Мектеп: Свободный орта мектебі Мерзiм: 17.11.2017 № 11
Мұғалiм: Мұсатай Т.Ә. Сынып: 3 Оқушылар саны: _8_
Тақырып: Сіз деген – әдеп, біз деген - көмек. Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: шындықты айту, үлкендерге деген құрмет, батылдық.
Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға сыйластық, қамқорлық туралы түсініктерін кеңейте отыра, дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (әдістемелік құрал, интерактивтік тақта, үнтаспа, кітап) |
Сабақ барысы: 5 «Т» Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Үй тапсырмасын тексеру. Дәптердегі мерекелік кестені толтырып келу. |
Ескерту |
Дәйексөз. «Көп жүрген жер - көңілді, Көп еңбегі – өнімді»
|
Қыздар 1-рет Ұлдар 1-рет, бәрі қосылып 1-рет қайталайды. |
Бірлік Е. Өтетілеуов Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді. Мұғалімнің сыйы: «Бірліктің күші» мультфильм |
|
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Лашынға әке-шешесі жұмысқа кетерде: -Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел, -деп тапсырды. Лашын сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Лашынды ойнауға шақырды. Лашын әке-шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді.
Берекеден ............ кетпес.
Бірлігі .............ел озады. |
1.Топ. Жағдаяттарды сахналап көрсетіп, өз жауаптарын айтады.
2-топ. Мақал –мәтелдерді жалғастыра отырып үй макетін құрайды.
|
Топпен ән айту. Мен әдепті баламын. Б. Исаев А. Асанов Ойнап бал бұл жанамын, Кітап оқи аламын. Әке сөзін тыңдайтын, Мен әдепті баламын. Талпынамын тоймаймын, Талабымды жоймаймын. Ұлы мақсат шыңына, Шықпай әсте қоймаймын. Есейемін толамын, Қияға ұшып қонамын. Ойлау мұрат бүгіннен, Өскенде кім боламын. |
3 мин |
Үй тапсырмасы. Дәптердегі «Сіз», «біз» деген жылы сөз өлеңін оқып, түйген ойларыңды дәптерге жазып келіңдер. |
1 мин |
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Мұғалімнің сөзі:
көздеріңізді жұмып ой елегінен өткізіңіздер (көзді жұмып өздері сабақты іштей қорытындылайды). Сіздерге көп рахмет! Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар! |
Баяу әуен қосу. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі