Өлең, жыр, ақындар

Азық-түлік

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының
«Тілдерді оқыту орталығы» Қордай аудандық бөлімше оқытушысы
Айтенова Кәмшат Қазбекқызы

Сабақтың тақырыбы:   Азық-түлік.

Сабақтың мақсаты: базардың адам өміріндегі қажеттігі туралы туралы түсінік беру; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру; жемістер мен көкөністердің қазақша атауларын меңгерте отырып, сөйлем құрату. Сан есімге түсінік беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап,  тыңдалым, сөйлесім, жазылым оқылым әрекеттері, сөзжұмбақ шешу. 

Сабақтың көрнекілігі:  компьютер, бейнепроектор, суреттер, сөздік.

Сабақтың жоспары:

         I.  Ұйымдастыру кезеңі

         II. Жаңа сабақ

              Лексикалық минимум

              Оқылым

              Грамматикалық минимум

              Жазылым

              Тыңдалым

              Сергіту сәті

             Айтылым

         ІІІ. Сабақты бекіту

         ІV. Сабақты қорытындылау

          V. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу
  • Сабаққа келмеген тыңдаушыларды белгілеу.
  • Психологиялық жағымды орта қалыптастыру: «Сүйіспеншілік»    
  • Үй тапсырмасын сұрау:      1).  Жаңа сөздерді жаттау.

                                             2). «Дүкенде» тақырыбында диалог құраңыз;

Фонетикалық жаттығу:

Ө

Төсек үстінде төрт бөрік, Төртеуі де көк бөрік.

Қ

Қондық жаңа қонысқа, Қалың екен жоңышқа. Қоныстағы жоңышқа, оралады қонышқа!

Ү

Күн бе, түн бе?

Түн бе, күн бе? Үкі үйінде?

І

Інім інімнің ішігін ілмекке ілді.

Ұ

Құмар ұстаған құлын Мұрат ұстаған құлынға ұқсайды.

Ә

Әсел Әсем бе, Әсем әсем бе, Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?  Әмір әбігер, неге әбігер?

Ой шақыру:

  1. Сіз азық-түлікті қайдан сатып аласыз?

  2. Базардағы өнім сапасы қандай деп ойлайсыз?

  3. Базардың тазалығы жағы сіздің көңіліңізден шыға ма?

  4. Базар несімен тиімді?  

  5. Жемістер мен жидектердің айырмашылығы неде?

        Дүкен                                                            Базар

2. Дәрумендер туралы бейнекөрініс тамашалау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Лексикалық минимум.

жазылуы

айтылуы

күнделікті

күндөлүкті

аралау

аралаұу

ығы-жығы

ығы - жығы

алқызыл

алғызыл

үйілу

үйүлүу

қолайлы

қолайлы

тұрақты

тұрақты

Көкөністер /овощи/

қартоп          

қартоп

қырыққабат

қырыққабат

сәбіз

сәбіз

бұрыш

бұрұш

қияр

қыйар

асқабақ

асқабақ

қызанақ

қызанақ

қызылша

қызылша

Жеміс – жидек /фрукты – ягоды/

алма

алма

алмұрт  

алмұурт

жүзім 

жүзүм

анар 

анар

шабдалы

шабдалы

шие 

шие

құлпынай

құлпұнай

Бахчевые /бақшалық/

қарбыз

қарбыз

арбуз

қауын

қауұн

дыня

асқабақ

асқабақ

тыква

        Оқылым                                   

                                                                                            Базарда

         Базар – халықтың көп жиналатын жері. Базар сатылатын өнім түріне қарай бірнешеге бөлінеді. Мысалы: мал базары, ет базары, киім-кешек базары, сүт өнімдері және жеміс-жидек базары т.б.

          Мал базары шектеулі түрде аптаның белгілі бір күнінде болады. Ол жерде халық өз иелігіндегі малдарын /жылқы, сиыр, қой, ешкі т.б./ ашық саудаға шығарады.

       Ет, сүт өнімдерін сататын базарларда сатушыдан арнайы тазалық сараптамадан өткен құжаттар талап етіледі, себебі сапасыз өнімдер адам денсаулығына зиян келтіреді.

         Базардан алынатын заттардың құны дүкендегіден гөрі төмен және ұтымды. Себебі базарда таңдап алуға мүмкіншілік мол. Тағы бір ескеретін жай, затты неғұрлым көп алсаң, соған сәйкес көтерме баға арзандау болады. Ал дүкендерде баға тұрақты. Осы жағынан алғанда  базарда сауда жасау тиімді.

Мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Базар қандай жер?

2. Базар неше түрге бөлінеді?

3. Сатушылардан қандай  құжаттар талап  етіледі?

4. Қала тұрғындары базардан не алуға келеді?

5. Базарда баға қандай?

Грамматикалық  минимум     Сан есім  (Имя числительное)

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын  білдіретін сөз табы. Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. 

Сан есім часть речи, которая обозначает количество предметов и отвечает на вопросы: неше? қанша? /сколько?/, нешінші /который? какой?/, нешеу? /сколько?/,  нешінші? /который? какой?/, нешеу? /сколько?/

Есептік сан есім в казахском языке отвечает на вопросы қанша? неше? /сколько?/.

Сан есімнің жай түрі /простые числительные/

0-нөл

1-бір

2-екі

3-үш

4-төрт

5-бес

6-алты

7-жеті

8-сегіз

9-тоғыз10-он

20-жиырма

30-отыз

40-қырық

50-елу

60-алпыс

70-жетпіс

80-сексен

90-тоқсан

100-жүз

1000-мың

1000000-миллион

1000000000-миллиард

Күрделі сан есім  /составные числительные/

11 - он бір

15 - он бес

19 - он тоғыз

101 - жүз бір

201 - екі жүз бір

428 - төрт жүз жиырма сегіз

666 - алты жүз алпыс алты

1957 - бір мың тоғыз жүз елу жеті

Жазылым жаттығулары.

1.  Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

          Бір кітап, он адам, қырық бес жыл, жиырма жылқы, жүз қырық тоғыз дәптер, он сегіз орындық, сегіз жүз тоқсан бес бет, отыз күн, он екі ай.

 2. Сөз тіркестерін жұптастырыңыз.

Бірінші                                           түрлері

Азық – түлік                                  қатар

Базардан                                         бұрыш

Жемістер                                       аяқтау

Қызыл                                            алма

Ащы                                               салат

2009 жылы                                    дүкені

            Күзгі                                              алдым 

 3.  Берілген суреттерден жеміс пен көкөністерді  кестеге топтастырыңыз.

  1.                                    2.                              3.                         4.                                                                       

           5.                           6.                                7.                              8.                                                                  

           9.                         10.                         11.                        12.                  13.               

                                

Жемістер

Көкөністер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 4. Жауап беріңіз.

          Бұл – Арман. Ол «Денсаулық» журналында тілші болып жұмыс істейді.

           - Сәлеметсіз бе!

          - ...........................................................

          - Жұмысыңыз қалай?

          - ..........................................................

          - Өзіңіз туралы қысқаша айтып берсеңіз.

          - ...................................................................

          - «Дәмді» дүкенінде қандай азық-түліктер бар?

          - ...............................................................................

          - Азық-түлік бағасы қандай?

          - ..............................................................................

          - Дүкенде отандық өнім көп пе, шетелдік өнім коп пе?

          - ...........................................................................

          - Қай күні жеңілдік болады және неше пайыз?

          - ...............................................................................

          - Сұхбат бергеніңізге рақмет!

5. Сандарды сөзбен жазыңыз.

 200 теңге                               120 теңге                   75 теңге                            650 теңге

                                  

1450 теңге                           245 теңге                1600 теңге                280 теңге            

Тыңдалым. (№ 23, 24, 25)

Тыңдаңыз. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз. № 23

Айжанның халі қалай?

жақсы

жаман емес

өте жақсы

 Айжан қайда?

дүкенде

үйде

жұмыста

киноға

жұмысқа

Олар қайда барады?

дүкенге

кешке

Үйден қашан шығады?

түсте

таңертең

 Дұрыс жауапты белгілеңіз. № 24

 Әсия не сатып алады?

                                    Сатып алады      Сатып алмайды

Нан

 

 

Сүт

 

 

Айран

 

 

Қант

 

 

Май

 

 

Кәмпит

 

 

Ірімшік

 

 

Диалогті толықтырыңыз.  № 25

№ 1

№ 2

- Дүкенде ......................... бар ма?

-Иә, ................................. .

- Сен ................. сатып аласың ба?

- Жоқ, .................... .

Сергіту сәті:   Сөзжұмбақ.   «Берілген  сөздерді табыңыз»

ж

э

а

л

м

а

д

е

а

п

қ

п

а

у

ж

е

ы

р

а

и

я

з

ү

м

к

ө

қ

а

қ

р

з

і

к

т

ы

н

и

и

і

с

е

м

з

а

я

с

м

ш

  1. Алма        4. Қызанақ
  2. Пияз         5. Жүзім
  3. Көктем     6. Жеміс

Айтылым:

Түрлі жағдаятта сөйлесіңіз:

Базарға  қай автобус баратынын  сұраңыз.

Сатушыдан 5 кило алма бер деп сұраңыз.

Сізге  жеміс сатып алу керек, оның қайда сатылатынын сұраңыз.

Базарға келдіңіз, өзіңізге керек затты, оның бағасын сұраңыз.

ІІІ. Сабақты бекіту: 

Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, мағынасына тоқталу.

1.  Бірінші байлық - денсаулық,

     Екінші байлық – ақ жаулық,

    Үшінші байлық – он саулық.

2. Елу жылда ел жаңа.                              

3.  Өтірік – екеу, шын – төртеу.

4. Жүз сом ақшаң болғанша,                   

    Жүз  жолдасың болсын.                             

5. Мыңның жүзін білгенше,

    Бірдің атын біл.

Тест

1. Жемістерді белгілеңіз.

а) қарбыз, қауын ,әңгелек                          б) шабдалы, шие, құлпынай, анар

в) сәбіз, пияз, асқабақ, қызылша               г) жүзім, алмұрт

 2. Күзде жиналатын көкөністер.

а)  бұрыш, қызанақ, қызылша                    б)  қарбыз, қауын

в) асқабақ, шие, құлпынай                          г)  жауаптардың барлығы дұрыс

3. Сан есім дегеніміз не ?

а)  заттың санын білдіретін сөз табы

б) заттың қимылын білдіретін сөз табы

в) заттың сапасын,көлемін, салмағын білдіретін сөз табы

г)  заттың атын білдіретін сөз табы

4. Есептік сан есімнің сұрақтарын  көрсетіңіз.

а)  нешінші, нешеу?                           б)  қанша? неше?             

в) не істеді, не істейді?                      г)  кім? не?

5. «Огурец, морковь, груша, арбуз» сөздерінің аудармасын табыңыз.

а)  сарымсақ, картоп, сәбіз, қарбыз  б)  шие, құлпынай, қызылша, асқабақ

в) қияр, сәбіз, алмұрт, қарбыз                    г)  шабдалы, алма, қауын, өрік

6. Сатушыдан  2 келі қант сұраңыз.

а)  Маған екі келі қант беріңізші                б)  Оған үш келі алма беріңіз

в) Менде 2 келі алма беріңізші                   г)  Маған төрт келі алма беріңізші

7.  Күрделі сан есімді табыңыз.

а)  201, 428, 665                 б)  30, 40, 1988            в) 1, 6, 50                            г)  100, 50, 2

8. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

а)  6                      б)  7                                          в)  9                                     г)  3

9. Базар – ...........  көп жиналатын жері.

а)  керекті                      б)  халықтың                в)  адамдардың                 г)  күнделікті

10. Тиісті жалғауларды жазыңыз.

Базар... алынатын заттар....  құны дүкендегінен гөрі арзанырақ және ұтымды.

а)  нан, ның                 б)  дан, дың                    в)  тан, тен                              г)  ден, дан

ІV. Сабақты қорытындылау:

          1. Рефлексия

          2. Мадақтау

V.Үйге тапсырма: Сан есімдерді қолданып сөйлемдер жазыңыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер