Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Пән: сауат ашу Сынып: 1 |
|
Бөлімі |
Оқылым |
Бөлімше |
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату |
Ортақ тақырып |
Тағам және сусын |
Сабақтың тақырыбы: |
Ас - адамның арқауы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.7.1 Тыңдалған материалдардың мазмұны туралы өз пікірін білдіру (қызықты, қызықты емес, неліктен) 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс дыбыстау |
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Тыңдалған материалдардың мазмұны туралы (нан –қасиетті тағам екені) өз пікірін білдіреді. Сөздегі дыбыс түрлерін дауысты, дауыссызға ажыратады. Көптеген оқушылар: Дастарқанға нанның қалай келу жолдарын толық айта алады. Кейбір оқушылар: Нанды қадірлеу, асқа құрметпен қарау керектігін түсінеді және мақал-мәтел, тиым сөздермен дәлелдейді. |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Түсіну, қолдану, талдау |
Бағалау критерийлері |
1. Мәтін мазмұны бойынша өз пікірін білдіреді. 2. Дыбыстарды дауысты, дауыссызға ажыратады. |
Тілдік мақсаттар |
Қасиетті тағам, обал, дауысты, дауыссыз дыбыстар |
Құндылықты дарыту |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарын дамыту, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, көркем еңбек |
АКТ қолдану дағдылары |
https://www.youtube.com/watch?v=3PX2V7nVI1Q (Нан туралы ертегі, 2 мин) |
Бастапқы білім |
Ас-адамның арқауы екенін түсінеді. Дыбыстар туралы түсініктері бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы
5 мин
|
1. Амандасу. Шеңбер құрып, өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілектер айтады. 2. Нан түрлері суреттері таратылады.Бауырсақ, таба нан, тоқаш, тәтті нан. Оқушылар сурет бойынша 4 топқа бөлінеді.
3. Ұ.Ж. «Бір үзім нан» аудио-ертегі тыңдатылады. - Бай мен кедей қандай жағдайға тап болды? Дескриптор: 1. Нан алтыннан да қымбат екенін түсінеді. 2. Арпа, бидай ас екенін біледі. Қ.Б. Әр оқушының алдына және топқа ортақ ыдыс бейнесі таратылады. Жауап берген балаға нан түрлерінің суреті беріледі. Олар ыдысқа желімдеп, ұпай жинайды. Бүгінгі тақырып не туралы болғалы тұр деп ойлайсыңдар? (нан туралы) Біз ертегіні оқыдық па, тыңдадық па? (тыңдадық) Біз қалай тыңдадық? (естідік) Естіп, тыңдаған кезде құлағымызға не келеді? (дауыс, дыбыс, үн) Бізді біреу есту үшін біз не шығарамыз? (дыбыс) Олай болса, бүгінгі сабағымыз нан туралы және не туралы болғалы тұр? (дыбыс) Бүгін дыбыс түрлері туралы да айтамыз. |
https://www.youtube.com/watch?v=3PX2V7nVI1Q
|
|||||
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Оқулықпен жұмыс (Ж Ж) «Оқы, жұптас, талқыла» әдісі 1-тапсырма. 1) Мәтінді оқып шығыңдар. Ең тәтті не? Анасы Арманға нанға бал жағып берді. Нанды тамсанып жеп отырған Арман анасына қарап: - Анашым, нан тәтті ме, бал тәтті ме?-деп сұрады. - Әрине, нан тәтті,- деді анасы. - Жоқ, анашым, бал тәтті. Дәмін қараңызшы,-деді. - Иә, балам, бал тәтті. Бірақ, нанды дайындау үшін қаншама адам еңбек етеді, маңдай терін төгеді, сондықтан нан тәтті. Нан – қасиетті тағам.
Сұрақтар: - Арман нені жеді? - Арман анасынан не деп сұрады? - Бал тәтті ме, нан тәтті ме екен? - Неліктен? - Балды күн сайын жей алар ма едің? - Ал, нанды күнде жейсің бе? - Сонда қай тағам қадірлі, қай тағам қасиетті? Дескриптор: 1) мәтінді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді. 2) рөлге бөліп оқуға машықтанады
Қ.Б. Сұраққа жауап берген оқушыға бауырсақ суреті беріледі. Т.Ж. 2-тапсырма. «Ойлан, тап» әдісі. 1) Берілген сызба бойынша үгінгі тақырыпқа байланысты сөздер ойлап жазу. 2) Жазған сөздеріңізге дауысты, дауыссыз дыбысқа талда. Дескриптор: 1. Әр сызбаға сәйкес тақырып бойынша сөз тауып жазады. 2. Сөздерді талдай отырып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды атайды. Қ.Б. Толық дұрыс жауапқа 3 печенье суреті беріледі. 2-3 қате болса 2 печенье суреті, одан көбірек қате болса 1 печенье суреті беріледі. Топтың ыдысына жапсырады Ө.Ж. 3-тапсырма. Дәптермен жұмыс. 2-жаттығу. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазу. Соңғы сөйлемге дыбыстық талдау жасау. Нан дастарқанға көп адамның еңбегімен келеді. Нан-қасиетті тағам. Оны қадірлеу керек. Дескриптор: 1) Сөйлемді қатесіз көшіріп жазады. 2) Сөйлемге дыбыстық талдау жасайды. Қ.Б. Әр оқушыға бәліш суреті беріледі (2 балл) Сергіту сәті. Мұғалім сөздер айтып тұрады. Дауысты дыбыстан басталатын сөзге қол шапалақтайды. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөзге аяқты соғады. Т.Ж. 4-тапсырма. «Эстафета» әдісімен әр топқа жеке тапсырма беріледі. Әр топ өз түсімен орындайды. 1-топ. «Ойлан, тап» әдісі. Дауыссыз дыбыс әріптерін жаз. 1-топ: 7 дауыссыз дыбыс әрпін жаз; 2-топ: 6 дауыссыз дыбыс әрпін жаз; 3-топ: 6 дауыссыз дыбыс әрпін жаз; 4-топ: 6 дауыссыз дыбыс әрпін жаз; Дескриптор: 1) Дауыссыз дыбыс әріптерін жазады. 2-топ. «Ассоциативті қатар» әдісі Әр топ мүшесі дауысты дыбыстардан басталатын сөздер тауып жазу. Дескриптор: 1) Дауысты дыбыстардан басталатын сөздер тауып жазады. 3-топ. «Кім тапқыр?» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыс әріптерін қой. 4-топ. «Адасқан сөздер» әдісі. Орны ауысқан сөздердің орнын тауып, сөйлем құра. |
||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
«Кубизм» әдісі Әр қырына сұрақтар жазылады. Әр топ түскен сұраққа жауап береді. 1-қыры: Дауысты дыбыстарды ата 2-қыры: Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың қандай айырмашылығы бар? 3-қыры: Дауыссыз дыбыстарды ата 4-қыры: Ең қадірлі, қасиетті тағам не? 5-қыры: Дастарқанға қай тағамнан бастап қою керек? Неліктен? 6-қыры: Нанды дастарқанға әкелгенге дейін кімдер еңбек етеді? Дескриптор: 1. Дауысты дыбыстарды атайды. Қ.Б. дұрыс жауап берген топқа тәтті нан суреті таратылады. Сабақ соңында әр топтың және жекелей оқушылардың нан салғышында қанша нан түрі жиналғаны бойынша мадақталады. Рефлексия: Оқушылар аты жазылған стикерлерін тиісті суреттің астына жапсырады. Нан дүкенін- сабақ маған өте жақсы ұнады, бәрі түсінікті; Егіс шабу-Сабақ маған ұнады, бірақ, кейбір тұстары түсініксіз болды. Егіс егу-сабақ маған ұнамады, түсініксіз тұстары көп болды.
|
|
|||||
Саралау |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз ? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
4-тапсырма сараланып алынды. Әр топқа жеңілден ауырға қарай тапсырмалар күрделеніп берілді. 1-деңгей: дауыссыз дыбыс әріптерін жазу 2-деңгей: дауысты дыбыстан басталатын сөздер жазу 3-деңгей: Шығармашылық тапсырма- тиісті әріпті қою 4-деңгей: Шығармашылық тапсырмы-сөздердің орнын тауып сөйлем |
Әр оқушының алдына және топқа ортақ ыдыс бейнесі таратылады. Жауап берген балаға нан түрлерінің суреті беріледі. Олар ыдысқа желімдеп, ұпай жинайды.
|
Сергіту |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақ мақсатын тақырыпқа сай нақтыладым. Ұжымдық, топтық, жұптық және өзіндік жұмыстарды бөліп жоспарладым. Саралау барысында тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай спиральді оқытуды басшылыққа ала отырып жинақтадым. Әріптестерімнің «мақсатты айқындауға көңіл бөл» деген ұсынысын ескеріп, сабақ жоспарлаймын. Оқытудың белсен әдіс-тәсілдердін іріктеп, сабақ жоспарлауға пайдалануды жандандырамын. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі