Өлең, жыр, ақындар

Экономик біздің өмірімізде

Қызылорда қаласы №8 мектеп-интернат
Тәрбиеші Аяпова Раушан 

 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеп, өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ–жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақша тақырыбына арналған карточкалар.

Сабақтың барысы: – оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп балдардың назарын сабаққа аудару.

– сабақ мақсатын түсіндіріп , топқа бөлінген балаларды орнына отырғызу.

Сайыс жоспары: 

«Өнер білім бар – жұрттар» (мақал – мәтелдер жарысы) 

«Білім аукцоны» (әр топ сұраққа дұрыс жауап беріп, өз тобына ақша қорын жинайды.) 

«Отандық брендті бірге жасайық» (оқушылар өздері таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалары әдемі де, қимылдармен, өлеңдермен шығуы керек.)                          

I. Ұйымдастыру

Экономика материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Қоғамның тиімді дамуына жол ашатын ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі адамның өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қарапайым түрде экономика дегеніміз өзіміздің тұрмысымыз. Мысалы: базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз бәріне есептеу экономика. Экономиканы білмесек тұрмысымыз төмендей береді, ал егер жақсы білсек ол бізге пайда әкеледі. Экономика деген ұғым алғаш рет, біздің заманымызға дейінгі 4 ғасырда Аристотельдің еңбектерінде пайда болған.                                                                                                            

Балалар, сендер өмір сүріп жатқан әлемді көз алдарыңа елестетіңдер. Көп қабатты үйлер, кең көшелер, оның бойымен ағылып жатқан машиналары бар қалалар. Сан түрлі өнім шығаратын фабрикалар, зауыттар, шағын кәсіпорындар. Сендердің айналаларыңдағы адамдардың бәрі өз жұмыстарын орындап жүр. Бұл жерде экономикалық мағыналы сөзді қолданбай кету мүмкін емес, өздерің де білесіңдер.  

Салық, банк, пайда, тауар, бәсеке, экономика, ақша, кәсіпкер.

Балалар тапқан сөздерінің мағынасын түсіндіріп кетеді.

Сөз шектерін қосып, экономикалық терминдерді табу.                                                                                                          

3 минут уақытта қай топ көп экономикалық термин тапса , сол топқа жоғары балл беріледі.
Эко           уші                                                                                     
Пай           кер             
Сау           пания
Жар          ке
Мем         да
Өндір       ляция
Ком          юта
Бәсе        нама
Вал          нес
Та            лекет
Тұты        номика
Биз         нушы
Кәсіп         да

1. « Өнер білім бар жұрттар » мақал – мәтелдер
Жеті рет өлшеп .... (бір рет кес)
Есептей білгеннің...... (есесі кетпейді)
Судың да ......(сұрауы бар )
Теңге......( тиыннан құралады)
Көрпеңе қарай .....(көсіл)
Ақыл азбайды....( білім тозбайды)
Ақшаны табудын.....(шашу оңай)
Наданмен дос болғанша......(адаммен дос бол)

2. Пән бойынша сұрақ.
– Жануарларға ұқсас атым бар,
Балдарға көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын. (Жауабы: тышқан, компьютердің енгізу құралы)

Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, сырт – келбеті, түр –түсі , көзінің  түстері, бас сүйегі мен бет пішіні бір–бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі неде? (табиғат ерекшеліктеріне байлынысты)
– Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттің ақша белгісі қалай аталады? (валюта)                                                                                         

3. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануы
Аренда – жалға беру.
Бартер – зат пен затты ақшасыз айырбастау
Тұмсығы ұзын жануар – піл
Саудагер дегеніміз кім -  сауда саттық пен айналасатын адам
Перестройка – қайта құру
Презентация – тұсау кесер
Шөлге төзімді жануар – түйе
Контракт – келісім шарт

4. Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларына жарнама жасайды.

Қорытынды.

Экономика адамның өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.


Пікірлер (3)

Сержан

Адамдардың ең көп жасаитын қателіктері

Дания

Барлығы тамаша болды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз