Алматы облысы
Балқаш ауданы
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Жуманова Динара Жумадиловна
«Математика сиқыры» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға арналған авторлық бағдарлама (балабақша педагогтарға арналған бағдарлама)
Түсінік хат
Балабақшаның ортаңғы тобына арналған қарапайым математикалық түсініктерді дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алдынғы топтарда алған білімдерін жалпылау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету қаралған.
Балалар сан, пішін туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, тиісті амалдарды меңгеру ортаңғы тобындағы балалардың көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін, ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.
Бұл бағдарлама балабақшадағы ортаңғы топтарындағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет.
Бағдарламада кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, сызықтар, қазақ халқында жиі қолданылатын сандар, сандар қатары, математикалық ертегі логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар, есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сандар мен оларға қолданылатын амалдар, есептер және геометрия элементтері де қамтылған. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы баланың математикалық сауаттылығы артады.
«Математика сиқыры» курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, барлығы 36 сағатқа арналған. Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп жасалған.
Бағдарламаны оқыту төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Мақсаты:
Міндеттері:
р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Қолданылатын ойындар |
1 |
Кеңістікті бағдарлау |
1 |
«Суретшілер» ойыны |
2 |
Заттарды санау |
1 |
«Ненің қайда орналасқанын тап» ойыны |
3 |
Уақыт арқылы бағдарлау |
1 |
«Кешкі саяхат» дидактикалық ойыны |
4 |
Сызықтар |
1 |
«Ұлудың жолы» ойыны, «Нүктелер достығы» ертегісі |
5 |
Сандар сыры |
1 |
«Орнын тап!» ойыны |
6 |
Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар |
1 |
«Жоқ санды тап» ойыны |
7 |
Үштік , жетілік |
2 |
«Кім көп біледі?» ойыны |
8 |
Математикалық ертегілер |
2 |
«Цифрлар айтысы» ертегісі |
9 |
0 саны мен цифры |
1 |
«Шаршы ішінде тұрғандай» ойыны |
10 |
Ауыр, жеңіл |
2 |
«Ұшты, ұшты» ойыны |
11 |
Салыстыру |
2 |
«Ғажайып қапшық» ойыны |
12 |
Жоғарыда,төменде |
2 |
«Математикалық жорықтар» ойыны |
13 |
Сандар 0-10 |
2 |
«Вагондардың ретін ата» ойыны |
14 |
Дидактикалық ойындар |
1 |
«Жасырынбақ» ойыны |
15 |
Геометриялық фигуралар |
2 |
«Геометриялық мозаика» ойыны |
16 |
Биік-аласа |
1 |
«Не жоқ?»ойыны |
17 |
Қызықты жаттығулар |
1 |
«Танграм» ойыны |
18 |
Үлкен, кіші |
2 |
«Жоғалған санды тап» ойыны |
19 |
1 – 10 көлемінде санау |
1 |
«Дүкен» ойын |
20 |
Логикалық тапсырмалар |
1 |
«Қандай зат екенін тап» ойыны |
21 |
1 – ден 10 – сандарды тура және кері санау |
2 |
«Көршісін тап» ойыны |
22 |
Математикалық жұмбақтар |
2 |
«Ойыншықты тап» ойыны |
23 |
Математикалық санамақтар |
2 |
«Құпия» ойыны |
24 |
Өтілген материалдарды қайталау |
2 |
«Әрі қара, сана» ойыны |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Алматыкітап баспасы.2012жыл
2. Ұ.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. Алматы 1997жыл
3. А.Құралұлы. Ұлттық дүниетаным 2002жыл
4. Б.М.Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. Алматы 1998жыл
5. «Ойнайық та ойлайық». Алматы 1996 жыл
6. А .Е. Әбілқасымова, С.Қ.Төлеубаева «Математика сабағында ұлттық ойындар мен түрлі жанрларды қолдану» Астана 2005жыл
7. Метлина Л. С Математика в детском саду.198
8. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. – М 1992
Майра
Қалай жүктеп алуға болады?
Ерік
Копи - паст
айша
Калай алуға болады
айша
Калай оқимыз толық нускасын
Ләззат
Толық іс жоспары мен керек
Ләззат
Тамаша жазылған екен көмектесіп жіберсеңіздер сіздер мен қалай хабарласуға болады қалай алсақ болады зəру болып тұр
Асет
Сәлеметсізбе! "Сиқырлы математика" тех карталары барма?
Толық нұсқасын алуға болама. Маған өте ұнады
Айнур
Сыйқырлы математиканың тез карталарын қайдан алуға болады Өтініш
надежда
толық қмж мен керек еді