Алматы облысы
Балқаш ауданы
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Жуманова Динара Жумадиловна
Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Жоғарыда-төменде. Логикалық тапсырмалар.
Мақсаты: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыру, жоғарыда-төменде ұғымын ұғындыру,
Көрнекілік: доптар, суреттер
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық-оятушылық |
Жылулық шеңбері Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,бір-біріне жылы сөздер айтқызу. |
Сәлемдеседі, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Рефлексивтік-түзету |
1.Ғажайып сәт"Доптар" -Балалар менің себетімде не барына қараңдаршы(себеттен доптарды алып,баларға таратып беремін) 2."Жоғарыда-төменде" ойыны Балалар допты жоғары,содан кейін төмен лақтырады. 3.Жұмбақпен жұмыс. Әр өрнегі мінемін, Өрге қарсы жүремін. Басқан сайын қадамды, Ұстап келем білегін. Жауабы:саты Көрнекіліктен сатыны табуды ұсынамын. 4.Сұрақ-жауап әдісі: -Сатының жоғарғы жағында кім тұр? -Сатының төменгі жағында кім тұр? -Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек? -Сонда ол қай жерде болады? -Бала сатының төменгі жағында болу үшін не істеу керек? -Сонда ол қай жерде болады? 5.Сөздік жұмыс. Жоғарыда-вверху Төменде-внизу 6.Сергіту минуты. "Жаттығу" 7."Ұшты-ұшты"ойыны -Балалардан ұшатын-ұшпайтын заттардыңатауын атауды сұраймын.Мысалы:(ұшақ,доп,қасық,торғай)
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау. Жұлдызшамен әр баланы мадақтау.
|
Қызығушылық танытады. Тәрбиеші айтуы бойынша балалар допты төмен және жоғары лақтырады. Жұмбақтың жауабын шешеді.
Ұл бала
Қыз бала
Жоғары көтерілуі керек. Төмен тусуі керек.
Балалар сөздерді қайталайды.
Балалар ұшатын зат айтылса қлдарын жоғары көтерді,ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді.
|
Нені білуі керек:кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді;
Нені игереді:заттар жоғарыда, төменде орналасатынын;
Нені біледі:жоғарыда-төменде болатын заттарды салыстыруды біледі;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі