Кулумгарина Алтынгул Бекболатовна
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы
«Балауса»бөбекжай балалар бақшасы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының көп ұлтты мемлекет екендігі туралы түсінік беру. Балаларға достық туралы түсінік беру және біздің жерімізде әртүрлі ұлттар тұратынын, біз үлкен бірлігімізбен достығымыз жарасқан мықты ел екенімізді түсіндіру. Балаларды көп ұлтты халқымыздың тыныштығымен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасындағы халықтардың тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету. Сонымен қатар балалардың өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы, жаңа қырларын ашу және тәрбиешілермен ата-аналар бірлесіп, топтық сайс ұйымдастыру.
Көрнекілік құралдар: Қазақстан республикасының картасы, көрікті суреттер, әсем бұйымдармен өрнектелген шарлар.
Техникалық құралдар: Микрафон, күйтабақ, видио, слайд.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы.жылы шуағын шашып, мейірімді құшағын ашып, даламызға сұлу көктем келді. Көктем келді дегені-жер-ана шуаққа бөлегені.біз осы уақытты асыға күтеміз, себебі әр түрлу мерекелер көп. Соның бірі 1 мамыр-мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығымен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Бүгінгі біздің біз достығымызбен мықтымыз деп аталатын бақшаішілік тәрбиелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Жаса елім,жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма,қалма және тірліктен.
Елім менің-қазақстан отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен,
Тек достықпен, өзгеде ел-халықпен-деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтседе, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтың елін елім деп,жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейіпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Осыған орай өткізіліп отырған іс-шарамызда, тәрбиешілер ата-аналармен,балалармен бірлесе отырып, бес түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші.
1-топ. Қазақ ұлт өкілдері.
2-топ. Орыс ұлт өкілдері.
3-топ. Өзбек ұлт өкілдері.
4-топ. Татар ұлт өкілдері.
5-топ. Ұйғыр ұлт өкілдері.
Жүргізуші: Қара қылды қақ жарып,
Әділ сынды дәл айтқан.
Бағаларын береді,
Әділ қазы отырған,-дей келе әділ қазы алқасымен таныс болайық.
- Құрметті ата-аналар, ұжымдастар сайысымызды бастамас бұрын байқауымыздың шарттарымен танысып алайық.
Сайыскерлер бар өнерін салары анық,
Өнегелі, тәлімді алған қанып.
Ал, ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп-жарып.
1-шарт. Таныстыру.қатысушылар өздерін таныстырады.
2-шарт. Өнерлі-біз халықпыз.өз өнерлерін көрсетеді.
3-шарт. Көрініс. Әр ұлт салт-дәстүрін көрсетеді.
4-шарт. Адам-көркі шүберек. Сән үлгісін көрсету.
5-шарт. Ас адамның арқауы. Үй тапсырмасы.ұлттық тағамын әзірлеу.
6-шарт. Он саусақтан бал тамған. Қолөнер дайындау.
Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық,
Қандай сайыс болсада біз қашпайық.
Ал,енді халқым рұқсат етіңіздер,
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық
Сайыскерлер күтіп тұр,
Соларменен бір танысып алайық.
Жүргізуші: Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ қазақты.
Қарсы аламыз бәріміз,
Қазақ деген халықты.
Ортада қазақ ұлт өкілдері өздерінің таныстыруларымен.
Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз.
Қасымызға алып қап,
100 күндетіп тойлаймыз.-дей отырып ортадағы орыс ұлт өкілдерінің таныстыруын тамашалайық.
Жүргізуші: Ағайын,туыс бар адам,
Өзбек бізге өз ағам.
Бізге қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық.
-ө –дей келе, ортадағы өзбек ұлт өкілдерінің таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші: Татар елі тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.
Достығымыз ғасырларға жалғасқан,
Туған елімшарықтай бер, кемелден.
Келесі кезекте татар ұлт өкілдерінің таныстыруын тамашалайық.
Жүргізуші: Ақпыз, қара, сарымыз,
Әрбір елмен ұлттарда,
Достық, татулық сыйлаған,
Ұйғыр халқы ортада.
Ат, енді үйғыр ұлт өкілдері өздерінің таныстыруын жеткізеді.
Сайыскерлерімізге рахмет айта отырып, сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Жүргізуші: Жан дауысы кетер екен жазыла,
Өнер деген-таусылмайтын қазына.
Жан барма екен,тебіренбес,толқымас,
Әнмен жырдың, бимен күйдің сазына.-дей отыра өнерлі біз халықпыз атты келесі кезеңімізге береміз.
Ортада қазақтар қара жорға биімен. Келесі, орыс ханымдарының билеріне кезек берсек. Аал, өзбек ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетеді. Татар ұлт өкілдерінің әнін тамашалап, ұйғырдың жақсы бір әуенін тыңдайық.
Ал, сайыскерлеріміздің өнеріне тәнті болдық,бағасын әділ-қазыларымыз бере отырсын.
Жүргізуші: Елімізде қанша ұлт болсын,қанша салт болсын біздің достығымыз, бірлігіміз жарасқан.бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады дейді қазақ мақалында.бұл сөздің қаншалықты дұрыс екенін өмір көрсетіп отыр.
Мынадай бір аңыз бар: Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп,бұлай әуреленіп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындыруды ұсынады. Шыбықтар оп-оңай сынады. Сонда ақсақал қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал, жеке-жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайсысыңды біртіндеп құртады.-дейді.
Әрине, мұның бәрі шындық. Бірлігі жарасқан елдің достығы мықты, болашағы жарқын болады.
Жүргізуші: Дос байыса қыза түсер думаның,
Барлық ұлттың өкілдері жарасып.
Шаңырағы тұр биікпен таласып,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың-дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезек берейік.
Ортада бірінші болып қазақ ұлт өкілдері бесікке салу рәсімін көрсетсе, орыс, өзбек, татар, ұйғыр ұлт өілдеріде салт-дәстүрлерін ортаға салды.
Олай болса, әділ-қазылар өз бағаларын берсін.
Ақбота би тобының өнерін тамашалаңыздар.
Көркіне ақылы сай, парасаты,
Сұлуларға айда, күнде таласады.
Көрер көзді елітіп тамсандырар,
Әр ұлттың әсемдігі жарасады.
Сайысымыздың келесі кезеңі адам-көркі шүберек. Әр халық өз ұлттық киімдерімен сән үлгісін көрсетеді.
Жүргізуші: дастархан-ау, дастархан,
Берекелі дастархан,
Мерекелі дастархан-дей отырып ас-адамның арқауы атты сайысымыздың келесі кезеңі,ортаға әр ұлтты өздерінің ұллтық тағамдарымен шақырамыз.қазылар өз бағаларын бере отырсын.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңінеде келіп жеттік.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер-дегендей, он саусақтан бал тамған сайыскелерімізді ортаға шақырамыз.әр ұлт өздерінің ұлттық қолөнерін әділ-қазылапға тапсырады.қазылар қолөнердің бағасын береді.
Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір, біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ бейбітшілік ұран боп,
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.-дей келе сайсыскерлерімізге алғыс айта отырып, әділ-қазыларға сөз кезегін береміз
Қазылар өз бағаларын беріп, қатысушылар марапатталады.
Жүргізуші: Біздің еліміз ынтымағы жарасқан,бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көрсетіп келеді.
Сонымен, жеңімпаздарды құттықтай отыра, мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның елін ,жерін қорғайтын.
Өздеріңдей көп ұлтты елі бар-дей келе, барлықтарыңызға алғысым шексіз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар…
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі