жолдарынан үзінді. 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық тренинг «Алма, банан,апельсин ». Жұпқа бөлу.

    Ой шақыру: Ақындар туралы деректі фильм көрсету.  

Мәнерлеп оқу сайысы  

  1. Ақын шығармалары бойынша қызықты сұрақтар.
  2. «Тауып көр» кезеңі. Берілген үзінділердің қай ақынның шығармасынан екенін тауып айту.
  3. «Өлеңді жалғастыр» кезеңі. Оқушыларға әртүрлі өлеңдерр біріліп, авторын тауып, әрі қарай жатқа оқиды.
  4. 1-топ:«Бес асыл, бес дұшпан» Абайдың айтақын атап шығу. 2-топ: Қазіргі кездегі бес асыл іс, бес дұшпанды жазып, айтады.
  5. «Өлеңге әркімнің бар таласы» кезеңі.  »«5 жол өлең» құрастыру.
  6. Мәнерлеп оқу. Әр жұп Абай, Шәкәрім, Мұқағали шығармаларын мәнерлеп оқып жарысады.

                                               5-сынып оқушылары:

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста:
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

                                                        7-сынып оқушылары

Бақыт деген не?

Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!

Шәкәрімнің «Адамдық борышың», Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдері оқылды.

   “Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
   Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Ендеше Ана туралы әнді бірге шырқау.

                                                    Ана

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді.

Рефлексия: Бүгінгі сабағымыздың тәрбиелік мәні қандай?

Адамгершілік, адами құндылықтар туралы ақындар шығармалары қандай әсер қалдырды? Қай жұптың мәнерлеуі өте жақсы шықты?

Оқушылар мәнерлеп оқуда өз үздіктерін таңдап, баға береді.

Қорытынды:

Жүректен қозғайын, 
Әдептен озбайын. 
Өзіде білмей ме, 
Көп сөйлеп созбайын, - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен ұлы ақындарымызға арналған мәнерлеп оқу сайысы аяқталды.

 


Пікірлер (8)

аяулым

керемет

Нарғыз

Өлеңдер өте керемет .

Алтынай 21.02.2020ж

Өте жақсы

Айлин

Керемет

Альбина

Жақсы өлеңдер

Гүлімжан

Күшті

Жаннұр

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз