Өлең, жыр, ақындар

Версаль - Вашингтон жүйесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

Білім басқармасы«Көлік колледжі» коммуналдық

мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны

 

Сабақ жоспары №4.

 

Пән оқытушысы: Имангалиева Гаухар Сайлауовна

Күні: 23.10.18

Пән атауы: Дүние жүзі тарихы

Топ:11 ТРк

Сабақтың тақырыбы: Версаль – Вашингтон жүйесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Париж бітім конференциясында жеңген мемлекеттердің қандай мақсат көздегені жайлы түсіндіру, Ұлттар Лигасының не үшін құрылғанын және мандат жүйесін құрудың мәнін ашып көрсету.

 2.Дамытушылық: Тарихи фактілерді ұғымдарды анықтап, талдап,қорытынды жасап өз пікірін айтуға баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Бейбітшіліктің маңыздылығын түсіндіре отырып, ұйымшылдыққа  өзара  сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Білім алушы құзыретті:

БҚ 2 тарихи оқиғалар мен үрдістердің пайда болуы мен себеп-салдарлық байланысын меңгеру.

БҚ 3  Ауызша  және жазбаша негізде  тілдесу тәсілдерін игеру.

ҚҚ 3,2,1 тарихи құбылыстардың ерекше белгісін айқындау,тарихи процестер мен оқиғалардың маңызын түсіне білу.

Сабақта қолданылатын әдістер мен технологиялар: Ақпараттық технологияны және сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану.

 Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: мультимедиялық қондырғы, слайдтар, үлестірмелі материалдар, бейнебаян. Дүниежүзінің саяси картасы.

Сабақтың пәнаралық байланысы: География № 17 тақырып «Беларусь Республикасы, Украина, Молдова». №19 тақырып « Батыс Еуропа елдері». Жалпы сипаттама.

Қолданылған әдебиеттер: 10 сыныпқа арналған «Дүние жүзі тарихы» оқулығы, авторлары: Шүпеков Ә., Қожақметұлы К., Дәкенов М., Сембинов М. «Әлемнің саяси картасы».

Сабақтың құрылымы:

Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

I

Ұйымдастыру    

2 мин

II

Сабақтың мақсатымен таныстыру 

3  мин

III

Үй тапсырмасын сұрау

25 мин

IV

Жаңа сабақты түсіндіру

30 мин

V

Жаңа сабақты бекіту

15 мин

VI

Сабақты қорытындылау

11 мин

VIІ

Баға қою

2 мин

VIІІ

Үй тапсырмасын беру

2 мин

 

Сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу. Аудиторияның тазалығына, оқушылардың сырт келбетінің сабаққа дайындығына көңіл бөлу. Журналды толтыру. Жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды  әрбір таңдаған қала атауларына байланысты топтастыру. (Үй тапсырмасына байланысты топтастыру алдын ала жүргізілді.)

Париж- 1топ

Версаль-2 топ

Вашингтон-3 топ

Берлин – 4 топ.

ІІ. Тақырыпты хабарлау, сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру. Бүгінгі сабақта біз төмендегі мәселелерді қарастырамыз:

Жоспары:

  1. Париж конференциясы.  В. Вильсонның «14 тармағы».
  2. Версаль бітімшарты. Ұлттар Лигасы.
  3. 1921-1922 ж.ж. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің тұрақсыздығы.
  4. Германияның халықаралық жағдайы. Рейн пактісі. Мандаттық жүйе.

   Оқытушының сөзі:  Құрметті студенттер, бүгінгі  біздің қарастыратын ашық сабағымыз «Версаль – Вашингтон жүйесі.» тақырыбына арналып отыр. Бүгін өтілетін тақырып барысында бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бөлісу жайлы келісімшарттармен танысамыз, Ұлттар Лигасы жайлы мәлімет аламыз. Германияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайымен  таныса отырып, дүние жүзінің саяси картасында қалыптасып, тәуелсіздіктерін алған елдерді анықтаймыз. Бағалау критерийлерімен таныстырып өту. Әрбір дұрыс жауапқа бағалау парағына 1баллдан қойылып отырады. Сабақ соңында қай топта балл көп болса сол топ жеңіске жетті деп есептейміз. 1- ші  орын алған топқа барлығына бірдей «5» деген баға қойылады. Қалған топтағы оқушыларға да жинаған баллдарына қарай қойылады. Бірақ сабақ барысында барлықтарың белсендік танытып, сабаққа қатысып отыру керексіңдер.

«5» - 12-10 балл  

«4» - 9-6 балл

«3» - 5-1 балл

«2» - 0 балл

ІІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі: (өткен тақырыптарға сауал тастай отырып, өткенге шолу жасау). Үй тапсырмасы бойынша топта брейн-ринг ойыны ойналады. Әрбір топтан 1 оқушы тұрып, 1 ұяшықты таңдау арқылы жауап береді. Егер таңдалған ұяшықтың дұрыс жауабын таба алмаса, қарсылас топтарға жауап беруге болады.  

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуының негізгі себебі қандай болды? (1914 ж. 28 маусымда Босния мен Герцоговинаның астанасы Сараево қаласында Австрия-Венгрия тағының мұрагері, Франц Фердинанд пен оның зайыбының қастандықпен өлтірілуі.)

2. Соғыстың қандай ірі шайқастарын білесіңдер? (Марна шайқасы, Верден қырғыны)

3. Германияның генерал фон Шлиффеннің жоспары қандай болды?

( «Блицкриг» , «қауырт соғыс» тез әрі жылдам соғыс арқылы Францияны, одан кейін Ресейдің шығысына бағыт алу.)

4. АҚШ Германияға қашан соғыс жариялады? (1917 ж. 6 сәуір)

5. Соғыс уақытындағы қандай әскери одақтарды білесіңдер? (Антанта мен Үштік Одақ)

6. Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды ? (10 млн. Адам қаза тауып, 20 млн адам мүгедек болып қалды.)

7. Франция мен Германия арасындағы соғыс қалай аталды? (Марна шайқасы) 

8. Бірінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты, және бейтарап мемлекеттер қанша болды? (38 мемлекет қатысты, 17 бейтарап мемлекет)

9. Верден қырғыны деп неге аталды? 1916 ж. Германия басты соққысын Батыс майданында өткізуді көздеді, ол үшін Верден қамалы маңында орналасқан француз қорғанысын бұзуды жоспарлады.)

10. 1915-1916 жылдары Германия мен Антанта елдері қандай жаңа одақтастарды тартты? (Үштік одақ – Осман империясын, Антанта құрамына Италияны тартты)

11. 1916 ж. 4 маусымда Шығыста Ресей армиясының Оңтүстік Батыс майданындағы жаңа шабуылы кімнің қолбасшылығымен басталды. (Генерал Брусилов)

12. Бірінші дүниежүзілік соғыс қашан және қандай келісіммен аяқталды? (1918 ж. 11 қараша күні Компьен орманында бейбітшілік бітіміне қол қоюмен аяқталды.)

13. 1918 ж. 28 қыркүйекте қандай оқиға болды? ( Салоника майданында толық талқандалған Болгария бітім туралы келісімге қол қойды.)

14. 1916 ж. 29 тамызда Германия әскери басшылығына кім келді? (фельдмаршал фон Гинденбург)

15. Фельдмаршал фон Гинденбургтың жоспары қандай болды ? ( барлық майдандағы шабуылдардың бірдей жүргізілуі тоқтатылуы тиіс және майдан шептері қысқартылуы қажет. 16-60 жас аралығындағы ер адамдар әскерге шақырылды. Англияға қарсы шексіз су асты соғысын ашу.)

16. Ағылшын-француз әскерлерінің шабуылы қай жерден басталды ? (Сомма жағалауынан)

17. АҚШ соғыста қай одақтың жақтасы болып қатысты? (Антанта одағының)

18. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға әкелген зардабы қандай болды? (1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске әкелді.)

19. Францияға Германия қай уақытта соғыс жариялады ? (1914 ж. 3 тамыз)

20. Ресей империясының 1 дүниежүзілік  соғыстан шығу себептері қандай? (1917 ж. ақпанда патша үкіметін құлатып, елді буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкерістің басталуы.)

21. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тозығы жеткен империялардың орынына қалыптасқан жеке ұлттық мемлекеттерді атаңыз. ( Чехословакия, Венгрия, Югославия)

22. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Антанта мен үштік одақтан қанша мемлекет қатысты ? (Антанта жағынан – 34 мемлекет,  үштік одақ жағынан 4 мемлекет қатысты.)

23. 1914 ж. 29 қазанда Ресей қай мемлекеттерге қарсы соғысқа шықты ?

( Франция мен Англия)

24. Италия соғысқа қашан кірді және қай одақтың жақтасы болды ? ( 1915 ж. 23 мамырда Антанта жағында соғысқа кірді)

Бірінші дүниежүзілік соғысқа байланысты  жоспарға сәйкес «бейнебаян көрсетіледі».

IV. Мағынаны тану кезеңі: 

Жаңа тақырып:  

Оқытушы сабақты слайд материалдары арқылы түсіндіреді және берілген жоспар бойынша қысқаша конспект жаздырады.

 

  1. Зигзаг әдісі.Мәтінді оқиды,талдайды, басқа топтарға түсіндіреді, сұрақ қояды.

І топ- Париж конференциясы

ІІ топ- Версаль келісімшарты

ІІІ топ- Вашингтон конференциясы

ІҮ топ- Германия жағдайын жеңілдету

    Оқушылар сендерге берілген алдарыңыздағы мәтінді оқуға 5 минут уақыт беріледі. Оқып болғаннан кейін талдайсыңдар және толықтырып, өзара сұрақ қоясыңдар. Сұрақты өз тобыңа емес қарсылас топқа қоясыңдар.

V. Мағынаны дамыту кезеңі: жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырмалар:

1.Сәйкестендіру

Франция

Австро-Венгрияның ыдырауы нәтижесінде пайда болды.

Бельгия

Шлэзвигтің солтүстік бөлігі берілді.

Дания

Эйпен мен Мальмеди округтерін алды.

Чехословакия

Эльзас пен Лотарингия қайтару.

 

Дұрыс жауап

Франция

Эльзас пен Лотарингия қайтару.

Бельгия

Эйпен мен Мальмеди округтерін алды.

Дания

Шлэзвигтің солтүстік бөлігі берілді.

Чехословакия

Австро-Венгрияның ыдырауы нәтижесінде пайда болды.

2.Сәйкестендіру.

1919 жылы 28 маусым

Ұлттар Лигасын құру жөнінде Жарғының негізі дайын болды.

1919 жылы 18 қаңтар

Вашингтон конференциясы болды.

1921 жылдың 11 қарашасынан 1922 жылдың 6 ақпанына дейін

Парижде бітім конференциясы болды.

1919 жылы 14 ақпанда

Версаль бітімшартына қол қойылды.

Дұрыс жауап.

1919 жылы 28 маусым

Версаль бітімшартына қол қойылды.

1919 жылы 18 қаңтар

Парижде бітім конференциясы болды.

1921 жылдың 11 қарашасынан 1922 жылдың 6 ақпанына дейін

Вашингтон конференциясы болды.

1919 жылы 14 ақпанда

Ұлттар Лигасын құру жөнінде Жарғының негізі дайын болды.

2.Орнына қой. Қағазда берілген дұрыс жауаптарын таңдай отырып, бос орынды толықтыру.

  1. 1919жылы 18 қаңтарда Париждегі бітім конференциясына           елдің өкілдері қатысты. (27 ел)
  2. Вудро Вильсонның АҚШ конгресіне жолдаған «            »    халықаралық қарым-қатынастардың жаңа принциптері белгіленді. (14 тармағында)
  3. 1918 жылы қазан айында соғыс аяқталғаннан кейін елде революция өрті тұтанып, нәтижесінде                                                    .  (Венгрия тәуелсіз республика болып жарияланды.)
  4. Австро-Венгрияның құрамына кіретін оңтүстік словян халықтары Сербияға бірігіп, 1918 жылы 4 желтоқсанда                                 (Серб, Хорват және Словен корольдігін құрды.
  1. Толықтырып картадан көрсет. Мемлекеттердің атаулары беріледі, сол мемлекеттер жайлы мәлімет айтады және картадан көрсетеді.

(Йемен, Сауд Арабиясы, Латвия, Литва, Эстония, Армения, Грузия, Түркия, Грузия, Австрия, Венгрия, Әзірбайжан.)

 

 

VI. Сабақты қорытындылау: «Ой-толғаныс кезеңі»Венн диаграммасы.

 

Версаль – Вашингтон жүйесіне дейінгі дүниежүзінің саяси картасы

Версаль – Вашингтон жүйесінен кейінгідүниежүзінің саяси картасы

Ұқсастықтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIІ.Баға қою.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды топтың жинаған баллдарына қарай бағалау. Ынталандыру үшін мадақтау.

Бағалау парағы

Топтың атауы

 

Кезеңдері

 

Брейн-ринг

Зигзаг

Сәйкестендіру

Орнына қой.

 

Толықтырып картадан көрсет

Венн диаграммасы

Қортынды балл

1

Париж- 1топ

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Версаль-2 топ

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Вашингтон-3 топ

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Берлин – 4 топ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIІІ.Үй тапсырмасы: 10 сыныпқа арналған «Дүние жүзі тарихы» § 3, 20-28 бет.

 

 

 

        

 

 

 

Оқытушы:_____________Имангалиева Г.С.


Пікірлер (3)

Бағила

Қажетті ойлар көп екен.

Бағила

Күшті маған ұнады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер