Өлең, жыр, ақындар

Символдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функция

Сабақтың тақырыбы: Символдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функция

Мұғалімнің аты-жөні: Нурболатова Г.К.

Күні: «29.01.18», «02.02.18»

Сынып: 9а, ә, б, в

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

Символдық шамалармен жұмыс жасауға арналған функциялар мен процедуралармен танысу және есептер шығару.

Мақсаты:

Білу: Символдық шамалармен жұмыс жасауға арналған функциялар мен процедуралармен. Функуиялардың қызметі туралы біледі. Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар туралы біледі.

Түсіну: Тапсырмаларға жолдық функциялар мен амалдардың қолданылу жолдарын түсінеді.

Қолдану:  Функция қолдану арқылы есептер шығарады.

Талдау: Символдық операциялардың және символдық шамаларға қолданылатын функциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды.

Жинақтау: Символдық шамалармен жұмыс жасауға арналған функциялар мен процедуралардың қызметін анықтайды

Бағалау: Жаңа тақырыпта меңгерген терминдерін, білімдерін өмірмен байланыстыра біледі.

Сабақтың құрылымы:

І. Ақпараттар блогы

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

IV. Интелектуальды тренинг блогы

V. Күтілетін нәтижелер

 

Оқыту әдісі: «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы.

Танымдық тапсырмалар: Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып, баға беру.

Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: Симолдық (литерлік) шамалар

Ақпарат көзі: Оқулық, қосымша тапсырма материалдары.

Сабақты бағалау: Оқушының іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.

І. Ақпараттар блогы (8 мин)

Оқушыларға жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік беретін тапсырмалар

Жоспар:

  1. Жолдық шама
  2. Жолдық шама амалдары
  3. Жолдық шамаға қолданылатын функциялар мен процедуралар

 

  1. 1-слайд. Жолдық шама

1.1. «Сөйлемді толықтыр»

1) Апострофқа (‘’) алып жазылатын, бір жолда орналасқан .................... тізбегі - ....................   ......................... деп аталады. Символдар жолы ................ қызметші сөзімен белгіленеді. Компьютерде жолдың әр символы .... ............ орын алады. Егер тырнақша арасында бір де бір символ болмаса, онда ол .............. ............ деп аталады. Жолдық шаманың айнымалылар бөлімінде сипатталу түрі: <........................  .........>: ..................... [..... ......................];

 

2-слайд.  Жолдық шама амалдары

2.1. «Сызбаны толықтыр».

 

 

3-слайд. Жолдық шамаға қолданылатын функциялар мен процедуралар

Аты, жазылуы

Қызметі

1. жою

delete(a,p,n)

A жолындағы р позициядан бастап, ұзындығы n символды жояды.

2. кіргізу

insert (a,s,p)

A жолын s жолына р позициядан бастап кіргізеді.

3. типті ауыстыру

str(x,a)

x сандық шаманы  жолға өңдеп, а-ға меншіктейді

4.типтіауыстыру

val(a,x,c)

A жолын сандық шамаға өңдеп, х айнымалыға орналастырады. А жолында бос символ болмау керек.

5.ұзындық

length(a)

a жолының ұзындығын табады.

6. ретімен тіркестіру

concat(a,b,..s)

a,b,..s жолдарын сол ретімен тіркестіреді

7. белгілеу

copy (a,p,n)

A жолынан р позициядан бастап, ұзындығы n символды белгілейді.

8. позиция

pos (a,s)

a жолы s жолында нешінші позицияда тұрғанын табады.

9.регистрді ауыстыру

upcase(ch)

Кіші әріпті бас әріпке өзгертеді.

 

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

«Орындай білесің бе?»

2.1.Берілгені:        a= ‘Turbo’; symb= ‘dom’; alfa= ‘53’; m= ‘’

Анықталуы:

Шешуі: (оқушылар орындайды)

a:string

 

symb:string

 

alfa:string

 

m:string

 

 

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (Білу, Түсіну)

1.1. «Қандай функция?»

  1. A жолындағы р позициядан бастап, ұзындығы n символды жояды
  2. A жолын s жолына р позициядан бастап кіргізеді.
  3. a жолының ұзындығын табады.
  4. a,b,..s жолдарын сол ретімен тіркестіреді
  5. a жолы s жолында нешінші позицияда тұрғанын табады.
  6. Кіші әріпті бас әріпке өзгертеді.

 

1.2. «Салыстыр»

1) ‘asd’   ‘as’

2) ‘25+’   ‘0001’

3) ‘100’   ‘101’

4) ‘asd45’   ‘asd001’

 

ІІ деңгей (Қолдану)

2.1.«Сөз табу 1» ойыны.

  1. А= ‘пернетақта’
  2.  

D:= copy(a,2,2);

P:= copy(a,10,1)+ copy(a,6,1)+ copy(a,7,2);

M:= copy(a,6,5);

Writeln(‘L=’,L, ‘D=’,D, ‘P=’,P, ‘M=’,M);

 

2.2. ««Сөз табу 2» ойыны.»

Өрнек

Сипаттау

Нәтиже

А= ‘Қаламқас’

a:string[5]

 

В= ‘Тамаша’

в:string[3]

 

С= ‘Ақанұлы’

с:string[8]

 

 

ІІІ деңгей (Талдау)

«Венн диаграммасы» символдық операциялардың және символдық шамаларға қолданылатын функциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

IV. Интелектуальды тренинг блогы (8 мин)

Топтық жұмыс

Ұзындығы 25 символдан аспайтын сөз тіркесін алып, одан мүмкіндігінше бірнеше жаңа сөз құрастырыңдар.

 

V. Күтілетін нәтижелер (4 мин)

Символдық шамаларға қолданылатын символдарды ауыстыру амалдары күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қандай программада қолданылады.

Үй тапсырмасы.

Сөз тіркесінде кездесетін ‘а’әріпін ‘ә’әріпіне аударатын программа құрыңдар


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз