Алматы облысы
Балқаш ауданы
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Қожабекова Қарлығаш Қыдырбекқызы
Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық
Тақырыбы: Бұршақты көйлек
Мақсаты: Кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балардың көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың қызығушылығын арттыра отырып, тілін дамыту. Шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Тоғжан есімді қуыршақ.
Сөздік жұмыс: киім
| Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | 
| Ұйымдастырушылық-оятушылық | Шаттық шеңбері, Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ән саламыз күнде біз. Шаттық толы іргеміз, Біз мәңгілік достармыз. Біз мәңгіге біргеміз. | Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды. | 
| Ұйымдастырушылық-ізденушілік | - Балалар, бүгін бізге қонаққа Тоғжан қонаққа келді. Бірақ Тоғжанның көңіл-күйі жоқ екен. Себебі: көк көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты. - Сендер тоғжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме? - Тоғжанның көйлегінің түсі қандай? Сөздік жұмыс:киім - Бұршақтардың пішіні қандай? - Бұршағының түсі қандай? - Балалар,Тоғжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық. Дөңгелек бұрыштарды Тоғжанның көк көйлегінің жеңдеріне,кеудесіне,етектеріне жапсырамыз.Тоғжан қуанып қалды. Билингвальді компонент: көйлек-платье бұршақ-горошек Сергіту сәті. Тәрбиеші балалармен өзіндік жұмыс жүргізеді.Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қоямын,қорытамын. | - Иә, көмектесеміз. 
 Қайталайды:киім 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қайталайды:көйлек-платье,бұршақ-горошек 
 
 Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен біріге отырып қайталап айтады,қозғалыстар жасайды. | 
| Рефлекстік-түзету | - Балалар, біз бүгін не істедік? - Бұршақтың түсі қандай? - Балалар Тоғжанның сендерге алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет. Тоғжан балалармен қоштасады. | - Тоғжанның көңілін көтеруге көмектестік. - Көйлегіне бұршақ жапсырдық. - Көк, ақ. - Балалар Тоғжанмен қоштасады. | 
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыру;
Нені игереді: Досына қиын кезде қол ұшын беруді.
Нені білді: Ретін сақтай отырып, ұқыпты жапсыра білуді.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі