Алматы облысы Балқаш ауданы
"Бөбек" балалар бақшасының
тәрбиешісі Сауықбаева Гулбану
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «Ойна-да ойлан!»
Түсіндірме жазба
Кіріспе
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.
Бағыты: жаратылыстану-математика
Жаңалығы: Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін баланың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша бағдарлама.
Өзектілігі: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігі» (ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан)
Ерекшілігі: Дидактикалық ойындар балаларды бақылау, салыстыруды үйретеді; зейін, ой, ес, шапшаң т.б. психикалық сапаларды, тапқырлық, зеректік, есептеу т.б. математикалық қабілеттерін дамытады; баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Педагогикалық мақсатқа лайықтылығы. Бұл авторлық бағдарлама мектепке дейінгі жастағы, қоршаған ортасын жаңа танып келе жатқан, балаларды қарапайым математикалық түсініктермен, қоршаған орта және айналамен таныстыруға арналған. Бағдарламада жоспарланған тақырыптар балаларды алған білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдеріне белсенді қатысу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның басты мақсаттары: Дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды қарапайым математикалық түсініктермен, қоршаған орта және айналамен таныстыру; жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Мектепке дейінгілерді заттың түсімен, пішінімен, көлемімен таныстыру, заттардың сипаттамалық белгілерін қабылдауды жетілдіруге бағытталған дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесін құру.
— Балалардың сөздігін толықтыру, дыбысты дұрыс айтуларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді, өз ойын дұрыс айта білуді дамыту;
— Қоршаған заттарға ұқыпты қарау; мінез-құлық ережесі туралы, ересектер және құрдастарымен өзара қатынас туралы, жеке тұлғаның жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік түсініктерін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі математиканы оқытудың стратегиялары:
1. Математика негіздерін практикада қолдану арқылы бүлдіршіндердің іс-әрекетін ұйымдастыру;
2. Түсіндіру, идеяларымен таныстыру, диалогтарға қатыстыру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау барысында коммуникативтік дағдыларын дамыту; өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
3. Өзіндік іс-әрекетін, топтық жұмыс, оның барысында бірін-бірі үйретуды ұйымдастыру:
4. Математиканы негіздерін үйретуде балалардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту.
Күтетін нәтиже: Балалар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін дамытады; коммуникативтік дағдыларды, психикалық сапаларды, математикалық қабілеттерін дамытады; өз жұмысын талдауға және түзетуге үйренеді (рефлексия). Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді.
Тақырыптық жоспар
Сабақ реті |
Сабақ тақырыбы |
Vақсаты |
Құрал-жабдықтар |
Ойынның мазмұны |
Сағат саны |
||
Геометриялық пішінге арналған дидактикалық ойындар – 12 сағат. |
|||||||
1 |
«Дәл осындай пішінді тап» |
геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. |
бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. |
Алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. |
1 |
||
2 |
«Үйдің есігін жабайық»
|
заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан, жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. |
үйдің, есіктің суреттері.
|
Қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
|
1 |
||
3 |
«Үй құрылысының ретін көрсет» |
түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
|
баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. |
Үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну |
1 |
||
4 |
«Жұбын тап»
|
геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. |
әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері. |
Ггеометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
|
1 |
||
5 |
«Әдемі кілемшелер» |
бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. |
Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды |
1 |
||
6 |
«Таныс пішіндер доминосы» |
геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. |
пішіндер бейнеленген суреттер. |
Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді. |
1 |
||
7 |
«Зейінді бол» |
Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
|
Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.
|
Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен 1-ші /2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. |
1 |
||
8 |
«Мынау қай пішін?»
|
Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
|
Картоннан жасалған геометр. пішіндер 5 түрі |
Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. |
1 |
||
9 |
«Кім зейінді?» |
Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. |
Сіріңке қорабында таратпа геометр. пішіндер. |
Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады. |
1 |
||
10 |
«Қандай пішін шықты?»
|
Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
|
Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
|
Тәрбиеші үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты? |
1 |
||
11 |
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» |
Геометриялық пішіндерді танып, атай білугеүйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. |
Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
|
Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
|
1 |
||
12 |
«Қандай пішін жетіспейді?»
|
Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. |
Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)
|
Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады. |
1 |
||
Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар – 9 сағат. |
|||||||
13 |
«Доппен ойнау»
|
Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту |
доп.
|
1-нұсқау. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 2-нұсқау: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. |
1 |
||
14 |
«Кеңістік» |
балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. |
әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
|
Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Суреттерді таратып беру. Оларды орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. |
1 |
||
15 |
«Ойыншықты тап»
|
Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету |
Топтағы ойыншық.
|
Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. |
1 |
||
16 |
«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»
|
жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.
|
Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
|
Тақтаға бір баланы шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.
|
1 |
||
17 |
«Оң және сол»
|
Он және сол жақты, үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. |
үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
|
Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. |
1 |
||
18 |
«Танып ал да, атын ата» |
заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. |
әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. |
Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. |
1 |
||
19 |
«Тәулік бөліктері »
|
тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. |
суреттер
|
Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
|
1 |
||
20 |
«Сипаттамасы бойынша тап»
|
Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту |
Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
|
Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. |
1 |
||
21 |
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.
|
Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.
|
Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?» |
1 |
||
22 |
«Ойыншықты тап»
|
Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
|
Топтағы ойыншық.
|
Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. |
1 |
||
Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар – 11 сағат. |
|||||||
23 |
«Карточкаға қандай сан жазылған?» |
|
Суретті карточкалар. |
1-нұсқау: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді».Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді. 2-нұсқау: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады. |
1 |
||
24 |
«Сан құрастыр»
|
Санның құрамын пысықтау.
|
Суретті карточкалар.
|
Бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсету. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде – 1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде - 3 шаршы және с.с. |
1 |
||
25 |
«Поезд құрастыр» |
1-ді қосу таблицасын қайталату.
|
1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с. |
Карточкаларды балаларға таратып беру, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындау. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс. |
1 |
||
26 |
«Дыбыс арқылы санды тап»
|
Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
|
Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.
|
Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді. |
1 |
||
27 |
«Тез ойла»
|
заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету,шапшандыққа, тез ойлауға баулу. |
Топтағы заттармен.
|
Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
|
1 |
||
28 |
«Әрі қарай кері сана»
|
10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
|
Доп, сандық карточкалар.
|
санды көрсету, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады. |
1 |
||
29 |
«Жазылмай қалған сандарды ата» |
Сандардың реті туралы білімдерін бекіту; байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу; математикаға қызығушылығын арттыру.
|
15 дана сіріңке қорабындағы сандар. |
Сандар ретімен толық жазылмаған текшелер таратып беру. Мысалы: 1 3 6 8 9. Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды. |
1 |
||
30 |
«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»
|
Артық-кем ұғымдарын бекіту.
|
Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)
|
Сұрақтар қою: «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды. |
1 |
||
|
«Нешінші?»
|
«Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.
|
Топтағы 10 түрлі ойыншықтар |
Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. |
1 |
||
31 |
«Қол соғу»
|
Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
|
Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/ |
1-нұсқау: Тәрбиеші қол соғады, балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. Ойын екі-үш рет қайталанған соң қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады. |
1 |
||
32 |
«Өзара айырмашылығын тап» |
Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру. |
бала санына суреттер жинағы.
|
Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
|
1 |
||
33 |
«Керісінше айт»
|
Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. |
доп
|
Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді. |
1 |
||
34 |
«Апта күндері»
|
Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.
|
Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка |
Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, Карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. |
1 |
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Балалар журналы. «Балдырған», «Айгөлек»
2. Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар.
3. Амоношвили Ш.А. «Дидактикалық ойындар» .
4. Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу».Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет 13.
5. Бекжурсінова F. «Ойын - тиімді тәсіл». Бастауыш мектеп 2- 2000ж. 25бет.
6. Иманбекова Т. «Балалықтың қанына ойын азық» . Бастауыш мектеп 2-1999ж. 14бет.
7. Кішібаева Д. «Ұлттық ойындарды пайдалану». Бастауыш мектеп 2-2004ж.22бет.
8. Сағымбекова «Ойыннан оқуға». Бастауыш мектеп 3-2002ж. ЗЗбет.
9. Төлтаева «Ұлттық ойындарды пайдалану» Бастауыш мектеп 9-2002ж.24бет.
10. Төлекова «Білім берудің басты құралы - ойын» Бастауыш мектеп 4-2000ж.60бет.
11. «Қызықты 120 есеп», А.Оразов, 2001 ж
Әбіләз
Супер
Гуля
керемет