БАҒДАРШАМ
Әйгерім Маратқызы Шманова,
«Ақерке» бөбек - жай балабақшасының тәрбиешісі,
Қазалы қаласы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: тіл дамыту.
Тақырыбы: Бағдаршам
Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұматтар беру,
Балаларға жолда жүрудің тәртіп ережелерін қалыптастыру;
Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызуғышылығын тудыру,т.б.
Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, түрлі түсті жол ережесіне байланысты суреттер, жол белгілері, МАИ қызметкері, велосипедтер, машиналар, атрибуттар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, жаттықтыру, ой қозғау,әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мативациялық қорғаушы
|
Жұмбақ жасырады. Қызыл көзін ашқанда Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. |
Балалар бір-бірімен құшақтасып жылы лебіздерін білдіріп амандасады. |
|
Іздену ұйымдастырушы |
Тәрбиеші қалада қозғалыстардың көп болса да бір-біріне кедергі келтірмейтінін айтады. Бұл көлік жүргізушілеріне және адамға да арналған қатаң ереженің саұталуынан екендігін түсіндіреді. Көшенің екінші бетіне өтудің өзі жай емес, бұған бізге бағдаршамның үш көзі: жасыл, сары, қызыл көмектеседі. Бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады. МАИ қызметкері қонаққа келіп, балалрмен амандасып,өзін таныстырып,көше немесе жол заңы деп «Жолда жүру ережесін» айтады. Ол жаяу адамның қалай болса, солай жүргенін кешірмейді, ол адамдарды қауіптен сақтайды. Тәрбиеші балалардың бағдаршам белгілерін қандай дәрежеде білетіндіктерін,қимылды ойын арқылы бекітеді. |
|
|
|
Ойын «Бағдаршам» Жүргізуші жасыл түсті көргенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызылды көрсеткенде тыныштық сақтайды. МАИ қызметкері балаларға жол белгілері туралы түсінік береді. Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек шеңбер,үшбұрыш және бамқада белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратынын айтады. Бұлар-жол белгілері. Бұл белгілердің арнайы арқырап тұратын, белгілердің тиімділігі – жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде. Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді: - Ескерту белгілері, үшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді. - Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады. -көрсткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк боямен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытынжаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді. Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Есіңе сақта.
|
|
|
Рефлексивті коррекциялау |
Қорытынды: Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңа сонан соң оң жағыңа қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
Көшеде бейтаныс адамжармен сөйлеспе және ілесіп кетпе. |
|
|
Күтілетін нәтиже : Жол ережелерін есте сақтау қабілеті дамиды.
Білу керек : Жол белгілері бірнеше бөлінетінін меңгере алады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі