Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Келешек» балабақшасы
Муратханова Айсұлу Құмарбекқызы
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу
Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Қыс мезгілінің табиғатын бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, сөздік дидактикалық ойын арқылы ойын қозғау, еске түсіру, сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, сергіту, жаттығу.
Блингвальды компонент:
қыс-зима-winter
Суық-холодно-cold
Қар-снег-snow
Мотивациялық-қозғаушылық:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз.
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, апайлар,
Қайырлы таң, балалар.
Сәлем саған Алтын күн!
- Жарайсыңдар, балалар!
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Тәрбиеші: - Балалар қане бәріміз менің сұрағыма жауап беріңдерші.
Тәрбиеші: - Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- қыс.
Тәрбиеші: - Ал қыс мезгілі қандай болады?
- Суық, боранды, желді, аяз, адамдар жылы киінеді, шыршалар болады.
Тәрбиеші: - Қыста біз қалай киінеміз?
- Біз жылы киінеміз.
Тәрбиеші: - Балалар қыс мезгілінде неше ай бар?
- Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілінде 3 ай бар.
Тәрбиеші: - Ал қазір қай ай?
- Қаңтар.
Тәрбиеші: Қаңтар-жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
Тәрбиеші: - Бұл нешінші ай?
- 2-ші ай.
Тәрбиеші: - Балалар қандай қысқы ойындар білесіңдер ме?
- шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, қар лақтырып ойнаимыз, аққала жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілі несімен ерекше деп ойлайсыңдар?
- Я, қыс мезгілінде аппақ қарымен, жылда келетін Аяз атасымен ерекше екен. Әр мезгілдің өзіндік сипаты болатын сияқты, қыс мезгіліде өз қызығымен есімізде қалады.
Тәрбиеші: Қарлы боранмен сықырлаған аязбен қыста келіп қалды. Бірақ біз қыста қорықпаймыз, жылы киімдерімізді киеміз.
Қане балалар Тақпақтартарымызға кезек берейік.
Жанерке
Үстін жауып көлденең,
Бетін бүркіп белдерің.
Жастық етіп тауды асқақ,
Жантайыпты жамбастап.
Аскар
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
Ясмина
Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Айым
Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязға шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Баймұқанбет
Қар жамылды бар алқап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ.
Жасмин
Қыста қармен ойнаймыз.
Қызыққа біз тоймаимыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы, шана тебеміз.
Бексұлтан
Қыс келгенде далама,
Қызығып тек тұрмаймын.
Ат жегіп-ап шанама,
Аппақ қармен зырлаймын.
Раяна
Күні бойы тынбайды,
Суығына тоңбайды.
Кіріп келді қыс айы,
Көп күттік бұл айды.
Шардин
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады
Сергіту сәті.
- Жұмбақтар.
1) қыста ғана болады,
Ұстасаң қалың тонады. (қар)
2) Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (қыс)
3) Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)
- Аққала келеді қонаққа.
Аққала: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсізбе аққала.
Аққала: - Сендер мен жайлы айтып жатқандарыңды естіп сендермен бірге ойын ойнаиын деп келдім. Дала өте суық мен тоңып бара жатырмын бірге денемізді қыздырып жаттығу жасайық.
- Әрине аққала.
Тәрбиеші: Қане бәріміз аққала мен жаттығу жасап бойымызды сергітейік.
- Ән: «Аққала»!
1) Қыздырыайық ойынды
Көрсін бізді кең дала
Суық шалмас бойыңды
Билесең шыр айнала.
Қ-сы
Кел достарым, келіңдер
Би билейік шаттана
Үйреніңдер көріңдер
Қардан соқтық аққала, аққала
2) Денеміз бар ақ қардан
Мұрнымыз сәбізден
Қалпағымыз шелектен
Көзіміз бар көмірден
Қ-сы 2
Аққала: Балалар мен сендерге тапсырма әкелдім.
Тәрбиеші: Қане аққала қандай тарпсырма әкелдіңіз көрейік.
1-тапсырма
- Тіл ұстарту жаттығуларын орындаңдар. Бұл ойын түрде.
Тәрбиеші: Мен сендерге буындар оқып отырамын сендер сол буынға арнап сөйлем құрайсыңдар.
1) Ша-ша-ша
Жап жасыл шырша.
2) Ар-ар-ар
Қандай аппақ қар.
3) Ыс-ыс-ыс
Келіп қалды қыс.
4) Лар-лар-лар
Далада ойнаиды балалар.
5) Ла-ла-ла
Соғамыз қардан аққала.
Тәрбиеші: Міне аққала сіздің тапсырмаңызды орындап болдық.
Тәрбиеші: Ал балалар мен далаға бара берейін мен сендерді қысқы ойынға шақырамын.
- Жарайды аққала. Сіз ендеше еріп кетпей тұрғанда қайта беріңіз. Сабақ аяқталған соң біз сізге ойнауға барамыз. Сауболыңыз!
Тәрбиеші: Балалар егер сендерге сабақ ұнаса алдарыңда жүрекше пішін тұр сол жүрекшені тақтаға жымиғыштарға жапсырамыз.
Тәрбиеші: Егер ұнамаса мұңайып тұрған тақтаишаға жапсырамыз.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі