Пән: дүниетану Мектеп: «Приречное ЖОББМ» КММ Күні: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам Сынып: 1 Мұғалім: Асайенова Алмагуль Ергазыевна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы |
Менің отбасым |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.2.Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Отбасындағы өзге мүшелерді атайды. Көптеген оқушылар: Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесін анықтайды. Кейбір оқушылар: Туыстық атауларды толығымен атап, жеті атаға кім болып келетінін түсіндіреді. |
Бағалау критерийлері |
* отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын ажыратады. |
Тілдік мақсаттар |
Басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра, үйдегі өзге мүшелерге қатысты туыстық байланыстар жүйесін айта алады. - Сенің отбасыңда неше адам бар? |
Құндылықтарды дарыту |
Әрбір отбасы мүшелері үшін отбасылық өмірдегі сыйластық, сүйіспеншіліктің маңыздылығы мен қажеттілігін қалыптастыру. Қарым-қатынас жасау қабілеті. |
Пәнаралық байланыстар |
Математика – отбасы мүшелері санын анықтағанда. Көркем еңбек – постер қорғауда және «Саялы бәйтерек» ағашына суреттерін жапсыруда. |
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, «Бармақтар отбасы» әні. |
Бастапқы білім |
Отбасы туралы ұғым бар. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы
1-5 мин
|
Психологиялық ахуал М: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Барлығы шаттық шеңберге шақырамын. Көтеріліп шаңырақ Уықтары шаншылар Керегелер керіліп Өрімдей боп өрілер Дөңгелене жүрсек біз Киіз үй болып көрінер М: Балалар біз ненің бейнесін жасадық? Б: Киіз үйдің М: Осы киіз үйдің күмбезін не деп атайды? Б: Шаңырақ М: Шаңырақ астында кімдер тұрады? Б: Адамдар, отбасылар т.б. |
Шаттық шеңбер
|
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 мин
5 мин
3 мин
6 мин
6 мин
5 мин
|
М: Бүгін біз қандай тақырыпты қозғаймыз деп ойлайсыздар? М: Жақсы балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» жайында. М: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырып көрейінші. Сендер мені мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысып көріңдер. «Жұмбақты ойлан» Маған да, саған да, Б: Ата, апа, ана, аға, іні. М: Өздерің көріп, тауып, анықтаған суреттелген атауларды кім дұрыс атай алады? Б: Отбасы мүшелері. М: Бұдан басқа тағы қандай отбасы мүшелерін білесіңдер? Ата апа аға ана Отбасы мүшелері іні бауыр сіңлі қарындас М: Осылардың барлығы бір сөзбен отбасы деп аталады. М: Енді осы отбасы мүшелерінің негізін құрайтын негізгі үш тірегі кімдер? О: Әке, ана, бала. М: Ендеше осы атаулар бойынша үш топқа бөлінеміз. Топтастыру І топ: «Әке» ІІ топ: «Ана» ІІІ топ: «Бала» 1 -тапсырма: Топтық жұмыс І топ: «Ойлар душы» тәсілі бойынша топта барлық мүшелер өз идеяларын жинақтап, суретпен сәйкестендіріп, себебін түсіндіреді. Дескриптор: - Әкенің суретін тауға сәйкестендірді. - Ананың суретін бұлаққа сәйкестендірді. - Баланың суретін шөпке сәйкестендірді. - Себебін түсіндірді? ІІ топ: «Балық қаңқасы» стратегиясы бойынша отбасы мүшелерін балықтың үстіне, ал балықтың астынғы жағына міндеттерінің суретін орналастыру. Дескиптор: - Отбасы мүшелерін балықтың үстіне орналастырады. - Балықтың астынғы жағына отбасының міндеттерінің суретін орналастырады. ІІІ топ: «Сәйкестендіру» тәсілі
Дескриптор: - сұраққа қатысты туыстық атауларды (нағашы әже) сәйкестендіреді. - сұраққа қатысты туыстық атауларды (әпке, сіңлі) сәйкестендіреді. - сұраққа қатысты туыстық атауларды (ата) сәйкестендіреді. - сұраққа қатысты туыстық атауларды (көке) сәйкестендіреді. - сұраққа қатысты туыстық атауларды (әпке) сәйкестендіреді. (Қ.Б) Әр топ бір–бірін өзара «Баспалдақ табысы» арқылы бағалайды. Сергіту сәті: «Бармақтар отбасы» Ж: 2-тапсырма: «Үш қадамдық сұхбат» тәсілі. Әрбір топтан екі оқушыдан шығып бір-бірімен өз отбасылары туралы диалогқа түседі. Дескриптор: - Өз отбасы туралы айтады. - Өзінің отбасында нешінші бала екенін айтады. - Отбасында неше адам бар екенін айтады. - Отбасындағы өз орны туралы айтады. - Диалогқа түседі. Қ.Б ауызша беріледі. Ө: 3- тапсырма: «Жеке ойлау уақыты» тәсілі арқылы «Шежіре ағашын» құрастыру. Балалар сендердің алдарында қима қағаздар тұр. Мен сендерге қазір сұрақ қоямын, алдарында жатқан қима қағаздан жауабын тауып көрейік. Оны ретімен орналастырып шығайық. - Әкеннің әкесі? - Ата - Атанның баласы? - Әке - Әкене сен кім боласың? - Бала - Сендер аталарыңа кімдер боласыңдар? - Немере - Балалар, сендер өсесіңдер, есейгенде сендердің балаларың аталарыңа кім болады? - Шөбере - Енді балалар осы орналастырған сөздерімізді оқып жіберейікші. - Не байқадық? Нені құрастырдық. - Осы ағашты жеті ата деп атайды екен. - Ал біз толық орналастыра алдық па? - Мүмкін, іштерінде білетіндерің бар шығар? Шөбереден кейін балалар шөпшек екен. Ал, шөпшектен кейін немене екен. Ал, енді біздің шежіре ағашымыз толығымен орналастырылды ма? (ҚБ) «Қол шапалақ» тәсілі арқылы бағаланады. |
Интербелсенді тақтадан отбасы мүшелеріне қатысты сөздерді шығару.
Интербелсенді тақтадан «Дұрыс (+), бұрыс (-) » тәсілі арқылы тексеру.
«Бармақтар отбасы» әні
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 мин
|
Қорытынды: «Мозайка» тәсілі бойынша киіз үйдің әрбір бөліктеріне сабақты қорытындылауға арналған ашық сұрақтар беріледі. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не? - «Отбасы» деген сөзді қалай түсіндік? - Сенің отбасыңда неше адам бар? - Өз отбасың туралы не айта аласың? - Отбасыңдағы өз орның қандай? - Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? - Отбасы мүшелерінің міндеттерін ата? Кері байланыс оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты беріледі. |
|
||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Қолдауды көп қажет ететін оқушылар. «Ойлан, тап!» суретпен сәйкестендіріп, неліктен екенін түсіндіру кезінде, сұрақ қою арқылы қолдау көрсету. «Қолдауды аз қажет ететін» «Жеке ойлау уақыт» тәсілі. Балалар жеті атаға кім болып келетінін түсіндіреді |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Топтық жұмыста әрбір топ «Баспалдақ табысы» арқылы бағаланады және отбасының мүшелері мен олардың міндеттері туралы білетін болады. Жеке жұмыста оқушылар бір-бірімен ашық сұрақтар арқылы диалогқа түседі. Қалыптастырушы бағалау ауызша беріледі. Өздік жұмыс кезінде «Жеке ойлау уақыты» тәсілінде арқылы «Шежіре ағашын» құрастырады. «Қол шапалақ» тәсілін қолданады.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. Сергіту сәті және белсенді іс-әрекет түрлері кезінде денсаулық сақтау элементтерін қолдану, қауіпсіздік шараларын ескеру. Баға қоюдағы академиялық әділдік, яғни, бір-бірін сын көзбен бағалауға тәрбиелеу |
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия - Сабақ мақсаттары дұрыс қойылды ма? - Кері байланыс тәсілдері тиімді пайдаланылды ма? Сабақты саралау дұрыс жүргізілді ме? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
|||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі