Өлең, жыр, ақындар

Баланың зейін қабілетін дамыту

Сабақ  тақырыбы:   Баланың  зейін қабілетін дамыту.

Сабақ  мақсаты: Оқушы бойындағы   зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту. Баланың ырықты зейіні арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру арқылы зейін қасиеттерін жетілдіру.

Әдіс-тәсілдері:   Әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойын - жаттығуы, сергіту  сәті,  қорытындылау.

Көрнекілігі : ақ қағаз , қаламсап, жапсырма  қағаз,  түрлі фигуралар  салынған  плакат   т.б

Сабақ барысы:

                                   Ұйымдастыру  кезеңі:

  Оқушыларменмен  көңілді  сәлемдесу,жаңа  жылға  сәттілік  тілеу, сұрақ  қою  арқылы   әңгімеге  тарту.Сабақ  тақырыбымен  таныстыру. Сабақ  барысындағы  эмоциялық ахуалдарына  назар  аудару  және  сабаққа  қажетті  құрал  жабдықтарының  түгелдігін  қадағалау.

Кіріспе:

Сәлеметсіңдерме!   Мен  сендердің  бүгінгі  көңіл-күйлеріңнің  көтеріңкі  екендігіне  сенімдімін және сендердің әр күніңе  сәттілік  тілеймін. Сондықтан  сабағымызды  қызықты  етіп  өтуімізге  толық  мүмкіндік  бар.   Сабақты жайлы  әуенмен ертегі тыңдау  және  ойын  жаттығулар арқылы  өткіземіз , мұхият тыңдаңдар.

Байқағыштықты және зейінді  анықтауға арналған әдістеме.

«Сандар  мен цифрлар»  ертегісін   баяу әуенмен  тыңдау. Түсінігін  сүрау.

Мақсаты:  Есту зейінділігін  дамыту.

Әлемде үлкен ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар  да өмір сүріпті. Сандардың көпшілігі соншама,санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он:1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.

Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес»десе,15 саны жетіп келеді,егер оны жазу керек болса 1мен5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды қояды екен.Күндер өтіп жатады.Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрға келіп:

-Біз көппіз,ал сендер бар болғаны онсыздыр.Сондықтан біз сендерден мықтымыз,-дейді.

Цифрлар сандарға ренжіп қалады.Сонда О цифры басқа цифрларға:

-Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік.Сандар өздері қалсын.Көрейік,не істейтіндерін? –дейді.Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады.Енді әркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын  қанша айқайласа да ештеңе шықпайды.Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой.Сонда ғана сандар қаншама көп болсада ,цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып,кешірім сұрап,елдеріне цифрларды қайта алып келеді.

Содан бері сандар мен цифрлар  тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен. 

 « Фигураларды есте  сақтап  суретін сал» жаттығуы

Балаларға  үлкен  плакаттағы түрлі фигуралар  көрсетіледі де  есінде сақтап,орналасу тәртібімен  суретін  салыңдар  деген  тапсырма  беріледі.

Сергіту  сәті         Бала  қимыл әрекет арқылы  көрсетілген  психогимнастиканы  жасайды

 «Жіптің ұшын  тап»  жаттығуы                                               

Мазмұны: Бір түсті жіптерді бояуға ала отырып, түрлі-түсті жіптер жасалынады.Бұл жіптерді қағаз парақтарына орналастырады (желпігіш зигзаг) тек қана жіптің ұшы қағаз сыртында қалады. Одан кейін жіп қойылған парақ екінші альбом парағымен жабылады. Жіптерді бала біртіндеп шығарып алу керек. Түсті дақтарды алған соң, бала зат бейнесіне ұқсатып бөлшектерді аяқтау керек. Желпігіш зигзагы жасалады

   Қорытындылау:  Балалардың  бүгінгі  сабақтан  алған  әсері  мен  сабақан  не  үйренгендігі  жөнінде  жапсырма  қағазға  жазып, өз  пікірін  айтуға  мүмкіндік  беру. Балалардың пікірін тыңдау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз